Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақта:
"Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға;";
"Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қасымбек Жеңiс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;";
"Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы;" деген жол алынып тасталсын;
"Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;";
"Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;" деген жол алынып тасталсын;
"Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi" деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі