Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405
қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 500000000 (бес жүз миллион) теңге: оның ішінде 250000000 (екі жүз елу миллион) теңге бірінші кезектегі жабдықтарды сатып алуға, 200000000 (екі жүз миллион) теңге бірінші кезектегі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығын салуды бастауға, 50000000 (елу миллион) теңге шетелде тағылымдамадан өтуге және оқу семинарларына бөлінсін.