Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 2.2.7-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi