Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң шекараларында кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тәртiбiн оңайлату туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң шекараларында кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тәртiбiн оңайлату туралы келісім жасалсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге
қатысушы мемлекеттердiң шекараларында кедендiк ресiмдеу
мен кедендiк бақылау тәртiбiн оңайлату туралы
келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi,
халықаралық саудадағы жалпыға бiрдей нормалар мен ережелердi басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмде аумағында тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетiнiң кеден заңнамасында айқындалған терминдер қолданылады.
2-бап
Осы Келiсiм мыналарға қолданылмайды:
үшiншi елдердiң аумағынан шыққан тауарларға;
кедендiк баждар мен салықтар салынатын және/немесе сандық шектеулер мен экономикалық сипаттағы өзге де тыйымдар мен шектеулер қолданылатын тауарларға;
жеке тұлғалар өткiзетiн және өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларға, сондай-ақ жеке заттарға.
3-бап
Кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың оңайлатылған тәртiбi мыналарды қамтиды:
кедендiк бақылаудың Тарап мемлекетiнiң кеден заңнамасын сақтау үшiн жеткiлiктi және тәуекелдердi басқаруды талдау жүйесiне негiзделген нысандарын қолдануды;
егер, Тарап мемлекетiнiң заңнамасында өзгеше белгiленбесе, тауарларды декларант таңдап алған нысанда декларациялауды.
4-бап
Тараптар кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау тәртiбiн одан әрi оңайлатуға мынадай жолмен ұмтылады:
Тараптар мемлекеттерінiң кеден органдарымен бiрлескен кедендiк бақылау жүргiзу;
ресми арналар арқылы алдын ала алынған кеден мақсаттары үшiн қажеттi ақпараттың негiзiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзу;
кеден мақсаттары үшiн қажеттi сұрау салынатын құжаттардың және/немесе мәлiметтердің санын қысқарту;
Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралары арқылы өткiзу пункттерiнде тауарларды кедендiк ресiмдеу мүмкiндiгiн беру;
қолданылатын кедендiк рәсiмдердi бiрiздендiру жөнiндегi шаралар қабылдау.
5-бап
Тараптардың кез келгенi өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес осы Келiсiмде белгiленгеннен неғұрлым жеңiлдетiлген тәртiптi белгiлей алады.
6-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе iске асыруға байланысты даулар консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi.
7-бап
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
8-бап
Осы Келiсiм Тараптардың мемлекеттерi қатысушысы болып табылатын үшiншi елдермен жасалған басқа халықаралық шарттардың ережелерiн қозғамайды.
9-бап
Осы Келiсiм оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн және 2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қосылған үшiншi мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Кез келген мемлекет Тараптардың жазбаша келiсiмiмен осы Келiсiмге қосыла алады.
Қосылатын мемлекет үшiн осы Келiсiм Депозитарий қосылу құралын алған күнiнен бастап күшiне енедi.
10-бап
Осы Келiсiм Депозитарий оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердiң орындалғандығы туралы соңғы хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Кез келген Тарап Депозитарийге тиiстi жазбаша хабарлама жолдай отырып, өзiнiң осы Келiсiмге қатысуын тоқтата алады. Мұндай Тарап үшiн осы Келiсiмнiң қолданылуы Депозитарий жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап 12 ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
Тараптардың бiрi осы Келiсiмнен шыққан жағдайда, егер Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, оның қолданылуы аталған Тарап осы Келiсiмнiң қолданылу кезеңiнде осы Тарап үшiн туындаған қаржылық және өзге де мiндеттемелердi толық реттегенге дейiн жалғасады.
200 ___ жылғы "___" _________ ________ қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Депозитарий болып табылатын Беларусь Республикасының Үкiметiнде сақталады.
Депозитарий Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының
Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының
Үкiметi үшiн
Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн
Украина Министрлер
Кабинетi үшiн