Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiмге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы,
Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi
құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының
заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк
ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiмге
қол қою туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiмге қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы ___________
N________ Жарлығымен
мақұлданған
Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы,
Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есiрткi
құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының
заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк
ақпараттық үйлестiру орталығын құру туралы келiсiмнiң жобасы
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Әзiрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз өндiрiсiн, айналымын, терiс пайдаланылуын бақылау саласындағы өңiрлiк ынтымақтастық жөнiндегі өзара түсiнiстiк туралы 1996 жылғы 4 мамырдағы меморандумның тараптары бола отырып,
есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымының және онымен байланысты қылмыстың елеулi зардаптарынан (бұдан әрi есiрткiнiң заңсыз айналымынан) халықтардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ мемлекеттердiң қауiпсiздiгi мен басқа да негiз қалаушы мүдделерiн қорғаудың қажеттiлiгiн сезiне отырып,
есiрткiнiң заңсыз айналымының өсуiне және оларды терiс пайдалануға байланысты проблемалардың шиеленiсуiне қатты алаңдаушылық бiлдiре отырып,
халықаралық құқық және тараптар заңнамаларының жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
мемлекеттердiң егемендiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу және бiр бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау негiзiнде
есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күресте және олардың прекурсорларын бақылауды жүзеге асыруда халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын мойындай отырып,
1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияның, 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттаманың, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның, 1988 жылғы Ecipткi құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы БҰҰ конвенциясының, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының басқа да тиiстi қарарлары мен құжаттарының мақсаттарынан көрiне отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1. Жалпы ережелер 1-бап
Осы келiсiмнiң мақсаттары үшін төменде келтiрiлген ұғымдар мынаны бiлдiредi:
ОАӨАҮО - Есiрткi құралдарына, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестiру орталығы (бұдан әрi - Орталық);
Жiберушi мемлекет - Орталықта жұмыс iстеу үшiн өз өкiлiн жiберушi Тарап;
Болатын мемлекет - аумағында Орталық орналасқан Тарап;
Құзыреттi органдар - функцияларына есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды жүзеге асыру кiретiн тараптардың құзыреттi органдары;
Құзыреттi халықаралық ұйым - функцияларына есiрткiнің заңсыз айналымына қарсы iс-қимылмен байланысты мәселелер кiретiн халықаралық ұйым;
Кеңес - Тараптардың ұлттық үйлестiрушiлерiнiң кеңесi;
Орталықтың басшылығы - директор, орынбасар/директордың орынбасарлары;
Лауазымды адам - Орталықта Жұмыс iстеу үшiн Тарап жiберген және тиiстi штаттық лауазымға тағайындалған құзыретті органның өкілі;
Қаржылық бақылаушы - Орталықтың барлық қаржы операцияларын бақылауды қамтамасыз ететiн Орталықтың лауазымды адамы;
Қызметкер - Орталықтың қызметiн әкiмшiлiк және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Орталықтың штаттық қызметкерi;
Орталықтың персоналы - Орталықтың лауазымды адамдары мен қызметкерлерi;
Өкiлеттi өкiл (байланыс офицерi) - сол құзыреттi органның кадрында тұратын және мемлекеттiң құзыреттi органдаpы мен Орталықтың арасындағы байланысты жүзеге асыру үшiн Орталыққа жiберiлген Тараптың құзыреттi органының өкiлi;
Отбасы мүшелерi - жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары және лауазымды адамдар мен өкiлеттi өкiлдердiң асырауындағы және олармен үнемi бiрге тұратын адамдар;
Тараптардың өкiлдерi - Орталық өткiзетiн отырыстар мен iс-шараларға Тараптар жiберетiн делегациялардың басшылары, олардың орынбасарлары, делегаттар, кеңесшiлер, техникалық сарапшылар және делегациялардың хатшылары;
Ұлттық үйлестiрушi орган - Орталық пен Тараптардың ұлттық құзыреттi және басқа да мемлекеттiк органдары арасында өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру және ақпарат алмасу үшiн Тараптар тағайындайтын орган;
Шектеулi рұқсат етiлген ақпарат - құпия және жасырын ақпарат;
Құпия ақпарат - осы Келiсiмдi iске асыру тәртiбiмен берiлген (алынған), сондай-ақ санкцияланбаған таратылуы Тараптардың қауiпсiздiгiне немесе мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн Тараптардың ынтымақтасуы процесiнде пайда болған Тараптар мемлекетiнiң әрқайсысының заңнамасына сәйкес қорғалатын кез-келген нысанда көрiнетiн мәлiметтер;
Құпия ақпарат - Тараптардың заңнамасына сәйкес рұқсат ету шектелген ақпарат;
Жедел ақпарат - есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы жедел-iздестiру сипатындағы мәлiмет;
Өзге ақпарат - есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы анықтамалық, талдау, статистикалық және өзге сипаттағы мәлiмет;
Ақпарат алмасу - Тараптардың, Орталықтың және үшiншi тараптардың ақпарат алуы және беруi;
ОАӨАҮО ОДБ - ОАӨАҮО-ның орталықтандырылған деректер банкi;
Бақылаушы - осы Келiсiмнiң Тарапы болып табылмайтын және Орталықтың жанында бақылаушы мәртебесi берiлген мемлекет, құзыреттi халықаралық ұйым;
Үшiншi тарап - Келiсiмнiң Тарапы болып табылмайтын және Орталықтың жанында бақылаушы мәртебесi жоқ мемлекет, құзыреттi халықаралық ұйым;
Орталықтың үй-жайлары - нысанына және оларға меншiк құқығының тиесiлiгiне қарамастан, ғимараттарды немесе ғимараттардың бiр бөлiгiне қызмет көрсететiн жер учаскесiн қоса алғанда, Орталықтың мақсаттары үшiн пайдаланылатын ғимараттар немесе ғимараттардың бiр бөлiгi.
2-бап
1. Осымен Тараптар Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығына құрылтайшы болады. Орталық Қазақстан Республикасының Алматы қаласында орналасқан.
2. Орталықтың (қалада, мемлекетте) болу шарты Үкiметтiң (мемлекеттiң) және Орталықтың арасындағы жекелеген келiсiммен белгiленедi.
3-бап
1. Орталық Есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi келiсiлген бiрлескен халықаралық операцияларды ұйымдастыруда, өткiзуде және үйлестiруде жәрдем көрсету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн мемлекетаралық өңiрлiк ақпараттық үйлестiрушi орган болып табылады. Орталық сондай-ақ есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты трансшекаралық қылмыс жөнiндегi ақпаратты жинауды, сақтауды, қорғауды, талдауды және алмасуды қамтамасыз етедi.
2. Орталық өз қызметiнде осы Келiсiмнiң ережелерiн және Тараптардың шешiмдерiн басшылыққа алады.
3. Орталықтың мiндеттерi мен функциялары осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы туралы ережемен (бұдан әрi - ОАӨАҮО туралы ереже) белгiленедi.
4-бап
Орталық заңды тұлға мәртебесiне ие және осы ретте құқықтарды пайдаланады және осы Келiсiмге және болатын мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес Орталықтың артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрмей, мiндеттемелер алады.
5-бап
1. Орталықтың қызметiн қаржыландыру донор-мемлекеттердiң қаражаты, халықаралық ұйымдардың көмегi және Тараптардың салымы есебiнен жүзеге асырылады.
2. Орталықтың бюджетiн орындау, бюджет бойынша есеп беру және қаржы аудитi тәртiбiн ОАӨАҮО туралы ереже белгiлейдi.
2. Ақпарат алмасуды және келiсiлген бiрлескен
халықаралық операцияларды ұйымдастыру 6-бап
1. Ақпарат алмасу Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес ақпарат қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды сақтай отырып:
өкiлеттi өкiлдер арқылы Тараптардың;
Тараптар мен Орталықтың;
Орталық пен бақылаушылардың;
Орталық пен үшiншi тараптардың арасында жүзеге асырылады.
2. Тарап Орталыққа жiберiлетiн ақпаратқа рұқсат деңгейiн, сондай-ақ оны басқа Тараптарға, бақылаушылар мен үшiншi тараптарға беру тәртiбiн дербес айқындайды.
3. Ақпаратты ұсынатын Тарап, ақпарат көзiнiң сенiмдiлiгi мен растығы дәрежесi жағынан оның дәлдiгiне, жiктелуiне жауап бередi.
4. Ақпаратқа рұқсат деңгейiн ауыстыруды оны берген Тарап жүзеге асырады. Қолда бар жедел және өзге ақпаратты өңдеу және талдау нәтижесiнде алынған талдау, анықтамалық және статистикалық материалдарды беру оларды дайындау кезiнде ақпараты пайдаланылған Тараптың келiсiмiмен жүзеге асырылады.
5. Ақпарат алмасу шеңберiнде Орталық:
келiп түскен ақпаратты жинауды, өңдеудi, жүйелеудi, сақтауды және қорғауды;
анықтамалық, талдау, статистикалық материалдарды дайындауды;
келiп түскен сұрау салулар бойынша ақпарат берудi жүзеге асырады.
6. Ақпарат беру туралы сұрау салу, яғни ақпарат техникалық немесе өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып, қорғалған арналар арқылы да жiберiледi.
7. Ақпарат алмасу процесiнде не ОАӨАҮО ОБД алынған ақпаратты пайдаланушылар қорғау, өңдеу режимiн және осы ақпаратты пайдалану тәртiбiн бұзғаны үшiн ұлттық заңнамаға сәйкес жауап бередi.
8. Орталықтың Орталықтандырылған деректер банкiн құру және оның жұмыс iстеу тәртiбi ОАӨАҮО туралы ережемен реттеледi.
9. Құпия ақпарат алмасу тәртiбi, сондай-ақ одан әрi қорғау және онымен жұмыс iстеу тәртiбi жеке келiсiммен айқындалады.
7-бап
1. Келiсiлген бiрлескен халықаралық операцияларды және жедел-iздестіру iс-шараларын, оның iшiнде бақыланатын жеткiзулердi ұйымдастыруда, өткiзуде және үйлестiруде көмек көрсету бөлiгiндегi Орталық қызметiнiң шеңберiнде Тараптардың құзыреттi органдары арасындағы ынтымақтастық көмек көрсету туралы мүдделi Тараптардың сұрау салулары негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Көмек көрсету туралы сұрау салу жазбаша немесе электронды нысанда берiледi.
3. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ауызша түрдегi сұрау салу қабылдануы мүмкiн, ол 3 тәулiктiң iшiнде жазбаша немесе электронды нысанда расталуы тиiс.
4. Ақпаратты берудiң техникалық құралдарың пайдаланған кезде, сонда-ақ сұрау салудың түпнұсқалығына немесе түпнұсқа сұрау салынатын мазмұнына қатысты күмән туындаған жағдайда сұрау салынатын Тарап сұрау салатын Тараптан жазбаша немесе электронды нысанда растауды сұрай алады.
5. Көмек көрсету туралы сұрау салу:
сұрау салушы Тараптың атауын;
сұрау салынатын Тараптың атауын;
сұрау салудың мәнi мен оның негiздемесiн қысқаша баяндауды;
сұрау салуды орындау үшiн қажеттi басқа да мәлiметтердi қамтиды.
6. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды жылдам және мүмкiндiгiнше толық орындауды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. Сұрау салу оның келiп түскен күнiнен бастап 30 тәулiк iшiңде орындалады. Шұғыл қарауды қажет ететiн жағдайларда - 10 тәулiкке дейін, кейiнге қалдыруға болмайтын сұрау салулар алған кезде дереу орындалады.
7. Сұрау салынатын Тарап өз аумағында сұрау салуды орындау кезінде, егер бұл олардың заңнамасына қайшы келмесе, сұрау салушы Тараптың өкiлдерiне қатысуға рұқсат етуi мүмкiн.
8. Сұрау салуды орындау мүмкiн болмаған немесе орындаудан бac тартылған кезде, сұрау салынатын Тарап бұл туралы сұрау салушы Тарапты жазбаша нысанда дереу хабарландырады және сұрау салуды орындауға кедергi келтiретiн себептер туралы хабарлайды.
9. Егер сұрау салынатын Тарап оны орындау мемлекеттiң егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, басқа мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн болса немесе оның заңнамасына қайшы келедi деп ұйғарса, сұрау салуды орындаудан толық немесе iшiнара бас тартуы мүмкiн.
10. Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды дереу орындау оң аумағында жүзеге асырылатын қылмыстық қудалауға немесе өзге өндiрiске кедергi келтiруi мүмкiн деп ұйғарса, ол сұрау салуды орындауды кейінге қалдыра алады немесе сұрау салушы Тараппен консультациялардың негiзiнде қажеттi деп белгiленген талаптарды сақтай отырып, оның орындалуын байланыстыра алады. Сұрау салушы Тараптар ұсынылған талаптарда оған көмек көрсетуге келiскен жағдайда ол осы талаптарды сақтауы тиiс.
11. Тараптар ақпаратты, яғни Тараптардың ақпарат алмасуының мәнi болып табылатын есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi құжаттар мен материалдардың мазмұнын қорғауды және оның құпиялылығын қамтамасыз етедi.
12. Сұрау салушы Тарап алынған ақпаратты сұрау салуда көрсетiлген мақсаттарда ғана пайдаланады.
13. Ақпарат, оның iшiнде құжаттар мен материалдар осы ақпаратты берген Тараптың алдың ала жазбаша түрдегi келiсiмiнсiз ешкiмге де берiлмейдi.
14. Сұрау салуды оның құпиялылығын сақтамай орындау мүмкiн болмаған жағдайда сұрау салынатын Тарап бұл туралы сұрау салушы Тарапты хабардар етедi, ол мұндай жағдайларда сұрау салуды орындау туралы шешiм қабылдайды.
15. Тараптар өз аумағында сұрау салуды орындау жөнiндегi шығыстарды өздерi көтередi.
16. Егер Тараптар өзгелей туралы жазбаша уағдаластыққа қол жеткiзбесе, Тараптар қабылдаушы Тараптың аумағына өз өкiлдерiнiң iс сапарына және тұруына байланысты барлық шығыстарды өзi көтередi.
3. Орталықтың қызметiн ұйымдастыру 8-бап
1. Әрбiр Тарап Орталықтан өзара iс-қимыл жасасуды жүзеге асыратын Ұлттық үйлестiрушi органын және құзыреттi органдар тiзбесiн айқындайды, бұл туралы осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаннан кейiн 30 күн iшiнде депозитарийге жазбаша хабарлайды.
2. Тараптардың бiрiнiң құзыреттi органдарының тiзбесi өзгерген жағдайда ол бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлайды.
3. Тараптар ұлттық үйлестiрушi органдарға өздерiнiң мiндеттерiн орындауға мүмкiндiк беретiн, әсiресе тиiстi ақпаратқа қол жеткiзу бөлiгiндегi жағдайларды қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
9-бап
1. Тараптар Орталықтың қызметiн бақылауды Кеңес арқылы жүзеге асырады.
2. Кеңес құрамына әр мемлекеттен үйлестiрушi құзыреттi органның басшысы және Орталық директоры кiредi.
3. Кеңес Орталық қызметiнiң стратегиялық бағыттарын белгiлейдi.
4. Кеңестiң функцияларына мыналар кiредi:
Орталық қызметiнiң негiзгi бағыттарын айқындау және көптарапты есiрткiге қарсы операцияларды өткiзуге байланысты туындайтын мәселелердi шешу кезiнде көмек көрсету;
Орталық басшылығы лауазымына тағайындау үшiн кандидатураларды қарау және келiсу әрi мемлекет басшыларына оларды бекiтуге ұсыну;
Орталықтың құрылымы мен штаттық кестесiн бекiту;
Орталықтың қызметiн бақылау;
Орталықтың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзудi шешу үшiн қажеттi ресурстарды айқындау;
бюджеттi қалыптастыру, бекiту және оның орындалуын бақылау;
Орталықтың қызметi бойынша қаржы және аудиторлық есеп берудi зерделеу;
ақпаратты және деректер базасын қорғау деңгейiнiң жай-күйiн жүйелi түрде қарау;
Орталық пен Тараптардың құзыреттi органдары арасындағы даулы мәселелердi қарау;
Орталықтың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерден туындайтын басқа да функциялар.
5. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кем дегенде екi рет уағдаластық бойынша Тараптардың бiрiнiң аумағында өткiзiледi.
6. Кеңес отырысында, әдетте отырысты өткiзетiн мемлекеттiң өкiлi төрағалық етедi.
7. Кеңестiң отырыстарында шешiмдер консенсус негiзiнде қабылданады, егер отырыста Кеңес мүшелерiнiң кемiнде 3/4 қатысса, шешiм қабылданды деп есептеледi.
10-бап
1. Лауазымды адамдарды жұмыс iстеу үшiн Орталыққа жiберу тәртiбi жiберушi мемлекеттiң ұлттық заңнамасымен белгiленедi.
2. Орталық персоналының жұмыс мерзiмдерi, шарттары мен тәртiбi, сондай-ақ атқаратын лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен орындайтын мiндеттерiнiң сипаттары ОАӨАҮО туралы ережемен белгiленедi.
3. Орталықтың персоналын ақшалай ұстау Орталықтың бюджетiнен қамтамасыз етiледi.
11-бап
1. Өкiлеттi өкiлдер (байланыс офицерлерi) Орталыққа өздерi кадрында тұратын құзыреттi органдардың ұсынысы бойынша iс-сапарға жiберiледi және осы ведомстволардың кадрында қалдырылуы тиiс.
2. Өкiлеттi өкiлдердiң Орталықта болу мерзiмi жiберушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес белгiленедi.
3. Өкiлеттi өкiлдер Орталықтың штатына кiрмейдi.
4. Өкiлеттi өкiлдердiң мiндеттерi мен функциялары ОАӨАҮО туралы ережемен белгiленедi.
12-бап
1. Осы Келiсiмнiң Тарапы болып табылмайтын мемлекетке құзыреттi халықаралық ұйым белгiлеген тәртiппен бақылаушы мәртебесi берiлуi мүмкiн.
2. Бақылаушы мәртебесiн беру шарты, бақылаушылар өкiлдерiнiң мiндеттерi мен функциялары ОАӨАҮО туралы ережемен белгiленедi.
4. Артықшылықтар мен иммунитеттер 13-бап
1. Орталықтың лауазымды адамдары халықаралық қызметшiлер болып табылады.
2. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олар қандай да болмасын Тарапқа және/немесе үкiметке, ұйымға немесе жеке адамға сұрау салмауы немесе нұсқау алмауы тиiс.
3. Әрбiр Тарап Орталықтың лауазымды адамдарының функцияларының халықаралық сипатын мүлтiксiз құрметтеуге және олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде оларға ықпал етпеуге мiндеттенедi.
14-бап
1. Орталықтың лауазымды адамдары Тараптардың аумағында:
1) мыналарды:
рұқсат ету шектелген ақпаратты, егер ол басқа адамдардың игiлiгi болса, жария ету фактiлерiн;
Орталыққа немесе лауазымды адамға тиесiлi не оның басқаруындағы көлiк құралынан болған жол-көлiк оқиғасына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды;
лауазымды адамның тарапынан болған әрекеттен өлiмге немесе дене жарақатына байланысты келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, лауазымды адамдар ретiнде айтылған немесе олар жазған және барлық жасаған iс-әрекеттерi үшiн қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiк алмайды;
2) еңбекақы және Орталық төлейтiн өзге де сыйақылардан алынатын салықтардан босатылады;
3) мемлекеттiк борыштардан босатылады;
4) өздерiнiң отбасы мүшелерiмен бiрге иммиграция бойынша шектеулерден және шетелдiктер ретiнде тiркеуден босатылады;
5) валюта операциялары саласында Тараптардың аумағында дипломатиялық агенттерге берiлетiн артықшылықтарды пайдаланады;
6) халықаралық дағдарыстар уақытында дипломатиялық агенттер репатриация бойынша қандай жеңiлдiктердi пайдаланатын болса, өздерiнiң отбасы мүшелерiмен бiрге сондай жеңiлдiктердi пайдаланады;
7) лауазыммен бастапқы айналысқан және келiсiм-шарттың тоқтатылуына байланысты болған мемлекеттен кеткен кезде нақты қызмет көрсету түрлерi (қызметтер) үшiн төлем болып табылатындарды қоспағанда, кедендiк баж салығын, салықтар мен алымдар төлемей, автокөлiк құралын қоса алғанда, өздері жеке пайдалануға арналған мүлiктi болатын мемлекеттiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әкелуге/әкетуге құқылы.
2. Орталықтың қызметкерлерiне осы баптың 14.1.-тармағы 2) тармақшасының ережелерi қолданылады.
15-бап
1. Орталықтың лауазымды адамдары және олардың отбасы мүшелерi осы келісімде көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi баратын жерiне келе жатқанда болатын мемлекеттiң аумағына кiрген сәттен бастап немесе егер олар сол аумақта болса, лауазымды адамдар өздерiнiң мiндеттерiн орындауға кiрiскен сәттен бастап пайдаланады.
2. Лауазымды адам функциясын аяқтаған кезде оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, сондай-ақ болатын мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын оның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi бұл адам болатын мемлекеттен кеткен сәттен немесе 30 күн өткеннен кейiн тоқтатылады. Отбасы мүшелерi болуды тоқтатса, отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi қысқартылады, бiрақ түсiнiктемеде, егер мұндай адамдар болатын мемлекеттен 30 күннiң iшiнде кетуге ниет бiлдiрсе, онда олардың артықшылықтары мен иммунитеттерi олардың кету сәтiне дейiн сақталады.
3. Лауазымды адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерi олардың болатын мемлекеттен кету сәтiне дейiн немесе 30 күн өткенге дейiн оларға берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануды жалғастыра бередi.
16-бап
Орталықтың лауазымды адамдарына визалар ресiмдеу лауазымды атқару үшiн шақыру-хат немесе iссапар нұсқамасы болған кезде жеделдетiлген тәртiппен және ақысыз негiзде жүргiзiледi.
17-бап
1. Тараптардың өкiлдерiне олар өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттердегi Орталық ұйымдастыратын iс-шаралар өткiзу орнында болу уақытында және мынадай артықшылықтар мен иммунитеттер қайта берiледi:
жеке өзiн қамауға алу немесе ұстау және жеке қол жүгiн тұтқындау иммунитетi, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiктен олардың айтқаны немесе жазғаны, сондай-ақ олардың өкiлдер ретiнде жасаған барлық iс-әрекеттерi үшiн босату;
барлық қағаздар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық;
шифрдi пайдалану, курьерлер мен вализдер арқылы қағаздарды немесе хат-хабарды алу және жiберу құқығы;
олардың өздерiн және олардың жұбайларын (зайыптарын) шетелдiктердi иммиграциялау, тiркеу немесе олар уақытша болатын немесе өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн өтетiн елдегi мемлекеттiк борыштар жөнiндегi шектеулерден алу;
уақытша қызметтiк iссапарлардағы шетел үкiметтерiнiң өкiлдерiне ақша немесе валюта айырбастауға қатысты қандай жеңiлдiктер берiлсе, дәл сондай жеңiлдiктер;
дипломатиялық өкiлдiктерге олардың жеке қол жүгiне қатысты қандай иммунитеттер мен жеңiлдiктер берiлсе, дәл сондай жеңiлдiктер;
әкелiнетiн тауарларға (олардың жеке қол жүгiнiң бiр бөлiгiн құрамайтын) кеден алымдарынан немесе акциздiк алымдардан немесе сату алымдарынан босатуды талап ету құқығын қоспағанда, дипломатиялық өкiлдiктер пайдаланатын басқа да артықшылықтар, иммунитеттер мен жеңiлдiктер.
2. Сөз бостандығын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде тәуелсiздiктi қамтамасыз ету үшiн Тараптардың өкiлдерi олардан айтқан немесе жазған iс-әрекеттерге қатысты, сондай-ақ олардың шектеулi рұқсаты бар ақпаратты жариялау жағдайларын қоспағанда, олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаған барлық iс-әрекеттерге қатысты қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылады. Осы ереже Тараптардың өкiлдерi тиiстi тұлға болып табылуы тоқтағаннан кейiн де қолданысын жалғастыра бередi.
3. Егер салықтардың қандай да бiр нысанының салымы Тараптар өкiлдерiнiң өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қандай да бiр қатысушы-мемлекетте болған кезең тұру уақытына тәуелдi болған жағдайда тұру мерзiмiне есептелмейдi.
4. Осы баптың 17.1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелері азаматтықты алған немесе өзi өкiлi болып табылатын немесе болып табылған мемлекеттiң өкiлдерi мен билiктерi арасындағы өзара қарым-қатынасқа қолданылмайды.
18-бап
1. Өкiлеттi өкiлдер мен олардың отбасы мүшелерi артықшылықтар мен иммунитеттердi болатын мемлекеттегi дипломатиялық агент үшiн көзделген көлемде пайдаланады.
2. Бақылаушылардың өкiлдерiне берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердiң көлемi оның болу шарттары туралы болатын мемлекеттiң Үкiметi мен Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы арасындағы Келiсiммен айқындалады.
19-бап
1. Осы Келiсiммен бекiтiлген артықшылықтар мен иммунитеттерден басқа, Орталықтың лауазымды тұлғаларының өкiлеттi өкiлдерi мен бақылаушылардың өкiлдерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi тараптардың қалауы бойынша халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық агенттер мен олардың отбасы мүшелерiне берiлетiн басқа да артықшылықтар мен иммунитеттер бөлiнуi мүмкiн.
2. Лауазымды тұлғалар, өкiлеттi өкілдер, Тараптардың өкiлдерi мен бақылаушылардың өкiлдерi пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер оларға жеке пайдасы үшiн емес, Орталықтың мүддесiндегi өздерiнiң ресми функцияларын тиiмдi, тәуелсiз орындау үшiн берiледi.
3. Орталықтың лауазымды тұлғаларының, өкiлеттi өкiлдердiң жеке пайдасы немесе өзге де тұлғалардың пайдасы үшiн коммерциялық немесе кез келген басқа да қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
4. Осы Келiсiмге сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын барлық тұлғалар олардың артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрмей, Тараптардың заңнамасын құрметтеуге және олардың iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
20-бап
1. Орталықтың персоналы мен өкiлеттi өкiлдер Тараптар аумағындағы еркiн қозғалысты, егер бұл мемлекеттiк қауiпсiздiктiң түсiнiгi бойынша тыйым салынатын немесе реттелетiн аймақтар, келу туралы Тараптардың заңнамасына қарама-қайшы келмесе, олардың өздерiнiң ресми функцияларын орындау үшiн қандай мөлшерде қажет болса, соншалықты деңгейде пайдаланады.
2. Орталықтың персоналы мен өкiлеттi өкiлдер Тараптардың аумағында осы тұлғалардың мәртебесiн куәландыратын құжаттар ретiнде Тараптардың билiк органдары мойындайтын қызметтiк куәлiктердi пайдаланады.
3. Лауазымды тұлғалар және өкiлеттi өкiлдер, сондай-ақ олардың отбасылары үшiн болатын мемлекетте болған кезеңге және одан өзiнiң мемлекетiне қайтып оралғанда жiберушi мемлекеттiң заңдарымен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген барлық жеңiлдiктер, кепiлдемелер және төлемақылар, сонымен қоса ақшалай ұстау, тұрғын үйдi броньдап қою, медициналық қызмет көрсету жағдайларын, атағын, еңбек сiңiрген жылдарын, сондай-ақ оларға Орталыққа жiберiлер алдында атқарған лауазымынан төмен емес лауазым ұсынуды қоса алғанда, сақталады.
4. Орталық персоналын және өкiлеттi өкiлдерiн зейнетақымен қамтамасыз ету Тараптардың заңнамасы бойынша жүзеге асырылады.
5. Орталық персоналының және өкiлеттi өкiлдерiнiң жұмыс уақыты, сондай-ақ олардың жұбайларының (осы мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын) болатын мемлекеттiң аумағында болу уақыты Тараптардың заңнамасына сәйкес олардың еңбек өтiлiне есептеледi.
21-бап
1. Орталықтың мүлiгi мен активтерi қатысушы-мемлекет тарапынан әкiмшiлiк немесе сот араласуының кез-келген нысанынан иммунитеттi пайдаланады.
2. Орталықтың үй-жайы мен көлiк құралдары, сондай-ақ оның мұрағаттары мен құжаттары, оның iшiнде қызметтiк хат-хабарлары, олардың орналасқан жерiне қарамастан тiнтуге, реквизициялауға, конфискациялауға және Орталықтың қызметiне бөгет болатын кез келген басқа нысандағы қол сұғушылыққа жатпайды.
3. Орталықтың үй-жайы және көлiк құралдары кез-келген Тараптардың заңдары бойынша қудаланатын немесе кез-келген Тараптардың бiрiне немесе үшiншi мемлекетке берiлуi тиiс тұлғалар үшiн баспана бола алмайды.
4. Орталық үй-жайының және көлiк құралдарының қол сұғылмаушылығы Орталықтың мiндеттерiмен және функцияларымен үйлеспейтiн немесе Тараптардың қауіпсiздiгiне, олардың жеке және заңды тұлғаларының мүдделерiне зиян келтiретiн мақсатта оларды пайдалануға құқық бермейдi.
5. Орталық ақпаратты берудi қорғауды қамтамасыз ететiн шифрларды, курьерлiк және басқа байланыс түрлерiн пайдалануға құқылы. Орталық дипломатиялық курьерлер мен вализдер тәрiздi иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланатын курьерлердiң немесе вализ арқылы хат-хабарларды алуға және жiберуге құқылы.
6. Курьер қызметтiк хат-хабарды құрайтын, оның мәртебесi мен орындарының санын көрсете отырып ресми құжатпен жабдықталуы тиiс.
7. Қызметтiк хат-хабарды құрайтын барлық орындар, олардың сипатына қарай көрсететiн, көрiнетiн сыртқы белгiлерi болуы тиiс және ресми пайдалануға арналған тек қызметтiк құжаттар мен заттарды ұстай алады.
22-бап
1. Орталық оның активтерi және басқа меншiк барлық тiкелей салықтар мен алымдардан, қосымша құн салығынан (оның iшiнде болатын мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес қайтару нысанындағы), болатын мемлекеттiң аумағынан алынатын, сондай-ақ қызмет көрсетудiң (қызметтердiң) нақты түрлерi үшiн төлемдер болып табылатындарды қоспағанда, Орталықтың үй-жайы үшiн бөлiнген жалға алу төлемiнен босатылады.
2. Орталық болатын мемлекеттiң аумағынан алынатын, Орталықтың үй-жайы үшiн бөлiнген жалға алғаны үшiн төлемақыны қоса алғанда, барлық тiкелей салықтардан, алымдардан, баждардан және басқа төлемдерден босатылады.
3. Орталықтың ресми түрде пайдалануына арналған мүлiк пен заттар Тараптардың аумағында кедендiк төлемдердi, кедендiк баж салығын, салықтарды және осыған байланысты алымдар мен төлемдердi төлеуден босатылады, тасымалдағаны, сақтағаны, осы орындар үшiн белгiленгеннен тыс немесе тиiстi кедендiк органның жұмыс уақытынан тыс кедендiк ресiмдеу үшiн алымдарды қоспағанда, сондай-ақ кедендiк ресiмдегенi үшiн қызметтердiң және осы тәрiздi қызметтердiң төлемiнен халықаралық ұйымдар үшiн көзделген тәртiппен босатылады.
5. Қорытынды ережелер 23-бап
1. Орталықтың жалауы, эмблемасы және басқа рәмiздерi болады және оларды өздерi орналасқан Орталықтың үй-жайлары мен автокөлiк құралдарында орналастыра алады.
2. Тараптар Орталықтың ресми құжаттарын, мөрлерiн, мөртабандары мен Рәмiздерiн мойындайды.
24-бап
Орыс тiлi Орталықтың ресми және жұмыс тiлi болып табылады.
25-бап
Осы Келiсiм Келiсiмнiң мәнi болып табылатын және оның мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн мәселелер бойынша Тараптардың басқа халықаралық шарттарды жасасу құқықтарын шектемейдi. Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын өзге халықаралық келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
26-бап
Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын мәселелер мүдделi Тараптар арасында кеңестер мен келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
27-бап
Осы Келiсiмнiң депозитарийi Орталықтың болатын мемлекетi болып табылады. Осы Келiсiмнiң расталған көшiрмелерi оған қол қойылған күнiнен бастап 15 күн iшiнде басқа Тараптардың депозитарийлерiне таратылады.
28-бап
1. Осы Келiсiм төртiншi бекiтiлген грамотаны Депозитарийге сақтауға берiлген күннен бастап 30 күнiне бекiтiлуi тиiс және күшiне енедi.
2. Осы Келiсiмнiң мәтiнiне хаттамалармен ресiмделетiн және Депозитарийдiң Тараптардың мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы төртiншi жазбаша хабарламаны алғаннан кейiн күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтыруларды барлық Тараптардың келiсiмiмен енгiзуге болады.
3. Осы Келiсiм басқа да мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық Тараптар Келiсiмге қосылу туралы шешiмдi консенсус негiзiнде қабылдайды.
4. Осы Келiсiм қосылған мемлекет үшiн депозитарийден қосылу туралы құжатты алған күнiнен бастап 30 күнiне күшiне енедi.
5. Кез-келген Тарап осы Келiсiмнен болжамды шығу күнiне дейiнгi 3 айдан кешiктiрмей бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, шыға алады. Депозитарий осы ниетi туралы басқа Тараптарды шығу туралы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап 15 күн iшiнде хабарлайды.
200__ жылғы "___"________ _________қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Әзiрбайжан Республикасы үшiн
________________
Тәжiкстан Республикасы үшiн
________________
Қазақстан Республикасы үшiн
________________
Түркіменстан үшiн
________________
Қырғыз Республикасы үшiн
________________
Өзбекстан Республикасы үшiн
________________
Ресей Федерациясы үшiн
________________
Есiрткi құралдарының, психотроптық
заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз
айналымына қарсы күрес жөнiндегi
Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру
орталығын құру туралы Әзiрбайжан Республикасы,
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы,
Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы,
Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы
арасындағы келiсiмге қосымша
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың
прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi
Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы туралы
ереже
Осы Ереже есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығының мiндеттерi мен функцияларын, оларды iске асыру, ОАӨАҮО-ға жұмыс iстеу үшiн Тараптар жiберген адамдарды тағайындау және қайта шақыртып алу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Мiндеттерi мен функциялары
1. Орталықтың мiндеттерi мен функциялары:
есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi қатысушы-мемлекеттердiң күш-жiгерлерiн өңiрлiк деңгейде үйлестiру;
қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өзара iс-қимыл тетiктерiн құру;
есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдарының арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу;
келiсiлген бiрлескен операциялар мен жедел-iздестiру iс-шараларын, оның iшiнде бақыланатын жеткiзулердi ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдесу;
есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы ақпаратты жедел-iздестiру және анықтамалық жинау, сақтау, талдау және алмасуды ұйымдастыру;
ақпараттық жүйелердi, оның iшiнде Тараптардың құзыреттi органдарының деректер базасын бiрiздендiру жөнiндегi шараларды iске асыруға жәрдемдесу ақпаратты жүйелi түрде жинақтау жөнiндегi рәсiмдердi әзiрлеу, Орталықтың деректер банкiн қалыптастыру және толықтыру;
стандартталған нысандар мен ақпарат алмасу жүйелерiн енгiзу;
жедел ақпаратты талдаудың жаңа бағдарламаларын енгiзу;
есiрткi жағдайын талдау және тиiстi ұсынымдар әзiрлеу;
тараптардың құзыреттi органдарына, сондай-ақ аумақтары олардың өтiнiшi бойынша есiрткiге қарсы бағдарламаларды iске асыруда есiрткiнi заңсыз өндiру және тасымалдау үшiн пайдаланылатын басқа мемлекеттерге жәрдемдесу;
есiрткi айналымын бақылау саласындағы қатысушы-мемлекеттердiң нормативтiк құқықтық базаларын үйлестiруде жәрдем көрсету;
есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес әдiстерiн жетiлдiру және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерi бойынша конференциялар, тренингтер, семинарлар өткiзу болып табылады.
2. Персонал
2. Орталықты Кеңестiң ұсынысы бойынша қатысушы-мемлекеттердің басшылары тағайындайтын және босататын Директор басқарады.
3. Орталық қызметiнiң алғашқы екi жылына Директор лауазымына Орталық болатын мемлекеттiң өкiлi тағайындалады. Кейiннен Директор лауазымына екi жыл мерзiмге мемлекеттер атауларының орыс алфавитi тәртiбiнде ротациялық негiзде қатысушы-мемлекеттердiң өкілдері тағайындалады.
4. Директор өз еркi бойынша немесе қатысушы-мемлекеттердiң бiрiнiң дәлелдi ұсынысы бойынша атқарып отырған лауазымынан мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
5. Лауазымға бекiтудiң немесе одан босатудың ұқсас тәртiбi (3.2.-тармақтан басқа) Директордың орынбасарына/орынбасарларына қолданылады, бұл ретте Директор, Директордың орынбасары/орынбасарлары бiр мемлекеттiң азаматтары бола алмайды.
6. Орталық Директоры:
Орталыққа жалпы басшылық жасауды жүзеге асырды және Орталыққа жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапкершiлiкте болады;
Кеңеске Орталықтың құрылымы мен штат кестесiн бекiтуге ұсынады;
Директор орынбасарының/орынбасарларының, Орталықтың басқа да лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ қызметкерлерiнiң функцияларын, құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды, оларға көтермелеу және тәртiптiк жазалау шараларын қолданады;
бұйрықтар, оның iшiнде Орталықтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерiн лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы бұйрықтар шығарады;
мемлекеттiк билiк және Тараптарды басқару және басқа да мемлекеттердiң органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Орталықтың мүддесiн бiлдiредi;
Орталықтың бюджет қаражатына билiк етушi болып табылады, жыл сайын шығыстардың негiздiлiгi үшiн Кеңес алдында есеп бередi.
7. Директордың Орталықтың атынан шарттар жасасуға, Орталықтың қызметi үшiн қажеттi жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi сатып алуға және жалға беруге, оларға билiк етуге, банк шоттарын ашуға және оларға басшылық етуге, сотта талап қоюшы немесе жауап берушi болуға, донор-мемлекеттердiң, халықаралық қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың қаржылық және басқа да ресурстарын тарту мүмкiндiгiн зерделеуге құқылы.
8. Орталықтың қызметкерлерi жұмысқа конкурстық негiзде келiсiм-шарт бойынша қабылданады.
9. Орталықтың лауазымды тұлғаларының:
жеке пайдасы немесе басқа да тұлғалардың пайдасы үшiн (ғылыми, шығармашылық және оқытушылықтан басқа) коммерциялық немесе өзге де қызметпен айналысуға;
халықаралық қызметшiлердiң дәрежесiне сәйкес келмейтiн қызметпен, атап айтқанда саяси партиялар мен бiрлестiктердiң мүддесiне қызмет бабын пайдалануға;
жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардан өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауына және/немесе тиiсiнше орындамауына байланысты сыйақылар (сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, несиелер, көңiл көтеру, демалу төлемдерiн және өзге де сыйақылар) алуға;
мемлекеттiк билiктiң заңды (өкiлеттi) органының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының депутаты болуға;
Орталықтың материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету қаражатын, сондай-ақ басқа да мүлкiн қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ.
10. Орталықтың персоналы және өкiлеттi өкiлдерi Орталыққа зиян келтiретiн iс-әрекеттерге немесе жария түрдегi, жазбаша немесе ауызша әңгiмелерге жол бермеуi тиiс.
11. Орталық персоналын ақшалай ұстау Орталықтың бюджетiнен қамтамасыз етiледi.
12. Орталық персоналына ұзақтығы Орталықтағы жұмыстың әрбiр айы үшiн екi жарым тәулiк есебiнен белгiленетiн жыл сайын төленетiн еңбек демалысы берiледi.
13. Лауазымды тұлғаның келiсiм-шартын жасасу және тоқтату кезiнде барлық ұйымдастырушылық-қаржылық мәселелердi Орталық шешедi.
14. Лауазымды тұлғамен келiсiм-шартты тоқтату үшiн:
келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуы;
лауазымды тұлғаның өз бастамасы;
Орталықты тарату, қайта ұйымдастыру немесе оның штатын қысқарту;
лауазымды тұлғаның өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы;
лауазымды тұлғаны жiберушi мемлекеттiң шақыртып алуы;
тараптардың еркiне тәуелдi емес жағдайлар бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындау мүмкiндiгiнiң болмауы негiз болып табылады.
15. Орталықтың персоналына белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
3. Персоналды iрiктеу, жiберу және шақыртып алу тәртiбi
16. Лауазымды тұлғалар жұмысқа Тараптардың ұсынысы арқылы келiсiм-шарт бойынша екi жыл мерзiмге конкурстық негiзде қабылданады. Келiсiм-шартты жiберушi мемлекеттiң келiсiмi бойынша Директор ұзарта алады.
17. Орталықта бос лауазымдарға кандидаттарды iрiктеу Тараптардың құзыреттi органдары өкiлдерiнiң қатарынан және Тараптардың қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Кандидаттарды iрiктеу Тараптар үшiн тең өкiлдiк қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Кандидаттарды жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органдары тексеруi тиiс және құпия құжаттармен және материалдармен жұмысқа қажеттi рұқсаты болуы тиiс.
18. Кандидаттар мынадай негiзгi талаптарға жауап беруi тиiс:
Тараптардың бiрiнiң азаматы болуы;
нақты лауазымға тағайындалатын тұлғаларға қойылатын тиiстi талаптарға кәсiби дайындығы (бiлiктiлiгi) болуы;
Тараптардың құзыреттi органдарында практикалық жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
ресми тiлдi еркiн меңгеруi;
жұмысты ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық құралдарымен, бiрiншi кезекте компьютер жүйелерiмен, сондай-ақ байланыс жүйелерiмен жұмыс iстеу дағдысының болуы;
жоғары бiлiмiнiң болуы.
19. Кандидаттар мынадай бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс:
1) орталық директоры - жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органының орталық аппаратында кемiнде 15 жыл, оның iшiнде Орталықтың құзыретiне кiретiн мәселелердi шешуге байланысты басшы лауазымдарда кемiнде 10 жыл кәсiби жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
2) директордың орынбасары - жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органының орталық аппаратында кемiнде 12 жыл, оның iшiнде Орталықтың құзыретiне кiретiн мәселелердi шешумен байланысты басшы лауазымдарда кемiнде 8 жыл кәсiби жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
3) кеңесшi - жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органының орталық аппаратында кемiнде 10 жыл кәсiби жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
4) аға маман - жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органының орталық аппаратында кемiнде 8 жыл кәсiби жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
5) маман - жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органының орталық аппаратында кемiнде 5 жыл кәсiби жұмыс тәжiрибесiнiң болуы.
20. Орталықтың техникалық персоналы лауазымына кандидаттар мынадай бiлiктiлiк талаптарына жауап беруi тиiс:
1) аударма функциясын жүзеге асыратын персонал - үздiксiз аударма жұмысында кемiнде 3 жыл тәжiрибесiнiң болуы, орыс және ағылшын тiлдерiн еркiн, сондай-ақ, мүмкiндiгiнше болатын мемлекеттiң мемлекеттiк тiлiн меңгеруi;
2) бухгалтерлiк функцияны жүзеге асыратын персонал - мемлекеттiк құрылымдарда және халықаралық ұйымдарда бас бухгалтер ретiнде кемiнде 5 жыл үздiксiз жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
есепке елу мақсаттары үшiн ақпаратты компьютерлiк өңдеу базаларын пайдалана және жетiлдiре бiлуi;
орыс және ағылшын тiлдерiн меңгеруi, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасу бiлiмiнiң/тәжiрибесiнiң болуы;
3) шаруашылық функциясын орындайтын персонал:
жоғары немесе арнайы инженерлiк-техникалық бiлiмiнiң болуы;
мамандығы бойынша кемiнде 3 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
коммуналдық қызмет көрсету жүйелерiн пайдалануда және жөндеуде тәжiрибесiнің болуы және кеңсе жабдығының әр түрiмен жұмыс iстей бiлуi;
қолданыстағы жүргiзушi куәлiгiнiң және жүргiзу дағдысының болуы;
4) кеңсе және мұрағат жұмысына жауап беретiн персонал:
жоғары немесе орта арнайы бiлiмiнiң болуы;
iс жүргiзудi, оның iшiнде құпия iс жүргiзе бiлуi. Құжаттармен және мұрағатпен кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
компьютерлiк жүйелермен жұмыс iстеу дағдысының болуы;
орыс және мүмкiндiгiнше, ағылшын тiлдерiн меңгеруi;
5) хатшы-машинист функциясын жүзеге асыратын персонал:
кемiнде 5 жыл хатшылық жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
компьютерлiк жүйелермен және автоматтандырылған кеңсе құралдарымен жұмыс iстеу дағдыларының болуы;
орыс және мүмкiндiгiнше, ағылшын тiлдерiн меңгеруi тиiс.
4. Өкiлеттi өкiл
21. Өкiлеттi өкiлдер, олар кадрында тұрған Тараптардың құзыреттi органдарының ұсынысы бойынша Орталыққа iс-сапарға жiберiледi. Өкiлеттi өкiлдiң жұмыс iстеу мерзiмi мен тәртiбi жiберушi мемлекеттiң заңнамасына сәйкес белгiленедi.
22. Орталыққа жiберiлетiн өкiлеттi өкiл мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
құзыреттi органдардың жедел бөлiмшелерiнде кемiнде 10 жыл кәсiби жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
құзыреттi органның орталық аппаратындағы басшы лауазымдарда жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
талдау жұмысы дағдыларының болуы;
жұмысты ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық құралдарымен, оның iшiнде компьютерлiк жүйелермен жұмыс iстеу дағдыларының болуы;
Орталықтың ресми тiлiн меңгеруi;
құпия ақпаратпен жұмыс iстеуге рұқсатының болуы.
23. Орталықтағы өз қызметiнде өкiлеттi өкiл мыналарға мiндеттi:
жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органдарының мүддесiн бiлдiруге;
Орталық пен жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органдары арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге;
басқа қатысушы-мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға;
Орталықта алынған және өкiлеттi өкiлдерден алынған ақпаратты бағалауға және оны жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органдарына беруге;
Орталықтың сұрау салуы бойынша жiберушi мемлекеттен немесе басқа да қатысушы-мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiнен алынған ақпаратты талдауға қатысуға;
Орталыққа және ұлттық заңнаманың ережесiне қатысты басқа да қатысушы-мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiне кеңес беруге;
қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдары, ұлттық құзыреттi органдары және Орталық арасындағы ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды дамытуға жәрдемдесуге;
бақыланатын жеткiзулердi қоса алғанда, келiсiлген бiрлескен халықаралық операциялар, жедел-iздестiру iс-шараларын ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдесуге;
жiберушi қатысушы-мемлекеттегi есiрткi жағдайын дамыту туралы Орталыққа және қатысушы-мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiне ақпарат беруге;
қатысушы-мемлекеттердiң заңнамаларын үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
OAӨAYO-ның ОДБ толықтыруға қатысуға.
24. Орталық өкiлеттi өкiлге олар өздерiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде қолдау көрсетедi, оның iшiнде:
өкiлеттi өкiлдiң сұрау салуларын уақытылы қарайды және басқа да қажетті жәрдем көрсетедi;
жабдықталған үй-жайды берудi қоса алғанда, өкiлеттi өкiлдiң тиiмдi қызметiн қамтамасыз етедi;
өкiлеттi өкiлдiң қызметi барысында туындайтын мәселелердi уақытылы шешедi.
25. Өкiлеттi өкiл:
Орталық директорының жетекшiлiк ететiн орынбасарымен өзiнiң жұмысын үйлестiредi;
Орталықтың iшкi ережесiн сақтайды;
Орталықтың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзуге күш-жiгерiн қосады;
өзiнiң қызметi туралы Орталықтың басшылығына ай сайын ақпарат бередi.
26. Өкiлеттi өкiл өзiне жүктелген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, Директор жiберушi мемлекеттiң құзыретті органының мекен-жайына оны мерзiмiнен бұрын шақыртып алу туралы ұсыныс жiберуге құқылы.
27. Өкiлеттi өкiл берiлген рұқсат және орындалатын мiндеттер деңгейiне сәйкес келетiн дәрежеде OAӨAYO-ның ОДБ пайдалануға құқығы бар.
28. Өкiлеттi өкiлге жыл сайынғы және басқа да демалыстарды Орталық басшылығының келiсiмi бойынша оның баянатының негiзiнде жiберушi мемлекеттiң ұлттық құзыреттi органы бередi.
29. Өкiлеттi өкiл ұлттық даталар бөлiгiнде ұлттық заңнамаға сүйенедi және Орталыққа өз мемлекетiнiң құзыреттi органы растаған ұлттық даталардың тiзiмiн ұсынады.
5. Бақылаушы
30. Орталықтың жанындағы бақылаушы мәртебесi үшiншi тарапқа берiлуi мүмкiн. Мәртебе беру және тоқтату туралы немесе оның күшiн жою туралы шешiмдi Кеңес қабылдайды.
31. ОАӨАYО жанындағы бақылаушы мәртебесiн беру рәсiмi:
ОАӨАҮО Директорына мемлекеттiң, құзыреттi халықаралық ұйымның дәлелдi жазбаша өтiнiшiн;
ОАӨАҮО Директорының аталған өтiнiштi Кеңестiң қарауына енгiзуiн;
Кеңестiң өтiнiштi қарауы және консенсус негiзiнде бақылаушы мәртебесiн беру туралы шешiм қабылдауын көздейдi;
32. ОАӨАҮО жанында бақылаушы мәртебесi бар мемлекет, халықаралық ұйым Орталықпен байланысты Орталықтағы өздерiнiң өкілдepi арқылы жүзеге асырады.
33. Орталыққа жiберiлген бақылаушы мемлекеттiң өкiлi мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиiс:
ұлттық құзыреттi органдарда қызметте болуы;
жедел бөлiмшелерде кем дегенде 10 жыл кәсiби тәжiрибесi болуы;
құзыреттi органның орталық аппаратында басшы лауазымдарда жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
талдау жұмысында дағдыларының болуы;
жұмысты ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық құралдарымен, оның iшiнде компьютерлiк жүйелермен жұмыс iстеу дағдыларының болуы;
қажет болған жағдайда құпия ақпараттармен жұмыс iстеуге тиiстi рұқсатының болуы;
құпия ақпаратпен жұмыс iстеуге рұқсатының болуы.
34. Бақылаушының өкiлi өз қызметiнде:
Орталық пен жiберушi мемлекеттiң құзыреттi органдары, халықаралық ұйымдар арасында өзара мүдделiлiк тудыратын ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi;
қатысушы мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, бақылаушы мемлекеттiң өкiлi:
жiберушi мемлекеттiң құзыретті органдарының мүддесiн бiлдiредi;
Орталыққа және қатысушы мемлекеттердiң өкiлеттi өкiлдерiне ұлттық заңнама ережелерiне қатысты кеңес бередi;
қажет болған жағдайда келiсiлген бiрлескен халықаралық операциялар, жедел-iздестiру iс шараларын, оның iшiнде бақыланатын жеткiзулердi ұйымдастыруға және өткiзуге жәрдемдеседi;
жiберушi мемлекеттегi есiрткi ахуалының дамуы туралы Орталықты хабардар етедi.
35. Бақылаушының өкiлi:
талқыланатын тақырып бойынша сөз сөйлеу мүмкiндiгi берiле отырып, дауыс беруге құқынсыз есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары басшыларының ресми ашық кездесулерiне қатысуға;
кейiннен қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдарына қарауға беру үшiн өз ұсыныстарын ОАӨҮО Директорына енгiзуге;
Орталықтың құзыретi шеңберiнде сұрау салу жiберуге және алуға құқылы.
36. Бақылаушы өкiлiнiң болатын мемлекетте болу шарттары болатын мемлекеттiң Үкiметi мен Есiрткiнiң, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi Орталық Азиялық өңiрлiк ақпараттық үйлестiру орталығы арасындағы болу шарттары туралы Келiсiммен реттеледi.
6. ОАӨАYО-ның орталықтандырылған деректер банкi
37. ОАӨАҮО-ның ОДБ дегенiмiз - өзiне деректер базасын, техникалық және бағдарламалық құралдарды, коммуникациялық жабдықты, деректердi автоматтандырылған түрде жинауды, сақтауды, өңдеудi және оларды қорғауды қамтамасыз етуге арналған перифериялық және басқа құрылғыларды қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйенi бiлдiредi.
38. ОАӨАҮО-ның ОДБ құрудың негiзгi мақсаттары:
қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдарының есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл саласындағы ақпараттық ресурстарын жинау және сақтау;
осы проблемаға қатысты әртүрлi мәлiметтердi талдау;
ақпараттық ресурстар алмасу саласындағы құқық қорғау қызметiн өңiрлiк үйлестiрудi жақсарту болып табылады.
39. ОАӨАҮО-ның ОДБ-да қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары мен ОАӨАҮО бiрлесiп пайдалануына арналған есiрткiнiң заңсыз айналымына және онымен байланысты қылмысқа қатысты ақпарат жинақталады.
40. ОАӨАYО-ның ОДБ қатысушы мемлекеттердiң ақпарат алмасу және қорғау жөнiндегi ұлттық заңнамасының ережелерiн ескере отырып, қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан, сондай-ақ басқа ақпарат көздерiнен келiп түсетiн ақпараттық ресурстар негiзiнде қалыптасады.
41. ОАӨАҮО-ның ОДБ жұмыс iстеуi тиiстi тексерiстен және сертификациядан өткен стандартталған техникалық және бағдарламалық құралдарды, сондай-ақ есептiк деректердiң бiрыңғай форматтары мен жiктемелерiн, ОАӨАYО белгiлеген тәртiппен ақпарат алмасудың стандартты хаттамалары мен регламенттерiнiң негiзiнде, қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңнамасының ережелерiн ескере отырып, бiрдейлендiрiлген ақпараттық ресурстарды қолдана отырып, жүзеге асырылады.
42. ОАӨАҮО ОДБ-ның жұмыс iстеуi үшiн ОАӨАҮО жауапты болып табылады, ол қатысушы мемлекеттермен бiрлесiп OAӨAYO ОДБ-ның бағдарламалық-техникалық кешенiнiң үздiксiз пайдаланылуын, рұқсат беру шектелген мәлiметтермен жұмыс жөнiндегi талаптарды сақтай отырып, ақпаратты автоматтандырылған түрде жинауды, өңдеудi, жүйелеудi және сақтауды қамтамасыз етедi.
43. ОАӨАҮО-ның ОДБ-да жинақталған ақпараттық ресурстарының меншiк иесi оларды берген қатысушы мемлекет болып табылады. ОАӨАҮО-ның ОДБ-дағы мәлiметтердi барлық қатысушы мемлекеттердiң сұрау салу негiзiнде және ақпараттың меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша пайдалануын ОАӨАҮО қамтамасыз етедi. ОАӨАҮО ОДБ-дағы ақпаратты ОАӨАҮО-ға кiрмейтiн мемлекеттерге немесе құзыреттi халықаралық ұйымдарға беру қажет болған жағдайда ақпарат алуға рұқсат беру мәселесi ОАӨАҮО ОДБ-ға ақпарат ұсынған қатысушы мемлекеттiң келiсiмi бойынша шешiледi.
44. Есiрткiнi заңсыз айналымнан алу фактiлерi, оған ықпал еткен жағдайлар туралы мәлiметтердi қамтитын ақпарат; есiрткiнiң заңсыз айналымына қатысы бар жеке және заңды тұлғалар; қатысушы-мемлекеттердiң тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерi туралы мәлiметтер; осы салаға қатысты анықтамалық, талдау және статистикалық материалдар. ОАӨАҮО-ның ОДБ-ға, сондай-ақ және қатысушы мемлекеттер ұсынған, есiрткiнiң заңсыз айналымы мәселелерiне қатысты өзге де мәлiметтер қамтылуы мүмкiн. Берiлетiн ақпаратта қамтылған деректер тiзбесi осы Ережеге қосымшада келтiрiлген.
45. Қатысушы-мемлекеттер ұсынылатын ақпараттың ОАӨАYО-ның ОДБ тiзбесiне сәйкес толықтығын, дәлдiгiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
46. Әрбiр ақпараттық хабарлама оны жiберушi меншiк иесi - қатысушы-мемлекет және құзыреттi орган, сондай-ақ ондағы мәлiметтерде қамтылғандарға рұқсат тәртiбi туралы мәлiметтермен бiрге OAӨYO-ның ОДБ-да сақталады.
47. ОАӨАҮО және қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдары OAӨAYO-ның ОДБ пайдаланушылары болып болып табылады.
48. ОАӨАҮО ОДБ шеңберiнде ақпарат алмасу байланыстың қорғалған арналарын пайдалануды, ақпарат көзiн сәйкестендiрудi және түпнұсқаландыруды; пайдаланушылардың авторлығын басқаруды қамтамасыз етудi және санкцияланбаған енудiң жолын кесу, сондай-ақ ақпаратты пайдалануды тиiстi тiркеу журналын жүргiзудi өзiне қамтитын ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып жүзеге асырылады.
49. ОАӨАҮО-ның ОДБ пайдаланушылары ақпаратты қорғау деңгейiн ескере отырып, қатысушы-мемлекеттермен келiсiм бойынша белгiлейтiн, тиiстi рұқсат деңгейi үшiн көзделген көлемде ақпарат алады.
50. ОАӨАҮО ОДБ-ға ақпарат ұсынған құзыреттi орган оған тиiстi рұқсат деңгейiн белгiлейдi және оны таңдағаны үшiн жауап бередi. Ақпаратқа рұқсат деңгейiн таңдау кезiнде құзыреттi органдар олардың ұлттық заңнамасына сәйкес ақпараттың жiктемесiн ескередi.
51. ОАӨАYО қатысушы-мемлекеттердiң құзыреттi органдарын оларға қатысты ақпарат туралы, сондай-ақ қылмыстар пен құқық бұзушылықтар арасында табылған байланыстар туралы хабарлайды.
52. Ақпарат алмасу процесiнде не ОАӨАҮО-ның ОДБ-дан алынған ақпаратты пайдаланушылар олардың ұлттық заңнамасына сәйкес осы ақпаратты қорғау, өңдеу режимiн және пайдалану тәртiбiн бұзғаны үшiн жауап бередi.
53. OAӨAҮO қатысушы-мемлекеттермен бiрлесiп:
деректердi ұсынудың және берудiң қолданыстағы сәйкестендiрiлген форматын зерделейдi және әзiрлейдi, оларды ОАӨАҮО-ның ОДБ-да пайдалану, сондай-ақ оларды өңдеу және мүдделi пайдаланушыларға ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;
қатысушы-мемлекеттер құзыреттi органдарының ұйымдастырылған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiнiң әр түрлi бiрлескен жұмыстарының тәртiбiн ОАӨАYО-ның ОДБ әзiрлеуге арналған жүйелi техникалық тапсырманы дайындауды қамтамасыз етедi;
бас есептеуiш кешен және ОАӨАҮО-ның ОДБ ақпараттық ресурстарына қашықтықтан қол жеткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн қатысушы-мемлекеттердiң есептеу кешендерi жүйелерiнiң және абоненттiк пункттерiнiң құрамында ОАӨАҮО ОДБ жүргiзу үшiн аппараттық платформаға құрамын және талаптарын бекiтедi;
ақпаратты беру мен алудың мерзiмiн және тәртiбiн белгiлейдi;
есепке алу құжаттарының нысандарын, есеп беру бланкiлердiң үлгiлерiн және оларды толтыру тәртiбiн белгiлейдi.
54. Қатысушы-мемлекеттер бас есептеу кешендерiнiң қатысушы мемлекеттердiң есептеу кешендерiмен және абоненттiк пункттерiмен өзара iс-қимылды ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн қорғалған байланыс арналарын бөлудi; OAӨAYO ОДБ-ның қатысушы-мемлекеттердiң автоматтандырылған ақпарат жүйелерiмен өзара iс-қимылды қамтамасыз ету үшiн ақпаратты сақтау мен алмасудың, деректердi жинаудың, сақтаудың, өңдеудiң және оларды мүдделi орындаушыларға берудiң тәртiбiн бiрыңғай форматтарына ұйымдастырылған деректердi түрлiше келтiрудi қамтамасыз ететiн аппараттық-бағдарламалық кешендердi және қолданбалы бағдарламалық өнiмдердi құруды қамтамасыз етедi.
55. Қатысушы-мемлекет ОАӨАҮО құру туралы келiсiмнен шыққан жағдайда бұл мемлекет ұсынған ақпаратты одан әрi пайдалануға құқық онымен келiсiм бойынша шешiледi.
56. OAӨAҮO қызметi қайта ұйымдастырылған немесе тоқтатылған жағдайда OAӨAYO-ның ОДБ-дағы ақпаратты одан әрi пайдалану мәселесiн қатысушы-мемлекеттер келiссөздер жолымен шешедi.
7. Ұлттық үйлестiруші орган
57. Ұлттық үйлестiрушi орган:
Орталыққа жедел және өзге ақпарат ұсынады;
АӨАҮО-ның ОДБ-ға ақпарат ұсынады;
ақпарат ұсыну туралы Орталықтың сұрау салуларына ден қояды;
жедел және өзге ақпаратқа сараптамалық баға беру туралы Орталыққа сұрау салады;
ОАӨАҮО-ның ОДБ-дан жедел және өзге ақпарат ұсыну туралы Орталыққа сұрау салады не оны басқа қатысушы-мемлекеттерден сұратады;
бiрлескен операциялар, жедел-iздестiру iс-шараларын, оның iшiнде бақыланатын жеткiзулердi өткiзу үшiн Орталыққа сұрау салулар бередi және алады;
ұлттық заңнама бойынша түсiнiктер бередi.
8. Бюджет, аудит және қаржылық басқарма
58. Барлық мiндеттемелер мен төлемдер шығыстарын, сондай-ақ түсiмдердi жинауды бақылауды қаржы бақылаушылары мен аудиторлар жүзеге асырады. Түсiмдер мен шығыстардың жекелеген баптары кейiнгi мониторингтiң мәнi болуы мүмкiн.
59. Орталық Директоры әр үш ай сайын кеңеске, сондай-ақ Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен донор-мемлекеттерге қаржылық есеп бередi.
60. Қаржы жылы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн созылады.
61. Бюджетке енгiзiлген барлық түсiмдер мен шығыстар бойынша шоттар, сондай-ақ баланстық есеп жыл сайынға аудитке жатады. Осы мақсат үшiн директор келесi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, Кеңеске жылдық есеп бередi.
62. Орталықтың Директоры аудиторларды барлық ақпаратпен қамтамасыз етедi және оларға өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажет болуы мүмкiн барынша жәрдем көрсетедi.
63. Кеңес тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi орындауға рұқсат ету туралы шешiмдi жылдық қаржылық есеп бойынша аудиторлардың ресми пiкiрi негiзiнде өзгертуi мүмкiн.
64. Қаржылық бақылаушы жұмысқа конкурстық негiзде қабылданады. Қаржылық бақылаушыны Кеңес тағайындайды және босатады. Өзiнiң мiндеттерiн орындай отырып, қаржылық бақылаушы Кеңеске ғана есеп бередi.
65. Қаржылық бақылаушы мен Орталық бухгалтерiнiң функциясын бiр адам атқара алмайды.
66. Қаржылық бақылаушының функциясына мыналар кiредi:
Орталықтың барлық шығыстары бойынша мiндеттемелер;
Орталықтың барлық шығыстарын жүзеге асыру;
Орталықтың барлық түсiмдерi.
Қаржылық бақылаушы кейiннен түсiмдер мен шығыстардың жекелеген баптарының мониторингiн жүзеге асырады.
67. Қаржылық бақылаушы жеткiлiктi негiз бар болған жағдайда қаржылық операцияларды орындауды бекiтпеуi мүмкiн. Бұл жағдайда ол Орталықтың басшылығын және бухгалтердi олар қабылдаған шешiмнiң себептерi мен негiздiлiгiн көрсете отырып хабардар етедi.
Мұндай жағдайда Директор қаржылық бақылаушының бас тартуын қарайды және қаржылық бақылаушының дәлелдерiмен келiседi не келiспейдi және аталған қаржылық операцияның орындалуын бекiтедi.
Осыған ұқсас әрбiр жағдаймен Кеңес және аудиторлар дереу хабардар етiледi.
68. Әрбiр тексерiс бойынша Директорға, Кеңеске, сондай-ақ Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдарға және донор-мемлекеттерге есеп берiледi. Директор әрбiр есеп берудiң нәтижесi бойынша қабылданған шаралар туралы Кеңестi, сондай-ақ Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар мен донор-мемлекеттердi хабардар етедi.
69. Қаржылық бақылаушы жыл сайын Кеңеске iшкi қаржылық бақылау жөнiндегi қызмет туралы есеп бередi. Есеп сондай-ақ Орталықты қаржыландыруды жүзеге асыратын донор-мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға берiледi.
70. Қаржылық құжаттардағы екiншi болып қол қою құқығы Орталықтың бухгалтерiне тиесiлi.
Есiрткi құралдарының, психотроптық
заттар мен олардың прекурсорларының
заңсыз айналымына қарсы күрес
жөнiндегi Орталық Азия өңiрлiк
ақпараттық үйлестiру орталығы
туралы ережеге қосымша
ОАӨАҮО-нiң ОДБ-ға жолданатын
ақпаратта ұсынылатын деректер
ТIЗБЕСI
ОАӨАҮО-нiң ОДБ-ға берiлетiн ақпаратта мәлiметтердiң төменде көрсетiлген санаттарын, олармен байланысты әкiмшiлiк деректердi қоса алғанда көрсету ұсынылады.
1. Есiрткiнiң заңсыз айналымына қатысы бар жеке тұлғаның жеке басы туралы деректер:
1) есепке алу-тiркеу:
қазiргi және бұрынғы тегi;
қазiргi және бұрынғы есiмi;
әкесiнiң аты;
тұрмыс құрғанға дейiнгi тегi;
жынысы;
туылған күнi;
туылған жерi;
ұлты;
азаматтығы;
отбасылық жағдайы;
лақап аты;
қысқа аты;
қазiргi және бұрынғы болған жерi/тұратын жерi.
2) дене бiтiмiнiң сипаттамасы:
дене қасиеттерiнiң суреттемесi;
денсаулығының жай-күйi;
танытатын белгiлерi (белгiлер/тыртықтар/татуировкалар және т.б.);
визуальдi сипаты, суретi және сыртқы түрi туралы басқа да ақпарат;
сот-медициналық ақпарат (саусақ таңбалары, ДНК-нi бағалау нәтижелерi, дауысы мен сөзiнiң ерекшелiктерi, қан тобы, тiс дәрiгерiнiң деректерi);
денсаулығының жай-күйi.
3) жеке басын сәйкестендiру мыналарды бiлдiредi:
танытатын құжаттарын;
паспортының/ұлттық сәйкестендiру кәртiшкесiнiң нөмiрiн;
ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерiн (егер бар болса) бiлдiредi.
4) жұмыс орны және дағдылары:
бiлiмi;
мамандығы;
бұрынғы жұмыс орны және айналысқан жұмысы;
қазiргi уақыттағы жұмыс орны және айналысқан жұмысы;
дағдылары және бiлiмiнiң басқа салалары (тіл бiлуi және басқасы).
5) экономикалық және қаржылық ақпарат:
қаржылық деректер (банк шоттары және кодтары, кредиттiк кәртiшкелерi және т.c.c.);
акцияларының болуы (шаруашылық жүргiзушi субъектiнi көрсете отырып), басқа да активтерi;
жеке меншiгi туралы деректер;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен байланыстары;
банктiк және кредиттiк келiсiм-шарттары;
салық мәртебесi;
өзiнiң қаржылық iстерiн басқаратын тұлға ретiнде көрсететiн басқа да ақпарат.
6) мiнез-құлық деректерi:
күнделiктi өмiрi;
жүрiп-тұруы;
жиi баратын орындары;
қарудың және басқа да қауiптi заттардың болу мүмкiндiгi;
қауiптiлiк дәрежесi;
ерекше қауiп-қатерлер, мысалы, кету мүмкiндiгi, қосарланған агенттердi пайдалану, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiмен байланыстары;
криминалмен байланысты тән белгiлерi, өмiрбаян мәлiметтерi;
бейiмдiлiктерi;
есiрткiнi терiс пайдалануы.
7) жедел қызығушылықты бiлдiретiн байланыстары:
байланыстардың немесе араласуларының типi мен табиғатын қоса алғанда, байланыстары мен серiктестерi;
әкесiнiң, шешесiнiң және басқа да жақын туысқандарының тегi.
8) пайдаланатын байланыс құралдары:
телефон (стационарлық - үйiнiң, қызметтiк; ұялы; спутниктiк), радиостансаны, факстi, электронды почтаны пайдалану мүмкiндiгi, хат-хабар алатын (жiберетiн) почталық мекен-жайы, Интернетке қосылуы.
9) Пайдаланатын көлiк құралдары:
автомобильдер, су, әуе, темiржол көлiгi, осы көлiк құралдарын сәйкестендiретiн ақпаратты (тiркеу нөмiрлерiн) қоса алғанда.
10) ОАӨАҮО-нiң құзыретiне жататын жеке тұлғаның қылмыстық әрекетi туралы ақпарат.
11) осы адамды жергiлiктi, жалпы мемлекеттiк, халықаралық iздеу салу туралы мәлiметтер (iздеудiң бастамашысын көрсете отырып);
12) бұрын сотты болуы,
13) қылмыстық әрекеттерге қатысу мүмкiндiгi туралы мәлiметтер;
14) қылмыстық әрекеттерге қатысуының мүмкiн тәсiлдерi туралы мәлiметтер;
15) қылмыстарды дайындау және/немесе жасау үшiн пайдаланған немесе пайдалануы мүмкiн құралдар.
16) қылмыстық топтардағы/ұйымдардағы мүшелiлiгi және олардағы жағдайы.
17) қылмыстық әрекетiнiң географиялық аумағы;
18) ОАӨАҮО-нiң құзыретiне жататын қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде олар қашан және қайда жасалды, бұл ретте қандай тәсiлдер және құралдар пайдаланылды.
19) осы адам туралы ақпарат сақталатын басқа ұйымдардың деректер базасына сiлтеме.
2. ОАӨАYО-нiң құзыретiне жататын әрекеттер жасайтын қылмыстық топтардың, ұйымдардың немесе қоғамдастықтардың күдiктi мүшелерi туралы мәлiметтер.
3. Қызметi ОАӨАYО-нiң құзыретiне жататын қылмыстық топтардың, ұйымдардың немесе қоғамдастықтардың, оның iшiнде қатысушы мемлекеттердiң құқық қорғау органдарындағы, билiк құрылымдарындағы байланыстарының болу мүмкiндiгi туралы мәлiметтер.
4. Есiрткiнiң заңсыз айналымымен мүмкiн байланыстары туралы ақпараты бар заңды тұлғалар туралы ақпарат:
заңды тұлғаның атауы;
орналасқан жерi;
тiркелген күнi және жерi;
әкiмшiлiк тiркеу нөмiрi;
құрылуының ұйымдық-құқықтық нысаны;
банктерде, оның iшiнде шетелдiк банктерде қаржы қаражатының болуы;
қызмет саласы;
еншiлес кәсiпорындары;
құрылтайшылары (заңды және жеке тұлғалар);
басшылық ететiн персонал (директорлар, басқару төрағалары, бухгалтерлер);
банктермен байланыстары.
5. Мынадай мәлiметтердi қамтитын есiрткiнiң айтарлықтай мөлшерiн (БҰҰ ЕҚБ-нiң жiктемесi бойынша) алу фактiлерi туралы мәлiметтердi құрайтын деректi материалдар:
алынған күнi;
қатысушы мемлекет;
алу жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы;
алынған есiрткiлердiң атауы;
алынған есiрткiлердiң мөлшерi;
тығылған және алынған орны;
тасымалдау тәсiлi және есiрткiнiң заңсыз айналымының мүмкiн бағыты;
есiрткi сатушылардың белгiленген саны, олардың азаматтығы, жынысы, жасы.
6. Есiрткi ахуалының дамуы, сондай-ақ қатысушы мемлекеттерде есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрестiң нәтижелерi туралы ақпаратты қамтитын талдау, анықтамалық, статистикалық материалдар және мәлiметтер.
7. ОАӨАҮО-нiң құзыретiне жататын қатысушы мемлекеттер ұлттық заңнамаларының нормативтiк құқықтық кесiмдерi.
8. Қатысушы мемлекеттер құзыреттi органдарының, олардың мемлекетаралық қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер.
9. Буып-түю маркировкаларының сипаттамасы және деректерi, тығу және тасымалдау тәсiлдерi бар есiрткi жинақтарынан алынған мәлiметтер.