Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
Кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттары; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 2, 20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы):
1) келесi мазмұнды 240-1-бабымен толықтырылсын:
"240-1-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды өткiзу талаптарын бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды өткiзу талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, жеке кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есеп көрсеткiштерiнiң мөлшерiнде айыппұл салынады.";
2) 243-бабы мына редакцияда жазылсын:
"243-бап. Экологиялық рұқсатта белгiленген қоршаған ортаға шығарындылар нормативтерiнiң шегiнен асуы немесе экологиялық рұқсаттың болмауы
Егер осы әрекеттерде қылмыстық айыптау белгiлерi жоқ болса, экологиялық рұқсатта белгiленген қоршаған ортаға шығарындылар нормативтерiнiң шегiнен асуы немесе экологиялық рұқсаттың болмауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қоршаған ортаға эмиссиялар эмиссиялардың шегiнен асқан көлемi үшiн төлем ставкасының бiр мың процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 261-бабында:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"261-бап. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс iстеуге, сарқынды сулардың төгiндiлерiмен жұмыс iстеу талаптарын бұзу";
бiрiншi абзац мына редакцияда жазылсын:
"Өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, сондай-ақ сарқынды сулардың төгіндiлерiмен жұмыс iстеу талаптарын бұзу";
4) 554-бабында:
бiрiншi бөлiгінде "шаруашылық" деген сөзден кейiн "және басқа да" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгiнде:
екiншi абзацта "қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк аға және аумақтық мемлекеттiк инспекторлар" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта "Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлардың орынбасарлары" деген сөздердi "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзацта "табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторлары" деген сөздер "мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi абзацта "табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторларының" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта "Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттік бас инспекторы мен оның орынбасарлары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттік экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 636-баптың 1 бөлiгiндегi 1) тармақшасының тоғызыншы абзацында "306 (екiншi бөлiк)" деген сөздерден кейiн "(306-1 (үшiншi бөлiк)" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 638-бап мына мазмұндағы 3-1 бөлiгiмен толықтырылсын:
"3-1. 240 (бiрiншi бөлiк), 250 (бiрiншi бөлiк), 261, 265, 304 (екiншi бөлiк) баптарымен қарастырылған жағдайда, қоршаған ортаға келтiрiлген зиянның сомасын белгiлеу қажет болғанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, зиянның бағасы белгiленген сәттен тәулiк iшiнде жасалады.".
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының
кодексіне
(Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 136-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы; 2006 жылғы 24 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) "Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы Заңы):
1) мәтiн бойынша "қоршаған ортаны ластағаны", "қоршаған орта ластануының", "қоршаған ортаны ластау" деген сөздер "қоршаған ортаға эмиссиялар" деген сөзiмен ауыстырылсын;
2) 459, 460, 461-баптар мына редакцияда жазылсын:
"459-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғатты пайдалану тәртiбiмен алынады.
2. Арнайы табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның беретiн кешендi экологиялық рұқсаты негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Белгiленген тәртiп бойынша рәсiмделмеген қоршаған ортаға эмиссиялар жылжымалы көздердiң ластаушы заттар шығындарынан басқа белгiленген нормативтерден тыс қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдар тоқсан сайын, есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей өзi тұрақталған орындағы салық органдарына уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша мәлiмет ұсынады.
460-бап. Төлеушiлер
Төлемақы төлеушiлерi болып жеке және заңды тұлғалар табылады:
1) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте экологиялық рұқсат алғандар;
2) Қоршаған ортаны ластайтын жылжымалы көздерi бар.
461-бап. Салық салу объектiсi
Салық салу объектiсi қоршаған ортаға белгiленген нормативтер шегiнде эмиссиялардың нақтылы көлемi және (немесе) қоршаған ортаға белгiленген эмиссия нормативтерiнен жоғары көлемi болып табылады".
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
1) 43-бап мына мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Жер учаскелерiнiң меншiк иесi және жердi пайдаланушылар жердi пайдалану құқығын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсаттар алу қажет";
2) 65-баптағы мына мазмұндағы 1-тармақ 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) айқындалған оларға жатпайтын өндiрiс және тұтыну қалдықтары туралы жергiлiктi атқарушы органдарға уақытылы хабарлау";
3) 145-баптың 4-тармағында "тұрмыстық және өнеркәсiптiк қалдықтар" деген сөздер "өндiрiс және тұтыну қалдықтары" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 29-бап мына мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Орманды пайдалану құқығын, қоршаған ортаны эмиссиялауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларына сәйкес экологиялық рұқсаттар алу қажет";
2) 62-бап мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында бекiтiлген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету".
5. 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
1) 22-бап мына мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Суды пайдалану құқығын жүзеге асыруға экологиялық заңнамаға сәйкес экологиялық рұқсаттар алу қажет";
2) 112-баптағы 5-тармақ "мiндеттi" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында бекiтiлген экологиялық талаптарды сақтау, және" деген сөздермен толықтырылсын.
6. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж,. N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы):
1) 47-баптағы 1-тармақтың 3) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"3) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төленетiн төлем";
2) 48-баптағы 1-тармақтың 10) тармақша мына редакцияда жазылсын:
"10) қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төленетiн төлем";
3) 50-баптағы 1-тармақтың 8) тармақшасының он сегiзiншi абзацын мына редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүргізу".
7. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 13 мамырдағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы Заңы):
9-бап 1-тармақтағы 58) тармақша алып тасталсын.
8. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 182-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
1) 48-баптағы 1-тармақта "қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамамен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 49-бапта:
4-тармағын мына редакцияда жазылсын:
"4. Жер қойнауын тиiмдi пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша айқындалады.";
мына мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемi қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес айқындалады.";
3) 50-баптағы 1-тармағында "табиғатты пайдалануға рұқсаттар" деген сөздер "экологиялық рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ортаны" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):
2-бабының 5-тармағы мына редакцияда жазылсын:
"5. Шаруашылық және өзге қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде олардың қызметiне тәртiбi Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес айқындалатын мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледі.".
10. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 83-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
13-бап мына мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Радиоактивтi материалдар мен қалдықтарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен бекiтiлген экологиялық талаптар сақталуы керек".
11. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
48-баптағы 2-тармақ "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен бекiтілген" деген сөздермен бекiтiлсiн.
12. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат; N 9, 86-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 103-құжат; 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 144-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
6-бапта 5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"5. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес бекiтеді".
13. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
9-баптағы 1-тармақ "ортаны" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен бекiтiлген объектiлердiң жiктеуiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын.
14. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 18, 107-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
1) 12-баптағы 1-тармақ "талаптары" деген сөзден кейін "экологиялық" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 26-бап мына мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды, ғылыми зерттеулердi қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсат алу қажет.".
2-бап.
Осы заң оның ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi