"Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысының 169-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республикалық бюджет комиссиясының осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2005 жылғы бюджетте көзделген бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркелген шығыстар бойынша шарттардың орындалу мерзiмiн 2006 жылғы 30 қарашаға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
N 634 қаулысына
қосымша
Орындалу мерзiмi ұзартылатын шарттардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi мен "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2005 жылғы 3 наурыздағы N 82 шарт.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Қазарнайыэкспорт" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған 2005 жылғы 11 ақпандағы N 32/21 шарт.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi мен "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2005 жылғы 18 ақпандағы N 50 шарт.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi мен "Мерген" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 15 тамыздағы N 206 шарт.
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi мен "Мерген" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 19 тамыздағы N 207 шарт.
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетi мен "Мерген" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 19 тамыздағы N 208 шарт.
7. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "Алматыгипрогор-1 жобалау институты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 10 тамыздағы N 933 шарт.
8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "Алис N" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 14 желтоқсандағы N 1543 шарт.
9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi мен "Фламинго-9" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 8 тамыздағы N 930 шарт.
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Caмcapa" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 24 қарашадағы N 361 шарт.
11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен "Алмас теңiз зауыты" ашық акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2005 жылғы 29 сәуiрдегi N 05-2-64 шарт.
12. Ақмола облысы Атбасар ауданының құрылыс бөлiмi мен "НиКа" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 27 шiлдедегi N 8 шарт.
13. Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi мен "Энергияарнайымонтажжобалау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 4 сәуiрдегi N 22 шарт.
14. Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi мен "Энергияарнайымонтажжобалау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 4 сәуiрдегi N 23 шарт.
15. Ақмола облысының Құрылыс департаментi мен "TAT-2001" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 16 мамырдағы N 26 шарт.
16. Ақмола облысының Құрылыс департаментi мен "TAT-2001" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 18 мамырдағы N 27 шарт.
17. Ақмола облысының Құрылыс департаментi мен "Бөбетай" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 16 маусымдағы N 30 шарт.
18. Ақмола облысы Зерендi ауданының құрылыс бөлiмi мен "Құрылысшы-Плюс" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 2 қыркүйектегi N 42 шарт.
19. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Мәди" компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2004 жылғы 24 қыркүйектегi N 4/171 шарт.
20. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Ай-Су-Астана" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2004 жылғы 8 қыркүйектегi N 4/147 шарт.
21. Астана қаласының Құрылыс департаментi мен "Best Beton" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 28 наурыздағы N 5/22 шарт.
22. Қарағанды облысы Қарағанды қаласының құрылыс бөлiмi мен "Астана Технополис ҚК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 13 маусымдағы N 7 шарт.
23. Жамбыл облысы Талас ауданы әкiмдiгiнiң құрылыс бөлiмi мен "Оңтүстiкхиммонтаж" акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2005 жылғы 27 мамырдағы N 4 шарт.
24. Қызылорда облысының Құрылыс басқармасы мен "ВН Инженеринг" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi арасында жасалған 2005 жылғы 12 сәуiрдегi N 05-3 шарт.
25. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының құрылыс бөлiмi мен "Механикаландырылған жұмыс басқармасы" жабық акционерлiк қоғамы арасында жасалған 2005 жылғы 3 мамырдағы N 8 шарт.
26. Батыс Қазақстан облысы Теректi ауданының құрылыс бөлiмi мен "Мариал" өндiрiстiк кооперативi арасында жасалған 2005 жылғы 22 шiлдедегi N 2 шарт.
27. Батыс Қазақстан облысының Жәнiбек аудандық құрылыс бөлiмi мен "Мариал" өндiрiстiк кооперативi арасында жасалған 2005 жылғы 22 шiлдедегi N 2 шарт.
28. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық құрылыс бөлiмi мен "Мариал" өндiрiстiк кооперативi арасында жасалған 2005 жылғы 18 шiлдедегi N 8 шарт.