Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi  Бюджет кодексіне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408  қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 230  қаулысы ;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1210  қаулысы .

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 27 желтоқсандағы 
N 1405 қаулысымен     
бекiтілген          

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың резервтерiн пайдалану ережесi

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртiбiн айқындайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган;
      күтпеген шығындар - заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қаражат бөлудi қоспағанда, оларды болжауға болмағандықтан ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеген кезде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында дереу қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
      Қазақстан Республикасының ресми iзгілiк көмегi - басқа мемлекеттердiң аумағындағы әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы өтеусiз көрсететiн көмек.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Yкiметі мен жергіліктi атқарушы органдар резервiнiң қатаң нысаналы мақсаты бар және осы Ережеде және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтен ақша бөлу туралы шешімінде көзделмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмiн дайындау:
      1) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттерде осы мақсаттарға арналған ақша болмаған;
      2) сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервiнiң ақшасын қажетсiну ағымдағы қаржы жылында туындаған және оларға қажеттiлiк бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң бұрынғы мiндеттемелерiне байланысы жоқ болған;
      3) Қазақстан Республикасы ресми iзгілiк көмек көрсетуге төтенше резервтi пайдаланған жағдайда Комиссияның оң ұсынымы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiнiң тиiстi бюджетке ағымдағы қаржы жылының аяғына дейiн қайтарылуын қамтамасыз етедi.

  2. Төтенше резервтi табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайларды жоюға пайдалану тәртiбi

      5. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiштердi төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарайды. Бұл ретте туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың өңiрлiк немесе жаһандық ауқымы болуы тиiс.
      6. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiштердi төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi орган немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi қарайды.
      7. Негiздеушi материалдарды ұсыну тәртiбiн және олардың тiзбесiн төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
      Бұзылған объектiлердi салуға немесе күрделi жөндеуге төтенше резервтен ақша бөлiнген жағдайда құжаттардың құрамында құрылыс жөнiндегi уәкiлеттi органның оң қорытындысы да табыс етіледі.
      8. Өңiрлiк және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын енгiзедi.
      9. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкiлеттi орган немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын енгiзедi.
      10. Төтенше резервтiң ақшасы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында  көзделген табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларға жұмсалады.

  3. Төтенше резервтi Қазақстан Республикасының ресми ізгілік
көмек көрсетуiне пайдалану тәртiбi

      11. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында тиiстi орталық мемлекеттiк орган Комиссияның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасының ресми iзгiлiк көмек көрсетуiне арналған Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және заңнамада белгiленген тәртiппен оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi.
      12. Қазақстан Республикасы ресми ізгілік көмектi ақшалай немесе тауар нысанында көрсетедi.
      13. Қазақстан Республикасы ресми iзгiлiк көмектi ақшалай нысанда көрсеткен жағдайда ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алушы ел шот деректемелерiн ресми ұсынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
      14. Қазақстан Республикасының тауар нысанында ресми iзгiлiк көмек көрсетуi үшiн ұсынылған тауарлардың құнын өтеу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде төтенше резервтен жүзеге асырылады.

  4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiліктi
атқарушы органдардың резервтерiн шұғыл шығындарға
пайдалану тәртiбi

      15. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң резервiнен өзге де күтпеген шығындарға ақша бөлу жағдайлары туындаған кезде тиiстi мемлекеттiк орган бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бiрге ақша бөлу туралы өтiнiш бередi, соңғылары болмаған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiштi қарамай қайтарады.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      16. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган берiлген өтiнiш негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнде көзделген шекте шұғыл шығындарға ақша бөлудiң мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
      17. Мемлекеттiк органның өтiнiшiне оң қорытынды берiлген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе  тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен осы мемлекеттiк орган дайындайды.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасына осы мемлекеттiк орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшiрмесiн қоса бередi.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.28.  N 401  қаулысымен.
      

  5. Резервтi сот шешiмдерi бойынша Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң және орталық мемлекеттiк
органдардың мiндеттемелерiн орындауға пайдалану тәртiбi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

      19. Сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерiн орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервiнен қамтамасыз етiледi.
      Сот шешiмдерi бойынша төлемдердi жүргiзуге мiндеттi орталық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлiмшелерi қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс.
      Орталық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволары және аумақтық бөлiмшелерi өздерiнiң құқыққа сай емес қабылданған кесiмдерi, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы өздерiнiң лауазымды тұлғаларының құқыққа сай емес iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi.
       Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      20. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерiн орындауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган дайындайды.
      21. Орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерiн орындауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi орталық мемлекеттiк орган дайындайды.
      Бұл ретте орталық мемлекеттiк орган осы Ереженiң 19-тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттiк органдардың мiндеттемелерiн орындауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасымен қоса бередi.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

  6. Резервiн сот шешiмдерi бойынша
жергілікті атқарушы органдардың мiндеттемелерiн
орындауға пайдалану тәртiбi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

       22. Сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервтерiнен қамтамасыз етіледі.
      Сот шешiмдерi бойынша тиiстi төлемдердi жүргiзуге мiндеттi жергiлiктi атқарушы органдар қолданыстағы заңнамада көзделген негiздемелер болған жағдайда көрсетiлген шешiмдерге барлық сот инстанцияларында шағымдануы тиiс.
      Жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң құқыққа сай емес қабылданған кесiмдерi, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласындағы өздерiнің лауазымды тұлғаларының құқыққа сай емес iс-әрекеттерi үшiн оларды ұстауға бөлiнген ақшамен жауап бередi.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      23. Сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды.
      Бұл ретте мүдделi жергiлiктi атқарушы органдар осы Ереженiң 22-тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшiрмелерiн сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасына қоса бередi.
       Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

  7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған
резервiн пайдалану тәртiбi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

      24. Облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнде ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оларға кредит беру үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв көзделедi.
       Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      25. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервiнен ақша бөлу үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бiрге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiш бередi.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      26. Берiлген өтiнiш негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылдаған шешiмдерiн және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге негізделе отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ақша бөлу мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервiнен ақша бөлу үшiн:
      1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сомалардың болуы;
      2) бөлiнетiн ақшаның белгiлi бiр есептi кезеңде мәслихаттардың шешiмдерiмен бекiтiлген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы;
      3) жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады;
      4) бөлiнетiн кредит сомасы жергiлiктi атқарушы органның Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi қаржы жылына белгiлеген борыш лимитiнiң асып түсуiне әкеп соқпауы тиiс.
       Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      27. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервiнен бюджеттік кредит беру қаржы жылы шегіндегі алты айға дейiнгi мерзiмде жүзеге асырылады және республикалық бюджеттiң нақтылануын талап етпейдi.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      28. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды берiлген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервiнен ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмнiң жобасын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

  8. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiн пайдалану тәртiбi

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

      29. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерiнде ағымдағы қаржы жылында олардың бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оларға кредит беру үшін облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв көзделедi.
       Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      30. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу үшiн аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi бюджеттi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бiрге облыстық деңгейдегi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiш бередi.
       Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      31. Берiлген өтiнiш негiзiнде, сондай-ақ облыс әкiмдiгiнiң осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылдаған шешiмдерiн және төмен тұрған бюджеттерге бұрын берiлген кредиттер туралы деректерге негiзделе отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу мүмкiндiгi не мүмкiн еместiгi туралы қорытынды бередi.
      Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға облыстың жергілікті атқарушы органының резервiнен ақша бөлу үшiн:
      1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне кредит беру үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген сомалардың болуы;
      2) бөлiнетiн ақшаның белгілі бiр есептi кезеңде мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне ағымдағы түсiмдермен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң шығыстарын қаржыландыруға бағытталуы;
      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен бұрын берiлген кредиттер бойынша берешегiнiң болмауы мiндеттi шарттар болып табылады.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      32. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен бюджеттiк кредит беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергiлiктi бюджеттердi нақтылауды талап етпейдi.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      33. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды берiлген кезде ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегi жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын бюджеттi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган облыс әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi.
       Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

  9. Бақылау және есептiлік

      34. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен бөлiнген ақшаны алатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмде олардың пайдаланылуы, көлемi және орындалған жұмыстардың құны туралы есеп беруi тиiс.
      35. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган ай сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң ақшасын пайдалану және оның тиiстi кезеңдегi қалдықтары туралы ақпарат ұсынады.
      36. Сыртқы саяси қызмет жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы көрсеткен ресми iзгiлiк көмектi алушы елдiң алғаны туралы тиiстi ақпаратты ұсынады.
      37. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган ай сайын жергiлiктi атқарушы органға жергiлiктi атқарушы органның резервi ақшасының пайдаланылуы және оның тиiстi кезеңдегi қалдықтары туралы ақпарат ұсынады.
      38. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң бөлiнетiн ақшасын мақсатсыз және тиiмсiз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша алған бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.
       Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.
      39. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.22.  N 42  қаулысымен.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады