1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Еңбекшi-мигранттар - Қырғыз Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекшi-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қырғыз Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсоваға Келісім жобасына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Еңбекшi-мигранттар - Қырғыз Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекшi-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қырғыз Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Еңбекшi-мигранттар - Қырғыз Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы, еңбекшi-мигранттар - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қырғыз Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен құқықтарын қорғау туралы келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы негiз қалаушы құжаттарының және Халықаралық еңбек ұйымы шеңберiнде әзiрленген қағидаттардың жолын ұстана отырып;
1997 жылғы 8 сәуiрде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгi достық туралы
шарттың
қағидаттарын басшылыққа ала отырып;
1994 жылғы 15 сәуiрде Мәскеу қаласында қол қойылған Еңбек көшi-қоны саласындағы ынтымақтастық және еңбекшi-мигранттарды әлеуметтiк қорғау туралы келiсiмнiң ережелерiн негiзге ала отырып;
екi мемлекеттiң аумағында уақытша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қырғыз Республикасы азаматтарының еңбек қызметi мен оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы екi жақты ынтымақтастықтың құқықтық негiзiн дамыту мақсатында;
Тараптар азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi басымды мiндет деп есептей отырып;
заңды еңбек көшi-қоны процестерiн дамытуға жәрдемдесуге ұмтыла отырып, төмендегi туралы келiстi:
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген терминдер мынаны бiлдiредi:
"еңбекшi-мигрант" - кету Тарабының аумағында тұрақты тұратын, жұмысқа орналастыру Тарабы мемлекетiнiң аумағында уақытша ақылы еңбек қызметiмен заңды негiзде айналысатын адам;
"кету Тарабы" - еңбекшi-мигранттар аумағында тұрақты тұратын және уақытша ақылы еңбек қызметiмен айналысу үшiн жұмысқа орналастыру Тарабына қоныс аударатын мемлекет;
"жұмысқа орналастыру Тарабы" - аумағында кету Тарабынан келген еңбекшi-мигранттар уақытша ақылы еңбек қызметiн жүзеге асыратын мемлекет;
"жұмыс берушi (жалдаушы)" - еңбекшi-мигрант еңбек қатынастарында болатын жұмысқа орналастыру Тарабының заңды немесе жеке тұлғасы;
"жеке жұмыспен қамту агенттiгi" - мемлекеттер азаматтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетiн, Тараптар мемлекетiнiң заңнамасында белгіленген тәртiппен тiркелген заңды немесе жеке тұлға.
Осы Келiсiмнiң қолданылуы еңбекшi-мигранттарға таралады.
Осы Келiсiм мыналарға:
босқындарға және мәжбүрлi қоныс аударушыларға, жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдарға, артистерге және спортшыларға қолданылмайды.
Адам құқықтары саласындағы халықаралық нормаларға сәйкес Тараптар еңбекшi-мигранттарды құрметтеуге және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге, жыныс, жас, нәсiл, тiл, этникалық және әлеуметтiк ата-тегiнiң, азаматтық, отбасылық және мүлiктiк жағдайының белгiсi бойынша, сондай-ақ кез келген басқа да белгi бойынша кемсiтудiң кез келген нысандарына Тараптар мемлекетiнiң заңдарына сәйкес жол бермеуге мiндеттенедi.
Осы Келiсiмдi орындау кезiнде:
Қазақстан Республикасынан - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасының Мемлекеттiк көшi-қон және жұмыспен қамту комитетi Тараптарды бiлдiретiн уәкiлеттi органдар болып табылады.
Уәкiлеттi органдар осы Келiсiмге байланысты мәселелердi шешу үшiн Тараптардың басқа құзыреттi органдарын тартуға құқылы.
Қырғыз Республикасының Yкiметi осы Келiсiм нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасы Елшiлiгiнiң жанынан уәкiлеттi органның өкiлдiгiн құра алады.
Еңбекшi-мигранттардың жұмысқа орналастыру Тарабының аумағына кiруi, олардың еңбек қызметi, тұруы және кетуi жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбекшi-мигрант жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасын бұзған жағдайда Тараптар еңбек қатынастарын мерзiмiнен бұрын тоқтатуды және оның кету Тарабына қайтуын талап етуге құқылы.
Еңбекшi-мигранттың еңбек қызметi жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiмен бiр немесе одан да көп тiлде жасалған жеке еңбек шартының (келiсiм-шарты) негiзiнде жүзеге асырылады.
Жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты) жұмыс берушi мен еңбекшi-мигранттың мiндеттерi туралы деректердi, жұмыс берушi мен еңбекшi-мигрант, соңғысы жұмысқа орналасып жатқан кәсiбi/мамандығы туралы негiзгi деректердi, жұмыстардың сипаты, білiктiлiгiн арттыру, еңбек жағдайлары мен жалақы, негiзгi жұмыс уақытының және демалыс уақытының ұзақтығы, тұру жағдайлары туралы, көлiк шығыстарын өтеудiң тәртiбi туралы, медициналық қызмет көрсету және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан сақтандыру, еңбек дауларын шешу, жеке еңбек шартын (келiсiм-шартын) қолдану мерзiмi және оны тоқтату жағдайлары туралы ақпаратты қамтуға тиiс.
Жұмысқа орналастыру мемлекетiнiң аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын еңбекшi-мигранттардың жасы 18-ден төмен болмауға тиiс.
Еңбекшi-мигранттың талабы бойынша еңбек қатынастары тоқтатылған кезде жұмыс берушi оған жұмыс ұзақтығы және ай сайынғы жалақысы туралы мөрмен расталған анықтама бередi.
