Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi N 901 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 225 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 563 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 қыркүйектегi N 901  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 364-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi белгiлеу ережесiнде:
      7-тармақтың 6) тармақшасындағы "кернеуi 220 кВ және одан жоғары таратушы қосалқы электр станциялары, энергия жүйелерiн басқарудың орталық диспетчерлiк пункттерi," деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлерiнiң тiзбесiнде:
      "Ерекше маңызы бар мемлекеттiк объектiлер" деген 1-бөлiмде:
      "Кернеуi 220 кВ және одан жоғары таратушы қосалқы электр станциялары, энергия жүйелерiн басқарудың орталық диспетчерлiк пункттерi, гидротехникалық құрылғылар, су қоймаларының жинағыштары" деген 4-бөлiмшеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Гидротехникалық құрылғылар, су қоймаларының жинағыштары";
      реттiк нөмiрлерi 2, 3, 8, 9, 16, 17, 18, 21, 22, 25, 26, 34, 35, 36, 37, 56, 57, 70, 93, 94, 95, 96, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 112, 113, 116, 120, 121 жолдар алынып тасталсын;
      "Барлығы 43 объект" деген жолдағы "43 объект" деген сөздер "10 объект" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Тiзбеге кестеде:
      "Ерекше маңызы бар мемлекеттiк объектiлер" деген 1-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 4-жолда:
      "Бөлiм" деген бағанда "Кернеуi 220 кВ және одан жоғары таратушы қосалқы электр станциялары, энергия жүйелерiн басқарудың орталық диспетчерлiк пункттерi," деген сөздер алынып тасталсын;
      "саны" деген бағандағы "43" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
      "өзге де" деген бағандағы "36" деген сандар "3" деген санмен ауыстырылсын;
      "Жиынтығы" деген жолда:
      "саны" деген бағандағы "985" деген сандар "952" деген сандармен ауыстырылсын;
      "өзге де" деген бағандағы "99" деген сандар "66" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Тiзбе бойынша барлығы" деген жолда:
      "саны" деген бағандағы "1250" деген сандар "1217" деген сандармен ауыстырылсын;
      "өзге де" деген бағандағы "240" деген сандар "207" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады