Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 306 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақта:
      "Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға;";
      "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қасымбек Жеңiс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;";
      "Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы;" деген жол алынып тасталсын;
      "Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;";
      "Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;" деген жол алынып тасталсын;
      "Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi" деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2002 года N 1051

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2006 года N 306. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2009 года N 598

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.04.2009 N 598.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2002 года N 1051 "О составах советов директоров некоторых акционерных обществ - национальных компаний и о внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 32, ст. 341) следующие изменения и дополнения:
      в приложении 1 к указанному постановлению:
      в пункте 1:
      строку "Киинов Ляззат Кетебаевич - вице-министр энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, председатель;" изложить в следующей редакции:
      "Джаксыбеков Адильбек Рыскельдинович - Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан, председатель;";
      строку "Лавриненко Юрий Иванович - вице-министр транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;" изложить в следующей редакции:
      "Касымбек Женис Махмудулы - вице-министр транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;";
      строку "Искаков Марлен Нурахметович - председатель Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан;" исключить;
      строку "Айтекенов Кайрат Медыбаевич - вице-министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан;" изложить в следующей редакции:
      "Кусаинов Марат Апсеметович - вице-министр экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан;";
      строку "Раханов Максутбек Смагулович - председатель Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан;" исключить;
      перед строкой "Карабалин Узакпай Сулейменович - президент АО "Национальная компания "КазМунайГаз" дополнить строками следующего содержания:
      "Акчулаков Болат Уралович - вице-министр энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан;
      Елемесов Аскар Раушанович - вице-министр финансов Республики Казахстан;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан