Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi N 901 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 364-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу ережесiнде:
7-тармақтың 6) тармақшасындағы "кернеуi 220 кВ және одан жоғары таратушы қосалқы электр станциялары, энергия жүйелерiн басқарудың орталық диспетчерлiк пункттерi," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде:
"Ерекше маңызы бар мемлекеттiк объектiлер" деген 1-бөлiмде:
"Кернеуi 220 кВ және одан жоғары таратушы қосалқы электр станциялары, энергия жүйелерiн басқарудың орталық диспетчерлiк пункттерi, гидротехникалық құрылғылар, су қоймаларының жинағыштары" деген 4-бөлiмшеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Гидротехникалық құрылғылар, су қоймаларының жинағыштары";
реттiк нөмiрлерi 2, 3, 8, 9, 16, 17, 18, 21, 22, 25, 26, 34, 35, 36, 37, 56, 57, 70, 93, 94, 95, 96, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 112, 113, 116, 120, 121 жолдар алынып тасталсын;
"Барлығы 43 объект" деген жолдағы "43 объект" деген сөздер "10 объект" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген Тiзбеге кестеде:
"Ерекше маңызы бар мемлекеттiк объектiлер" деген 1-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"Бөлiм" деген бағанда "Кернеуi 220 кВ және одан жоғары таратушы қосалқы электр станциялары, энергия жүйелерiн басқарудың орталық диспетчерлiк пункттерi," деген сөздер алынып тасталсын;
"саны" деген бағандағы "43" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
"өзге де" деген бағандағы "36" деген сандар "3" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиынтығы" деген жолда:
"саны" деген бағандағы "985" деген сандар "952" деген сандармен ауыстырылсын;
"өзге де" деген бағандағы "99" деген сандар "66" деген сандармен ауыстырылсын;
"Тiзбе бойынша барлығы" деген жолда:
"саны" деген бағандағы "1250" деген сандар "1217" деген сандармен ауыстырылсын;
"өзге де" деген бағандағы "240" деген сандар "207" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі