1. "2006 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 ақпандағы N 101
қаулысына
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "11120 (он бiр мың бiр жүз жиырма) теңге баға бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 558308 (бес жүз елу сегiз мың үш жүз сегiз)" деген сөздер "12350 (он екi мың үш жүз елу) теңге баға бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 502703 (бес жүз екі мың жеті жүз үш)" деген сөздермен ауыстырылсын.