"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы N 440 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                                                 жоба

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

       1-бап.  "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжат; 2006 ж. N 2, 22- құжат; 2006 жылғы 17 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай  толықтырулар және өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 3-бапта:
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақпен толықтырылсын:
      "стратегиялық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндiрушiлер - стратегиялық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірушi немесе оларды өндiрушiнiң атынан Қазақстан Республикасының  аумағына тiкелей сататын жеке және заңды тұлға;";
      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "17-1) стратегиялық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) - үлесiн шығындары  табиғи монополия субъектісiнің реттеліп көрсетiлетiн қызметiн (тауарын, жұмысын) сатып алуға арналған тарифте (бағада, алым ставкасында) немесе оның шектi деңгейінде және тарифте (бағада, алым ставкасында) немесе оның шекті деңгейінде және тарифтiк сметасында едәуiр үлесiн құрайтын тауарлар (жұмыстар, қызметтері);";
      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "18-1) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi - мынадай:
      жиырма Гкал/сағатқа дейiн жиынтықты белгiленген қуаттылықты қоса, жылыту қазандықтардан жылу энергиясын өндiру, беру тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөнiндегi;
      саны бiр жарым мың адамнан аз елдi мекеннiң тұтынушыларына су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiсi;";
      2) 4-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "уәкiлеттi органның" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-бапта:
      1 -тармақта:
      4) тармақшадағы ", сондай-ақ шығындары бекiтiлген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) немесе олардың шектi деңгейлерiнде ескерiлмеген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан ақы алу есебiнен кiрiс алуға" деген сөздер алып тасталсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 9) тармақшадағы "тыйым салынады" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) мыналар:
      тарифтiк сметада қамтылатын;
      реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу құралдарына ақы төлеу, оларды сатып алу және орнату туралы; ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер туралы ақпарат коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады."; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";
      2-тармақтағы "Осы Заңның 5-бабы" деген сөздер "Осы баптың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) б-бап мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-4) уәкiлеттi органмен келiсiлген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн тұтынушылардан ақы алуға;";
      5) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-3) табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын белгiлi бiр орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен және мерзiмде реттелiп көрсетілетін қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызмет туралы есеп беруге;",
      9) тармақшадағы "реттелiп көрсетiлетін" деген сөздердің алдынан "тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес " деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4), 7-1), 10) және 17) тармақшаларында көзделген мiндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";
      6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын.
      "11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерін тұтынушының мiндеттерi
      Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге,
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.";
      7) 14-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "17-1) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату yшiн ақы алу мөлшерiн және тетiгiн келiсуге;";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "14-1) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшiн ақы алу мөлшерiн және тетiгiн келiсуге;";
      8) 15-1-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      9) 17-бапта:
      1-1 -тармақта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымдарында жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты:
      1) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде он бес күн бұрын;
      2) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту кезiнде кемiнде жетi күн бұрын жариялауға мiндеттi.";
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтер бекiту кезiнде осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген талаптар қолданылмайды."; екiншi бөлiгiнде:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде бiрiншi абзац өзгерiссiз қалдырылсын;
      1) тармақша өзгерiссiз қалдырылсын;
      2) тармақшадағы "өткiзiледi" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) осы Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде жетi күн бұрын;
      4) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде бiр күн бұрын өткiзiледi.";
      мынадай мазмұндағы 1 -3-тармақпен толықтырылсын:
      "1-3. Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын уәкiлеттi орган бес күн iшiнде қарайды.";
      2-тармақ "ұзарту туралы шешiмдерiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларын бекiту туралы шешiмдерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      10) 18-бапта:
      2-тармақ "отыз бес күн бұрын" деген сөздерден кейiн ", ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiне оларды күшiне енгiзген сәтке дейiн  кемiнде бес күн бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) күшiне енгiзу тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бекiтiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастан жүзеге асырылады.";
      4-тармақ "кемiнде отыз күннен бұрын" деген сөздерден кейiн ", ал қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде үш күн бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      11) 18-1-бапта:
      1-1-тармақтағы "уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органмен оның құзыретi шегiнде немесе табиғи монополия субъектiсi Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлсе және (немесе) коммуналдық меншiкте болса, мемлекеттiк органды жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесiп" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттiк органмен бiрлесiп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5)тармақшаларында көзделген iс-әрекеттердi жасау yшiн уәкiлеттi органға алдын ала ақпарат жолдауға мiндеттi.";
      12) 18-4-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2- 1. Табиғи монополия субъектiсi стратегиялық тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) белгiлi бiр тауар рыноктарында мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiрушiлер болмаған жағдайды қоспағанда, стратегиялық тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өндiрушiлерден табиғи монополиялар салаларындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын белгiлi бiр орталық атқарушы органның стратегиялық тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiне сәйкес тiкелей сатып алуды жүзеге асырады.";
      4-тармақтағы ", сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына" деген сөздер алып тасталсын;
      5-тармақта:
      "негiзгi құралдарға жатпайтын" деген сөздер алып тасталсын;
      "сома" деген сөз алып тасталсын;
      9-тармақ "табиғи монополиялар субъектiлерiне" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      13) мынадай мазмұндағы 23-баппен толықтырылсын:
      "23-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер Реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi барлық тұтынушыларды реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарымен (жалпы үйге арналған жылу энергиясын, суды есептеу аспаптарымен және суды жеке есептеу аспаптарымен) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн қамтамасыз етсiн.".
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в Закон Республики Казахстан "О естественных монополиях"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2006 года N 440

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в Закон Республики Казахстан "О естественных монополиях".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

проект

Закон Республики Казахстан

О внесении дополнений и изменений
в Закон Республики Казахстан "О естественных монополиях"

      Статья 1.  Внести в  Закон  Республики Казахстан от 9 июля 1998 г. "О естественных монополиях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 16, ст. 214; 1999 г., N 19, ст. 646; 2000 г.,  N 3-4, ст. 66; 2001 г., N 23, ст. 309; 2002 г., N 23-24, ст. 193; 2004 г, N 14, ст. 82; N 23, ст. 138, 142; 2006 г., N 2, ст. 22;  Закон  Республики Казахстан от 5 мая 2006 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам аудиторской деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 17 мая 2006 года и "Казахстанская правда" 13 мая 2006 года) следующие дополнения и изменения:
      1) в статье 3:
      дополнить подпунктом 14-1) следующего содержания:
      "14-1) производители стратегических товаров (работ, услуг) - физические и юридические лица, производящие стратегические товары (работы, услуги) либо непосредственно от имени производителя реализующие их на территории Республики Казахстан;";
      дополнить подпунктом 17-1) следующего содержания:
      "17-1) стратегические товары (работы, услуги) - товары (работы, услуги), затраты на приобретение которых составляют значительную долю в тарифе (цене, ставке сбора) или его предельном уровне и тарифной смете на регулируемую услугу (товар, работу) субъекта естественной монополии;";
      дополнить подпунктом 18-1) следующего содержания:
      "18-1) субъект естественной монополии малой мощности - субъект естественной монополии, оказывающий услуги:
      по производству, передаче, распределению и (или) снабжению тепловой энергией от отопительных котельных с общей установленной мощностью до двадцати Гкал/час включительно;
      водохозяйственной и (или) канализационной систем потребителям населенного пункта, численность которых менее полутора тысячи человек;";
      2) в части второй пункта 2 статьи 4 слова "уполномоченного органа" заменить словами "центрального государственного органа, осуществляющего контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий";
      3) в статье 5:
      в пункте 1:
      в подпункте 4) слова ", а также получать доход за счет взимания с потребителей платы за регулируемые услуги (товары, работы), затраты на которые не учтены в утвержденных тарифах и ценах, ставках сборов) или их предельных уровнях" исключить;
      дополнить подпунктом 10) следующего содержания:
      "10) признавать коммерческой тайной информацию:
      содержащуюся в тарифной смете;
      о плате, приобретении и установлении приборов учета регулируемых коммунальных услуг;
      о предоставляемых регулируемых коммунальных услугах.";
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Ограничения, предусмотренные подпунктами 1), 2) и 3) пункта 1 настоящей статьи, не распространяются на субъектов естественных монополий малой мощности.";
      в пункте 2 слова "статьи 5 настоящего Закона" заменить словами "настоящей статьи";
      4) статью 6 дополнить подпунктом 1-4) следующего содержания:
      "1-4) взимать с потребителей плату за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг, согласованную с уполномоченным органом;";
      5) в статье 7:
      в части первой:
      дополнить подпунктом 7-3) следующего содержания:
      "7-3) ежегодно отчитываться о деятельности по предоставлению регулируемых услуг перед потребителями и иными заинтересованными лицами в порядке, установленном центральным исполнительным органом, осуществляющим контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий;";
      подпункт 9) дополнить словами "в соответствии с договорами, заключенными с потребителями";
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "Обязанности, предусмотренные подпунктами 4), 7-1), 10) и 17) части первой настоящей статьи, не распространяются на субъектов естественных монополий малой мощности.";
      6) статью 11 изложить в следующей редакции:
      "Статья 11. Обязанности потребителя услуг субъекта естественной монополии
      Потребитель услуг (товаров, работ) субъекта естественной монополии обязан:
      1) своевременно и в полном объеме оплачивать услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в соответствии с условиями заключенных договоров, а также приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг;
      2) выполнять технические требования, устанавливаемые субъектами естественной монополии в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      7)в статье 14:
      пункт 1 дополнить подпунктом 17-1) следующего содержания:
      "17-1) согласовывать размер и механизм взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг;";
      пункт 2 дополнить подпунктом 14-1) следующего содержания:
      "14-1) согласовывать размер и механизм взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг;";
      8) пункт 3 статьи 15-1 исключить;
      9) в статье 17:
      в пункте 1-1:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      "1-1. Уполномоченный орган обязан опубликовать в периодических печатных изданиях информацию о дате и месте проведения публичных слушаний:
      1) при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) или их предельных уровней в общем порядке не позднее, чем за пятнадцать дней;
      2) при утверждении тарифов (цен, ставок сбора) в соответствии с пунктом 5 статьи 18 настоящего Закона - не позднее, чем за семь дней.";
      дополнить частью второй следующего содержания:
      "При утверждении тарифов на регулируемые услуги субъектов естественных монополий малой мощности требования, предусмотренные частью первой настоящего пункта, не распространяются.";
      в части второй:
      абзац первый дополнить словами "при утверждении";
      в подпунктах 1) и 2) слова "при утверждении" исключить;
      дополнить подпунктами 3) и 4) следующего содержания:
      "3) тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии в соответствии с пунктом 5 статьи 18 настоящего Закона не позднее, чем за семь дней до принятия решения об утверждении;
      4) тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности не позднее, чем за один день до принятия решения об утверждении.";
      дополнить пунктом 1-3 следующего содержания:
      "1-3. Проекты тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности рассматриваются уполномоченным органом в течение пяти дней.";
      пункт 2 дополнить словами ", а также на решения об утверждении тарифов (цен, ставок сборов) и тарифных смет на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий малой мощности";
      10)в статье 18:
      пункт 2 дополнить словами ", а субъекту естественной монополии малой мощности - не позднее пяти дней до момента введения их в действие";
      пункт 3 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Введение в действие тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии малой мощности осуществляется с первого числа месяца, следующего за месяцем утверждения тарифов (цен, ставок сборов).";
      пункт 4 дополнить словами ", а субъект естественной монополии малой мощности - не позднее, чем за три дня до введения их в действие";
      часть вторую пункта 7 исключить;
      11) в статье 18-1:
      пункт 1-1 изложить в следующей редакции:
      "1-1. Перечень видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами), утверждается центральным исполнительным органом, осуществляющим контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий, совместно с соответствующим государственным органом, осуществляющим руководство соответствующей отраслью (сферой) государственного управления.";
      пункт 2 дополнить частью третьей следующего содержания:
      "Субъект естественной монополии малой мощности для совершения действий, указанных в подпунктах 2) - 4), 5) пункта 1 настоящей статьи, обязан предварительно направить информацию в уполномоченный орган.";
      12) в статье 18-4:
      дополнить пунктом 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Закупки стратегических товаров (работ, услуг) субъект естественной монополии осуществляет непосредственно у производителей стратегических товаров (работ, услуг), за исключением случаев отсутствия производителей таких товаров (работ,услуг) на определенных товарных рынках, в соответствии с перечнем стратегических товаров (работ, услуг), определенным центральным исполнительным органом, осуществляющим контроль и регулирование деятельности в сферах естественных монополий.";
      в пункте 4 слова ", а также на привлечение грантов, займов и кредитов, предоставляемых международными финансовыми организациями" исключить;
      в пункте 5:
      слова ", не относящихся к основным средствам," исключить;
      слово "суммы" исключить;
      пункт 9 дополнить словами ", а также на субъектов естественных монополий малой мощности";
      13) дополнить статьей 23 следующего содержания:
      "Статья 23. Заключительные и переходные положения
      Субъектам естественных монополий, оказывающим регулируемые коммунальные услуги, обеспечить всех потребителей приборами учета регулируемых коммунальных услуг (общедомовых приборов учета тепловой энергии, воды и индивидуальных приборов учета воды) до 1 января 2009 года.".
      Cтатья 2.  Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

  Президент
  Республики Казахстан