Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2006 жылғы мамырда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Демалыс күні 2006 жылғы 6 мамыр сенбіден 2006 жылғы 8 мамыр дүйсенбіге ауыстырылсын.
2. Қажетті өнімді шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылым объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2006 жылғы 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі