Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап жаңа жұмыс iстеу жүйесiне көшуi жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 177 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi N 1641  Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап жаңа жұмыс iстеу жүйесiне көшуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап жаңа жұмыс iстеу жүйесiне көшуi жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары (келiсiм бойынша):
      1) Жоспарда көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн;
      2) 2006 жылғы 18 наурызға және 10 маусымға Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi 2006 жылғы 20 наурызға және 20 маусымға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкіметінің
                                         2006 жылғы 17 наурыздағы
                                              N 177 қаулысымен
                                                 бекітілген

        Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2006 жылғы
       1 шілдеден бастап жаңа жұмыс істеу жүйесіне көшуі
                жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N
 

Іс-шара

Аяқталу
нысаны

Орындалуына
жауапты

Орындау
мерзімі

1

2

3

4

5

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін әзірлеу

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан   Республика-
сы Заңының
жобасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині

2006
жылғы
наурыз,
сәуір

2

"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы"»
Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан   Республика-
сы Заңының
жобасы

ҰБ (келісім
бойынша),
Қаржымині,
ЭБЖМ

2006
жылғы
сәуір

3

"2006 жылға арналған
республикалық бюджет
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына
өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан   Республика-
сы Заңының
жобасы

ЭБЖМ

2006
жылғы II
тоқсан

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді
перспективаға арналған жаңа тұжырымдамасына 2006 жылғы
1 шілдеден бастап көшуін қамтамасыз ету үшін қажетті
заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу

4

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды
таңдау тәртібін
регламенттеу

Қазақстан
Республика-
сы Ұлттық
Банкінің
Басқармасы
қаулысының жобасы 

ҰБ (келісім
бойынша)
(жинақтау),
Қаржымині

2006
жылғы II
тоқсан

5

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына түскен
түсімдер бойынша шетелдік
валютада шоттарды
жүргізуді қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шараларды
орындау, оның ішінде
Қаржымині Қазынашылық
комитетінің орталық
аппаратына қосымша бірлік
беруді негіздеу, Қаржымині
Қазынашылық комитетінің
және Қаржымині Салық
комитетінің ақпараттық
жүйесін пысықтау үшін
қажетті қаражат көлемін
бағалау

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметіне
ақпарат.
Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

Қаржымині

2006
жылғы
сәуір-
мамыр

6

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық
операцияларын жүзеге асыру
ережесіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сы Ұлттық
Банкінің
Басқармасы
қаулысының
жобасы

ҰБ (келісім
бойынша)
(жинақтау),
Қаржымині

2006
жылғы
маусым

7

"Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын сенімгерлік
басқару туралы шарт
туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 18 мамырдағы N
655 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

ҰБ (келісім
бойынша)
(жинақтау),
Қаржымині,
ЭБЖМ

2006
жылғы
мамыр

8

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінде Қазақстан
Республикасы Ұлттық
қорының ақшасын айырбастау
және қайта айырбастау
жөніндегі операцияларды
жүзеге асыру ережесінің
жобасын әзірлеу

Қазақстан
Республика-
сы Ұлттық
Банкі
Басқармасы
қаулысының
жобасы

ҰБ (келісім
бойынша)
(жинақтау),
Қаржымині

2006
жылғы
мамыр

9

"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006-2008
жылдарға арналған орта
мерзімді фискалдық саясаты
туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 27 мамырдағы N
523 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

ЭБЖМ

2006
жылғы
ІІ тоқсан

10

"Республикалық және
жергілікті бюджеттердің
атқарылу ережесін бекіту
туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 5 ақпандағы N
110 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

Қаржымині
(жинақтау),
ЭБЖМ, ҰБ
(келісім
бойынша)

2006
жылғы
ІІ тоқсан

11

"Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2008
жылдарға арналған (екінші
кезең) орта мерзімді
жоспары туралы"»Қазақстан
Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 26 тамыздағы N
884 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2006
жылғы
ІІ тоқсан

12

"2006 жылға арналған
республикалық бюджет
туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын
іске асыру туралы"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 9
желтоқсандағы N 1228
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
мүдделі
мемлекеттік
органдар

2006
жылғы
ІІ тоқсан

13

Мына мемлекеттiк
органдардың:
ЭМРМ-нiң - есептi жыл үшiн
және болжамды кезеңдерге
мұнай және газ конденсатын
өндiру бойынша;
Қаржыминi Салық
комитетiнiң - салық
түсiмдерi, бiржолғы
(жоспарланбаған) төлемдер
сомалары бойынша;
Қаржыминi Кедендiк бақылау
комитетiнiң -
экспортталатын мұнай және
газ конденсатының
көлемдерi, құны мен бағасы
бойынша;
СА-ның - шикi мұнай мен
газ конденсатын (iшкi)
өндiрушi кәсiпорындардың
орташа бағасы бойынша
тiзбемен бекiтiлген мұнай
секторы ұйымдарының ай
сайынғы негiзде ЭБЖМ-ге
ақпарат ұсынуын көздейтiн
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына мұнай
секторының орта мерзiмдi
перспективаға және алдағы
кезеңге арналған кiрiстер
түсiмдерiнiң көлемiн
болжау үшiн ақпарат алуды
қамтамасыз ету

Қазақстан
Республика-
сының
Үкіметі
қаулысының
жобасы

ЭБЖМ
(жинақтау),
ЭМРМ,
Қаржымині,
СА, АБА

2006
жылғы
ІІ тоқсан

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi
перспективаға арналған жаңа тұжырымдамасына 2006 жылғы
1 шiлдеден бастап көшуiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi
ұйымдастыру iс-шараларын өткiзу

14

Экономиканың мұнай және
мұнай емес секторларына
бөле отырып, ЖIӨ-нiң 2000
- 2004 жылдардағы есептi
базасын және ЖIӨ-нiң 2005
жылғы жедел көрсеткiштерiн
алдыңғы жылғы бағаға және
ағымдағы бағаға қайта
есептеудi қамтамасыз ету

Есепті база

СА

2006
жылғы
наурыз

15

Мұнай және мұнай емес
сектордан түсетін
түсімдердің 2006-2008
жылдарға арналған болжамды
сомаларын айқындау

Республика-
лық бюджет
комиссиясы-
ның шешімі

ЭБЖМ

2006
жылғы
наурыз

16

Республикалық бюджеттің
2006-2008 жылдарға
арналған ағымдағы
бюджеттік бағдарламалары
және бюджеттік даму
бағдарламалары бойынша
болжамды шығыстар көлемін
айқындау

Республика-
лық бюджет

ЭБЖМ

2006
жылғы
наурыз

17

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорынан 2006-2008
жылдарға арналған
кепілдендірілген
трансферттер көлемін
айқындау

Республика-
лық бюджет
комиссиясы-
ның шешімі

ЭБЖМ
(жинақтау),
Қаржымині

2006
жылғы
наурыз

18

Қазақстан Республикасының
2006-2009 жылдарға
арналған әлеуметтік-
экономикалық дамуының
макроэкономикалық болжамын
әзірлеу

Макроэконо-
микалық
көрсеткіш-
тер болжамы

ЭБЖМ

2006
жылғы
сәуір

Ескертпе:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады