"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Республикалық меншiктегi теңгерiмдiк құны 17685539 (он жетi миллион алты жүз сексен бес мың бес жүз отыз тоғыз) теңге Астана қаласы, N 5 шағын аудан мекен-жайы бойынша орналасқан N 20 тұрғын үйдiң трансформаторлы қосалқы станциясының ғимараты қуатты жабдықтары мен 10 кВ және 0,4 кВ кернеулi кәбiлдiк желiлерiмен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң теңгерiмiнен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi