Алматыда 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы Шарт (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 31-құжат) (1999 жылғы 22 маусымда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 83 бет) Бұдан әрi қарай "Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи тамырлары мен мәдениет, тiл және дәстүр ортақтастығы бар екi мемлекет халықтарының бауырластығы, достығы және өзара түсiнiстiгi рухында жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшiн қажеттi негiз құруға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы бауырластық, достық және тату-тәттi көршiлiк қарым-қатынастарды нығайту екi мемлекет халықтарының түпкiлiктi мүдделерiне сай келедi деп санай отырып,
БҰҰ Жарғысының, Хельсинки Қорытынды Актiсiнiң және ЕҚЫҰ шеңберiнде қабылданған өзге де құжаттардың принциптерi мен мақсаттарына өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiнде екi елдiң экономикалық ынтымақтастығын тереңдету, одан әрi қарай да оны дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау, барлық меншiк үлгiсiндегi шаруашылық субъектiлерi арасында тiкелей байланыстар орнату қажет деп санай отырып,
олардың арасында қалыптасқан бауырластық, достық және ынтымақтастық қатынастарын одан әрi қарай дамыту және оларды жаңа сапаға көшiру мақсатында,
мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
1-бап
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы бауырлас және достас мемлекеттер бола отырып, өз қарым-қатынастарын өзара түсiнiстiк, жан-жақты ынтымақтастық және өзара сенiм негiзiнде құрады.
2-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң де тәуелсiздiгiн, егемендiгiн құрметтеу, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығы, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне қол сұқпаушылық, тең құқықтылық және өзара тиiмдiлiк принциптерi негiзiнде қарым-қатынастарын белсендi түрде дамытуға бел буғандықтарын қуаттайды.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекеттiк шекараларының қазiргi кездегi әкiмшiлiк-аумақтық шектелуi негiзiнде өтуiн таниды.
3-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен, келiсiлген қорғаныс саясатын жүргiзуде, аймақта бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн өзара бiрлескен iс-әрекеттi қамтамасыз етуде ынтымақтасуға мiндеттенедi.
4-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар мемлекетаралық қатынастарында күш қолданбауға немесе күш қолдану қатерiн туғызбауға, екiншi Тарапқа қарсы бағытталған одаққа кiрмеуге, өз позицияларын үйлестiру және Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына төнген қатердi жою жөнiнде шаралар қабылдау мақсатында халықаралық қауiпсiздiктiң барлық мәселелерi жөнiнде шұғыл түрде консультациялар өткiзуге мiндеттенедi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiне қарсы басқыншылық әрекетi болған жағдайда екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарап оған әскери көмектi қоса алғанда, қажеттi көмек көрсетедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң аумағын, коммуникациялар жүйесi мен басқа да инфрақұрылымдарын үшiншi мемлекеттердiң екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тарапқа қарсы қарулы басқыншылық немесе өзге де дұшпандық қызмет әзiрлеу немесе жүзеге асыру мақсатында пайдалануына жол бермеуге мiндеттенедi.
5-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар жан-жақты көмек көрсете отырып, ең бiрiншi кезекте тәуелсiздiгi мен егемендiгiне, аумақтық тұтастығы мен тәуелсiз саясат жүргiзуiне қатер төндiрудi болдырмау мәселелерiнде екi жақты ынтымақтастықты дамытатын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар әскери салада екi жақты ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады және олардың арасында әскери мәселелер бойынша жасалған келiсiмдердi барынша тиiмдi түрде жүзеге асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдайды, қажет болған жағдайда оларды жаңартатын, сондай-ақ жаңа келiсiмдер жасасатын болады.
6-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар аймақтағы бейбiтшiлiктi нығайту, тұрақтылық пен қауiпсiздiктi күшейту мақсатында өзара бiрлесiп әрекет етедi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ұжымдық қауiпсiздiктi нығайтуға, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ-ның бiтiмгершiлiк рөлін күшейтуге және Тараптардың мүддесiн қозғайтын аймақтық шиеленiстер мен өзге де жағдайларды реттеу механизмдерiнiң тиiмдiлiгiн көтеруге жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда бiрлескен немесе келiсiлген iс-қимылды жүзеге асыру мақсатында осы салаларда өз позицияларын үйлестiрiп отырады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тұрақты негiзде өзара мүдделi мәселелер жөнiнде консультациялар өткiзедi.
7-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысын өзiнiң аумағында тұратын екiншi Тарап азаматтарына олардың ұлтына, дiнiне немесе басқа да өзгешелiктерiне қарамастан, адам құқығы туралы жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға сәйкес әлеуметтiк, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк бередi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қырғыздардың және Қырғыз Республикасының аумағында тұратын қазақтардың ұлттық мәдениетi мен тiлiн сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз етедi және осы саладағы ынтымақтастықты дамытады.
8-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар ауқымды негiзде және ұзақ мерзiмдiк перспективаларды ескере отырып және барынша қолайлы жағдайларда екi жақты экономикалық, сауда қатынастарын, ғылым, мәдениет, бiлiм, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы байланыстарды дамытуға жәрдемдеседi.
Осы мақсатта Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi ел арасында тауарлардың, қызметтер мен капиталдың кең ауқымды және тиiмдi алмасуына бiрте-бiрте көшу үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, қаржы және сауда жағдайларын жасайтын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрiншi кезекте өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлік, туризм, байланыс пен телекоммуникация және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын болады.
9-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар тұрақты консультацияларды, экономика, ғылым және техника салаларындағы ақпарат және тәжiрибе алмасуларды көтермелейтiн, сондай-ақ барлық деңгейдегi байланыстардың кеңейе түсуiн қолдайтын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен қаржы-өнеркәсiп топтарын, холдинг және лизинг компанияларын құру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру қажет деп бiледi. Олар өндiрiстiк, инвестициялық, банк және коммерция салаларындағы ұлттық капиталдар ынтымақтастығының прогрессивтiк нысандарын дамытуға жәрдемдесетiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың жеке адамдары мен заңды тұлғаларына өз аумақтарында кәсiпкерлiк және өзге де шаруашылық қызметтер үшiн тиiмдi құқықтық, экономикалық және қаржы жағдайларын қамтамасыз ететiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы мақсатта жасалған, келiсiмдер негiзiнде өзара инвестицияларды көтермелейтiн және олардың қорғалуын қамтамасыз ететiн болады.
10-бап
Екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы бiр Мәртебелi Уағдаласушы Тарап мүлкiнiң құқықтық тәртiбi, егер олардың арасындағы басқа келiсiмде өзгеше жағдай көзделмеген болса оның меншiк нысанына қарамастан мүлiк орналасқан Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз аумағында екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың меншiк құқығын қорғауға кепiлдiк бередi.
11-бап
Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар қолайлы және өзара тиімді жағдайларда көлік қатынасы, тауарлар транзитi және қызмет көрсетулердi дамыту саласында ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң трансазиялық темiр жол және автомобиль магистральдарын қалыптастыруда, сондай-ақ транзиттiк тасымалдар саласында ынтымақтастықты дамытуда өздерiнiң экономикалық потенциалын пайдалану қажеттiгiн растайды.
12-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң мәдениет және бiлiм мекемелерi арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мамандармен алмасуларды көтермелейтiн болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз азаматтарына екiншi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптың тiлін, мәдениетiн, өнер, әдебиет шығармаларын және баспасөзiн оқып-үйренуге кең мүмкiндiктi қамтамасыз етедi.
13-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар халықтың денсаулығын қорғау iсiнде, медицина ғылымы мен практикасын дамытуда, оның материалды-техникалық базасын нығайтуда ынтымақтасады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiр Тараптың бiрегей және арнайы медициналық сауықтыру мекемелерiн екiншi Тарап азаматтарының емдеу және консультациялық көмек алуы үшiн пайдалану мүмкiндiгiн және құқығын сақтайды.
14-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы саладағы екi жақты және көп жақты шарттарға сәйкес әрекет ете отырып, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге басым мағына бередi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және табиғатты ұтымды пайдалану үшiн қажеттi iс-шараларды қабылдайды. Олар бiрлескен арнайы табиғатты қорғау бағдарламалары мен жобаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы халықтың тұрмыс-тiршiлiгi
үшiн қауiп-қатер төндiретiн экологиялық апаттар мен табиғи құбылыстары кезiнде екiншi Тарапқа шұғыл жәрдем көрсетедi. 15-бап Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiнiң дипломатиялық, консулдық, сауда және басқа да ресми өкiлдiктерiнiң қызметiн өзаралық негiзде барынша жеңiлдетедi. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысатын iскер адамдардың, журналистер мен мамандардың жұмысы мен тұруының тиiстi жағдайларын қамтамасыз етедi. 16-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар екi елдiң парламенттерi арасындағы байланыстардың әрi қарай кеңеюiне жәрдемдесетiн болады.
17-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар облыстар, аудандар мен қалалар, жергiлiктi өкiмет органдарының өкiлдерi арасындағы байланыстар мен ынтымақтастық екi жақты қарым-қатынастарға жаңа ауқымдар мен мағына беретiнiне сенiмдi бола отырып, бұндай ынтымақтастықтың дамуын көтермелейтiн болады.
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар шекаралас аумақтар тұрғындарының арасындағы байланыстардың кеңеюiне жәрдемдесетiн болады.
18-бап
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен, есiрткi құралдар мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен, қару-жарақ контрабандасымен, мәдениет құндылықтарының заңсыз сатылуы мен шетелдерге орын ауыстыруларымен, құқыққа қарсы iс-әрекеттер, қылмыстың өзге де түрлерiмен айналысу нәтижесiнде алынған кiрiстi рәсiмдеумен күрес саласында ынтымақтасатын болады. Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға байланысты оқиға-жанжалдарды халықаралық келiсiмдерде белгiленген принциптер негiзiнде реттейтiн болады.
19-бап
Осы Шарт үшiншi мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ешбiр нысанда
Мәртебелi Уағдаласушы Тараптардың басқа мемлекеттермен қазiргi бар екi жақты және көп жақты келiсiмдерiнен туындайтын қандай да бiр құқықтары мен мiндеттемелерiне қатысы жоқ. 20-бап Осы Шарт күшiне енгеннен кейiн Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қарым-қатынастарда 1993 жылғы 18 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарт күшін жояды. 21-бап БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Шарт БҰҰ Хатшылығына тіркелуi тиiс. 22-бап Осы Шарттың ережелерін iске асыру мақсатында Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар, қажет болған жағдайда, жекелеген келiсімдер жасасатын болады. 23-бап Өзара уағдаластық бойынша Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар осы Шартқа тиісті хаттамалармен ресімделетiн толықтырулар мен өзгертулер енгізе алады. Толықтырулар мен өзгертулер оларды екі Тарап бекiткеннен кейін күшіне енеді және осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылады. 24-бап
Қажет болған жағдайда, Мәртебелі Уағдаласушы Тараптар осы Шарт
ережелерін түсіндіру және қолдану мәселелерi жөнiнде консультациялар мен келiссөздер жүргізеді. 25-бап Осы Шарт бекiтiлуi тиіс және бекіту грамоталарымен алмасқан күннен бастап күшіне енеді. Осы Шарт белгiсiз мерзімге жасалды. Алматы қаласында 1997 жылғы 8 сәуірде екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Шарттың ережелерін түсіндіру мақсаты үшін Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады. Қазақстан Қырғыз Республикасы үшін Республикасы үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.