Еңбекшi-мигранттарға еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн қолайлы және өзара лайықты жағдай жасау мақсатында Тараптар:
өз мемлекетiнiң еңбек көшi-қоны саласындағы ұлттық заңнамасы және Тараптардың еңбек нарығының жұмыс күшiне қажеттiлiктерi туралы бiр-бiрiн хабардар етедi;
жұмыс күшiн тартумен және шетелге шығарумен байланысты қызметке лицензиясы (рұқсаты) бар жеке жұмыспен қамту агенттiктерiнiң тiзiмдерiмен алмасады;
Тараптардың құзыреттi органдарының тиiстi лицензиялары (рұқсаттары) жоқ делдалдардың еңбекшi-мигранттарды жұмысқа орналастыруын болдырмау мақсатында қажеттi шараларды қабылдайды;
Тараптар өңiрлерiне тиiстi өкiлдiктердi бере отырып, еңбек көшi-қоны саласында өңiрлiк ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседi.
Тараптар жеке жұмыспен қамту агенттiктерiн жұмыс берушi мәлiмдеген бiлiктiлiк талаптарын ескере отырып, еңбекшi-мигранттарды iрiктеуге және кету Тарабынан жұмысқа орналастыру Тарабына жұмысқа орналастыруға тарту арқылы заңды еңбек көшi-қонын қамтамасыз ететiн тетiк жасауға ықпал етедi.
Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмыс орындарын құрған және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асырған кезде мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушілермен жұмысқа орналастыру мәселелерi жөнiнде бiрлесiп әрекет етедi.
Жеке жұмыспен қамту агенттiктерiнiң қызметiн бақылауды Тараптардың уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
Еңбекшi-мигранттар жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес әлеуметтiк сақтандыруды пайдаланады.
Егер еңбек шартында (келiсiм-шартында) көзделген болса, еңбекшi-мигранттарға медициналық қызмет көрсету жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тараптар дипломдарды, бiлiм туралы куәлiктердi, атақ, разряд, бiлiктiлiк беру туралы тиiстi құжаттар мен еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да құжаттарды және олардың кету Тарабының аумағында белгiленген тәртiппен куәландырылған жұмысқа орналастыру Тарабының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасын заңдастырусыз мойындайды.
Осы Келiсiм негiзiнде еңбек қызметiн жүзеге асыратын еңбекшi-мигранттар жұмысқа орналастыру Тарабының iшкi валюталық нарығында шетелдiк валюта сатып алуға, сондай-ақ тапқан қаражатын шетелдiк валютамен тұрақты тұратын мемлекетiне жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес аударуға және әкетуге құқылы.
Жұмыскерлердiң табысына салық салу жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Еңбекшi-мигранттың жұмысқа орналастыру Тарабының аумағына қажет жабдықтар мен техникалық қондырғыларды әкелуi және оларды кету Тарабының аумағына әкетуi, сондай-ақ еңбекшi-мигранттың жұмысқа орналастыру Тарабының аумағында сатып алған тауарларды әкетуi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
Еңбекшi-мигрант жұмысқа орналастыру Тарабының азаматтарымен бiрдей:
еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;
шұғыл медициналық жәрдемге;
еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген залалды өтеуге құқылы.
Еңбекшi-мигрант мертiгу немесе денсаулығына келтiрiлген қандай да бiр залал нәтижесiнде еңбек қабiлетiн жоғалтқан немесе қайтыс болған жағдайда жұмыс берушi зардап шеккен немесе қайтыс болған адамды кету Тарабының аумағына тасымалдауды, осыған байланысты барлық шығындарды өтеудi қамтамасыз етедi, егер еңбек шартында (келiсiм-шартында) өзгеше көзделмесе, осы Тараптың дипломатиялық немесе консулдық өкiлдiктерiн қайтыс болу, жазатайым оқиға немесе кәсіптiк ауру фактiсi жөнiндегi материалдарды ұсына отырып хабардар етедi.
Егер бұл жеке еңбек шартында (келiсiм-шартында) көзделген болса, еңбекшi-мигранттың тұрақты тұратын жерiнен жұмыс берушiге және керi жол жүруi жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ жолда жүрген уақытта ауыруына немесе қажеттi стационарлық емделуiне байланысты шығыстар жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен төленуi мүмкiн.
Егер жеке еңбек шартында (келiсiм-шартында) өзгеше көзделмесе, жеке еңбек шарты (келiсiм-шарты) еңбекшi-мигранттың бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жоғарыда айтылған барлық шығыстарды соңғысы өтейдi.
Мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында тұратын еңбекшi-мигранттар осы Келiсiмнен туындайтын кез келген мәселелер бойынша басқа мемлекеттiң құзыреттi органдарына тiкелей немесе тұратын жерiндегi тиiстi билiк органдары арқылы өтiнiш бере алады.
Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органдарының сұрауы бойынша басқа Тараптың құзыреттi органдары өз мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес осы Келiсiмдi орындауға байланысты мәселелер бойынша мұрағаттық материалдарды қоса алғанда, қажеттi құжаттарды ұсынады.
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 17-бабының ережелерiнде көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмдi қолдануға және түсiндiруге байланысты туындауы мүмкiн барлық даулар мен келiспеушiлiктер Уәкiлеттi органдар арасындағы консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
Осы Келiсiм дипломатиялық арналар бойынша оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа тиiстi мерзiм аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай бұрын оның қолданылу мерзiмiн өзiнiң тоқтату ниетi туралы хабарлама жiбермесе, келесi бес жылдық кезеңдерге автоматты түрде ұзартылады.
Мұндай жағдайда осы Келiсiм бiр Тарап екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты ай өткен соң өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда оның ережелерi жұмыскерлер жұмыс берушiмен (жалдаушымен) жасасқан еңбек шартына (келiсiм-шартына) қатысты олар жасалған мерзiм аяқталғанға дейiн күшiнде қалады.
200___ жылғы " " қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн