N 20 тұрғын үйдiң трансформаторлы қосалқы станциясының ғимаратын қуатты жабдықтарымен және 10 кВ және 0,4 кВ кернеулi кәбiлдiк желiлерiмен бiрге республикалық меншiктен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 мамырдағы N 394 Қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Республикалық меншiктегi теңгерiмдiк құны 17685539 (он жетi миллион алты жүз сексен бес мың бес жүз отыз тоғыз) теңге Астана қаласы, N 5 шағын аудан мекен-жайы бойынша орналасқан N 20 тұрғын үйдiң трансформаторлы қосалқы станциясының ғимараты қуатты жабдықтары мен 10 кВ және 0,4 кВ кернеулi кәбiлдiк желiлерiмен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң теңгерiмiнен Астана қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Астана қаласының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

О передаче здания трансформаторной подстанции с силовым оборудованием и кабельных линий напряжением 10 кВ и 0,4 кВ жилого дома N 20 из республиканской собственности в коммунальную собственность города Астаны

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2006 года N 394

      В соответствии с  постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 81 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Передать с баланса Комитета национальной безопасности Республики Казахстан находящиеся в республиканской собственности здание трансформаторной подстанции с силовым оборудованием и кабельные линии напряжением 10 кВ и 0,4 кВ жилого дома N 20, расположенного по адресу: город Астана, микрорайон N 5, балансовой стоимостью 17685539 (семнадцать миллионов шестьсот восемьдесят пять тысяч пятьсот тридцать девять) тенге в коммунальную собственность города Астаны.
      2. Комитету национальной безопасности Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и акиматом города Астаны в установленном законодательством порядке осуществить необходимые организационные мероприятия по приему-передаче объектов, указанных в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан