Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
"Орындалуына жауаптылар" деген бағанда:
мәтiн бойынша "МАСМ" деген аббревиатура "MAM" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"МҚА-ның аумақтық басқармалары";
реттiк нөмiрi 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi";
ескертпеде "MACM - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген сөздер "MAM - Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi