2006 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 ақпандағы N 101 Қаулысы

      Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық мәнi бар астық нарығын жедел реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2006 жылғы егiннiң азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығын мемлекеттiк астық ресурстарына мемлекеттiк сатып алу көлемi есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор жеткiзу шартымен 12350 (он екi мың үш жүз елу) теңге баға бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 502703 (бес жүз екі мың жеті жүз үш) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн. Бұл ретте:
      көктемгi-жазғы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға арналған сома 3892000000 (үш миллиард сегiз жүз тоқсан екi миллион) теңге мөлшерiнде белгiленедi;
      күзгi-қысқы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға арналған сома 2316382000 (екi миллиард үш жүз он алты миллион үш жүз сексен екi мың) теңге мөлшерiнде белгiленедi.
      Көктемгi-жазғы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгi-қысқы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.04. N  232  қаулысымен.

      2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамына кредит ресурстарын тарту есебiнен 2000000 (екi миллион) тоннаға дейiнгi көлемде бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының астығын қосымша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады