Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 6 наурыздағы Заңына өзгерiстер енгiзу туралы
1-бап.
"Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қарыз алушы - микрокредиттiк ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;";
3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Микрокредиттiк ұйым, бiр қарыз алушыға арнап Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерден аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.";
9-баптың 2-тармағындағы "шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын" деген сөздерi алынып тасталсын;
15-баптың 3-тармағы 6) тармақшасы алынып тасталсын.
2-бап.
Осы Заң ол алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi