Демалыс күнін ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 277 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2006 жылғы мамырда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Демалыс күні 2006 жылғы 6 мамыр сенбіден 2006 жылғы 8 мамыр дүйсенбіге ауыстырылсын.

      2. Қажетті өнімді шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылым объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2006 жылғы 8 мамырда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады