"Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 300 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

      Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 6 наурыздағы Заңына өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап.  "Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) қарыз алушы - микрокредиттiк ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;";
      3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Микрокредиттiк ұйым, бiр қарыз алушыға арнап Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерден аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.";
      9-баптың 2-тармағындағы "шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын" деген сөздерi алынып тасталсын;
      15-баптың 3-тармағы 6) тармақшасы алынып тасталсын.
       2-бап.  Осы Заң ол алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады