"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап жаңа жұмыс iстеу жүйесiне көшуi жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 наурыздағы N 177 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторының кiрiстер түсiмдерiн талдау және олардың көлемiн болжау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мынадай мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 3-2-бабында көрсетiлген мұнай секторының кәсiпорындары бойынша ай сайын ақпарат берсiн;
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi - есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн мұнай мен газ конденсатын өндiру көлемi бойынша (жедел ақпарат), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн корпорациялық табыс салығының, экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының, жер қойнауын пайдаланушылар салықтары мен арнайы төлемдерi (үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар, роялтилер, Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi) түсiмдерiнiң сомалары, жоспарланбаған төлемдердің сомалары бойынша;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi - есептiден кейiнгi айдың 20-күнiне дейiн экспортталатын мұнай мен газ конденсатының көлемi, құны мен бағалары бойынша;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi - есептiден кейiнгi айдың 30-күнiне дейiн шикi мұнай мен газ конденсатын өндiрушi кәсiпорындардың тұтастай алғанда ел бойынша және өңiрлер бөлiнiсiнде оларды өткiзетiн арналары арқылы бағалары бойынша жиынтық ақпарат.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі