Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 130-бабына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Жалпы алаңы 83,79 га мынадай жер учаскелерi орман қоры жерiнен өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын:
ормандар мен жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi "Ақкөл" мемлекеттiк мекемесi 34,8 га (оның iшiнде 9,5 га - ағаш өскен, 25,3 га - ағаш өспеген);
ормандар мен жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi Бұланды мемлекеттiк мекемесi 44,94 га (оның iшiнде 27,67 га - ағаш өскен, 17,27 га - ағаш өспеген);
ормандар мен жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi Ұрымқай мемлекеттiк мекемесi 4,05 га (ағаш өскен).
2. Ақмола облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен А-1 "Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының 7-230,3 км "Астана - Щучинск" учаскесiн қайта жаңартуға осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерiн "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Ақмола облыстық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - мемлекеттiк мекеме) тұрақты жер пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн.
3. Мемлекеттік мекеме орман алқаптарын оларды орман және ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсатта пайдалану үшiн алудан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджет кiрiсiне өтесiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi