Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 19 шілдедегі
N 681 қаулысымен
бекітілген
12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с N № |
Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
---|---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Нормативтік құқықтық актілердің қолданыстағыларын жетілдіру және жаңаларын әзірлеу | |||||
1. |
Оқушыларды бейіналды дайындау және жоғарғы сынып оқушыларын бейінді оқыту тұжырымдамасын әзірлеу |
Алқа қаулысы |
БҒМ |
2006 жылғы IVтоқсан |
Талап етілмейді |
2. |
12 жылдық мектептің бірінші сыныбына балаларды қабылдау ережесін әзірлеу және бекіту |
Бұйрық |
БҒМ |
2007 жылғы IIтоқсан |
Талап етілмейді |
3. |
Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдаудың үлгі ережесін әзірлеу және бекіту |
Бұйрық |
БҒМ |
2008 жылғы I тоқсан |
Талап етілмейді |
4. |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелерінің педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына (ҚР БҒМ 2002 жылғы 27 тамыздағы N 629 бұйрығы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Бұйрық |
БҒМ |
2008 жылғы І тоқсан |
Талап етілмейді |
2. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету | |||||
5. |
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту |
Бұйрық |
БҒМ |
2006 жылғы ІІІ тоқсан |
Талап етілмейді |
6. |
Негізгі мектеп оқушыларын бейіналды дайындауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту |
Бұйрық |
БҒМ |
2006 жылғы ІV тоқсан |
Талап етілмейді |
7. |
Жоғарғы мектепте, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту |
Бұйрық |
БҒМ |
2006 жылғы ІV тоқсан |
Талап етілмейді |
8. |
Қолданбалы-ғылыми зерттеулерді жүргізу: мектепке дейінгі тәрбие мен 12 жылдық мектептің бастапқы сатысының сабақтастығының психологиялық-педагогикалық негіздерін әзірлеу; |
Бұйрық |
БҒМ |
2007 - 2008 жылдар |
РБК шешімі |
9. |
Даму мүмкіндігі шектеулі мектеп жасындағы балалар, олардың ерекше қажеттіліктері және көрсетілген қолдау туралы деректер банкін құру |
Деректер банкі |
БҒМ |
2007 - 2008 жылдар |
Талап етілмейді |
10. |
Инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың деректер банкін құру |
Деректер банкі |
БҒМ |
2007 жылғы ІІІ тоқсан |
Талап етілмейді |
3. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету | |||||
11. |
12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында бейіндік оқытуды енгізу жөнінде эксперименталдық алаңдарды ұйымдастыру туралы ұсынысты РБК-нің қарауына енгізу |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ |
2006 жылғы ІІ тоқсан |
РБК шешімі |
12. |
Мектеп кітапханалары үшін автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйені әзірлеу және қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды РБК-нің қарауына енгізу |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ |
2006 жылғы ІІ тоқсан |
РБК шешімі |
13. |
Бейіндік білім беруді ұйымдастыру мақсатында бейіндік мектептерді, мектеп-интернаттарды, ресурстық орталықтарды салу және ашу жөніндегі ұсыныстарды РБК-нің қарауына енгізу |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ |
2006 жылғы ІІ тоқсан |
РБК шешімі |
14. |
Арнаулы пәндер кабинеттері мен кәсіптік-техникалық мектептердің шеберханалары үшін оқу-көрнекі құралдарын сатып алу жөніндегі ұсынысты РБК-нің қарауына енгізу |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ |
2006 жылғы ІІІ тоқсан |
РБК шешімі |
15. |
Бейіндік мектептерді физика, химия, биология кабинеттерімен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысты РБК-нің қарауына енгізу |
Бюджеттік өтінім |
БҒМ |
2006 жылғы ІІ тоқсан |
РБК шешімі |
4. Кадрлық қамтамасыз ету | |||||
16. |
"Болашақ" бағдарламасы бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау" республикалық бағдарламасының шеңберінде орта білім беру ұйымдары және педагогикалық жоғары оқу орындары үшін педагогикалық кадрларды даярлау |
Бұйрық |
БҒМ |
2006 - 2008 жылдар |
РБ 020 бағдарламасының шеңберінде |
17. |
12 жылдық мектеп үшін педагогикалық кадрларды даярлау және жаңа педагогикалық мамандандықтарды енгізу мақсатында: |
Бұйрық |
БҒМ |
2006 - 2008 жылдар |
Талап етілмейді |
18. |
Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту |
Бұйрық |
БҒМ |
2006 жылғы ІV тоқсан |
Талап етілмейді |
19. |
Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының жүйесі үшін 12 жылдық білім берудің мазмұнын құрылымдау жөніндегі модульдерді әзірлеу |
Бағдарламалар |
БҒМ |
2006 - 2007 жылдар |
Талап етілмейді |
20. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне жиынтық ақпарат ұсыну |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
БҒМ |
Жыл сайын 20 қаңтар және 20 шілде |
Талап етілмейді |
*Ескертпе:
Жыл сайынғы шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған»"Республикалық бюджет туралы"»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
ОблБД(Б) - облыстық білім департаменттері
(басқармалары)
Астана, Алматы - білім департаменттері
қалаларының БД
РБ - республикалық бюджет
РБК - Республикалық бюджет комиссиясы