Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiнде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 325 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 24 қаулысымен бекiтiлген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3-бөлiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Комиссия туралы ереже;
      2) Комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 25 сәуiрдегi
N 325 қаулысымен 
бекiтiлген   

Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi
комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) шетелде тұратын қазақ диаспорасының өмiрiне және қызметiне байланысты проблемаларды зерделеу;
      2) шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауға жәрдем көрсету;
      3) шетелде тұратын отандастарды қолдау процесiнде туындайтын мәселелердi шешуде мемлекеттiк органдарға консультативтiк көмек көрсету;
      4) қазақ диаспорасының ұлттық-мәдени қажеттiлiктi қанағаттандыру саласындағы құқықтарын бұзу фактiлерiне мониторинг жүргiзу.

      4. Жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында Комиссия мынадай функцияларды орындайды:
      1) шетелдегi қазақ диаспораларымен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) шетелде тұратын отандастармен әлеуметтiк-мәдени байланыстарды дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      3) шетелде тұратын отандастармен экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi;
      4) мемлекеттiк органдарға талдамалық, әдiстемелiк және өзге де материалдарды қарау үшiн жiбередi;
      5) шетелде тұратын отандастардың ғылыми, мәдени және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынастарды қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.

      5. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссия қызметiне байланысты материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) Комиссия мен мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.

      7. Комиссияның жетекшiсi оның қызметiне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.

      9. Комиссияның отырыстары қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде жылына екi рет өткiзiледi және егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.

      10. Комиссияның шешiмдерi хаттама түрiнде ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.

      11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетi болып табылады.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 25 сәуiрдегi  
N 325 қаулысымен     
бекiтiлген       

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.04 N 897, 2008.06.11 N 577, 2008.12.31. N 1338, 2009.11.13 N 1834 Қаулыларымен.

Шетелде тұратын отандастардың iстерi
жөнiндегi комиссияның құрамы

Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы              және ақпарат министрі, төраға

Төлебаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы            және ақпарат вице-министрі, төрағаның
                             орынбасары
 

Алпысбаев                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Төлеубек Жұмагелдіұлы        ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
                             нормативтік-лингвистикалық проблемалар
                             басқармасының бастығы, хатшы

Ақылбай Серiк              - Қазақстан Республикасы Парламентi
Байсейiтұлы                  Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Әбдіғалиев                 - "Мемлекеттік тілді дамыту қорының"
Берік Бақытұлы               директоры

Әбішев                     - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Хабылсаят Әзімбайұлы         халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                             Көші-қон комитетінің төрағасы

Қоңырбаев                  - Қазақстан Республикасының
Уәлихан Сиянбекұлы           Парламенті Мәжілісінің депутаты
                             (келісім бойынша)

Қалижанұлы                 - Қазақстан Республикасы Парламентi
Уәлихан                      Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Мамашев                    - Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының
Талғат Асылұлы               Төралқа төрағасының бiрiншi орынбасары
                             (келiсiм бойынша)

Мұхамеджанов               - Қазақстан Республикасының
Төлеген Мұхамеджанұлы        Парламенті Сенатының депутаты
                             (келісім бойынша)

Тiлеухан                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Бекболат Қанайұлы            Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
 
Жалмағамбетова             - Қазақстан Республикасының
Светлана Жақиянқызы          Парламенті Сенатының депутаты
                             (келісім бойынша)

Есім                       - Қазақстан Республикасының
Ғарифолла                    Парламенті Сенатының депутаты
                             (келісім бойынша)

Шаймерден                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ербол Шаймерденұлы           және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
                             төрағасы

Қуанғанов                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы           министрлігінің жауапты хатшысы

Жошыбаев                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы            министрлігінің жауапты хатшысы

Құрманғалиева              - Қазақстан Республикасының Экономика
Аида Дәденқызы               және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                             Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің
                             директоры

Об образовании Комиссии по делам соотечественников, проживающих за рубежом

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2006 года N 325. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2010 года N 453

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.05.2010 № 453.

      Во исполнение пункта 3 раздела 3 Плана мероприятий по реализации Государственной программы поддержки соотечественников, проживающих за рубежом, на 2005-2007 годы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 января 2006 года N 24, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Образовать Комиссию по делам соотечественников, проживающих за рубежом (далее - Комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:
      1) Положение о Комиссии;
      2) состав Комиссии.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждено         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 25 апреля 2006 года   
N 325             

Положение
о Комиссии по делам соотечественников,
проживающих за рубежом

1. Общие положения

      1. Комиссия по делам соотечественников, проживающих за рубежом, является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами и настоящим Положением.

2. Задачи, функции и права Комиссии

      3. Основными задачами Комиссии являются:
      1) изучение проблем, связанных с жизнью и деятельностью казахских диаспор, проживающих за рубежом;
      2) оказание содействия в создании необходимых условий для развития и укрепления всесторонних связей с соотечественниками, проживающими за рубежом;
      3) оказание консультативной помощи государственным органам в решении вопросов, возникающих в процессе поддержки соотечественников, проживающих за рубежом;
      4) проведение мониторинга фактов нарушения прав казахской диаспоры в области удовлетворения национально-культурных потребностей.

      4. В целях реализации возложенных задач Комиссия выполняет следующие функции:
      1) вырабатывает предложения по усовершенствованию нормативной правовой базы по вопросам взаимодействия с казахскими диаспорами за рубежом;
      2) вырабатывает предложения по созданию благоприятных условий для развития социально-культурных связей с соотечественниками, проживающими за рубежом;
      3) вырабатывает рекомендации по укреплению и расширению экономических связей с соотечественниками, проживающими за рубежом;
      4) направляет аналитические, методические и иные материалы в государственные органы для рассмотрения;
      5) вырабатывает предложения по поддержанию постоянных отношений с научными, культурными и творческими организациями соотечественников, проживающих за рубежом.

      5. Комиссия в установленном законодательством порядке для осуществления своих задач и функций имеет право:
      1) запрашивать и получать от государственных органов и иных организаций материалы и документы, связанные с деятельностью Комиссии;
      2) приглашать и заслушивать на заседаниях Комиссии представителей государственных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;
      3) вносить предложения в Правительство Республики Казахстан по вопросам входящим в его компетенцию;
      4) осуществлять иные полномочия, связанные с принятием мер по обеспечению взаимодействия Комиссии и государственных органов, организаций.

3. Организация работы Комиссии

      6. Комиссию возглавляет председатель.

      7. Председатель руководит деятельностью Комиссии, председательствует на заседаниях, планирует работу, осуществляет общий контроль над реализацией решений и несет ответственность за деятельности осуществляемую Комиссией. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      8. Секретарь Комисии готовит предложения по повестке дня заседания комиссии, необходимые документы, материалы и оформляет протоколы после его проведения.

      9. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже чем два раза в год, и считаются правомочными, если на них присутствует не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      10. Решения Комиссии оформляются в виде протокола и носят рекомендательный характер.

      11. Рабочим органом Комиссии является Комитет по языкам Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Утвержден           
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 25 апреля 2006 года N 325

Состав Комиссии
по делам соотечественников, проживающих за рубежом

      Сноска. Состав с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 04.10.2007 N 897; от 11.06.2008 N 577; от 31.12.2008 N 1338; от 13.11.2009 № 1834.

Кул-Мухаммед            - Министр культуры и информации
Мухтар Абрарулы           Республики Казахстан, председатель

Телебаев                - вице-министр культуры и информации
Газиз Турысбекович        Республики Казахстан, заместитель
                          председателя
 
Алпысбаев Толеубек      - начальник управления
Жумагельдинович           нормативно-лингвистических проблем
                          Комитета по языкам Министерства культуры
                          и информации Республики Казахстан,
                          секретарь

Абишев                  - председатель Комитета по миграции
Хабылсаят Азимбаевич      Министерства труда и социальной
                          защиты населения Республики Казахстан

Абдыгалиев              - директор "Фонда развития
Берик Бахытович           государственного языка

Шаймерден               - председатель Комитета по языкам
Ербол Шаймерденулы        Министерства культуры и информации
                          Республики Казахстан

Акылбай                 - депутат Сената Парламента Республики
Серик Байсеитулы          Казахстан (по согласованию)

Конурбаев               - депутат Мажилиса Парламента
Валихан Сиянбекович       Республики Казахстан (по согласованию)

Калижанулы Уалихан      - депутат Мажилиса Парламента Республики
                          Казахстан (по согласованию)

Мамашев                 - первый заместитель председателя
Талгат Асылович           Президиума Всемирной ассоциации казахов
                          (по согласованию)

Мухамеджанов            - депутат Сената Парламента
Толеген Мухамеджанулы     Республики Казахстан
                          (по согласованию)

Тлеухан                 - депутат Мажилиса Парламента Республики
Бекболат Канайулы         Казахстан (по согласованию)

Жалмагамбетова          - депутат Сената Парламента
Светлана Жакияновна       Республики Казахстан (по согласованию)

Есим                    - депутат Сената Парламента
Гарифолла                 Республики Казахстан (по согласованию)

Куанганов               - ответственный секретарь Министерства
Фархад Шаймуратович       образования и науки Республики Казахстан

Жошыбаев                - ответственный секретарь
Рапиль Сейтханович        Министерства иностранных дел
                          Республики Казахстан

Курмангалиева           - директор Департамента развития
Аида Даденовна            социальной сферы Министерства
                          экономики и бюджетного
                          планирования Республики Казахстан