Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға Қосымша хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджановқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға Қосымша хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 9 тамыздағы
N 755 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама
Штаттарының Yкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және
құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстік
туралы меморандумға Қосымша хаттама I. Жалпы ережелер
А. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхаметжанов және Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң атынан АҚШ Елшiсi Джон М. Ордвей Меморандумның және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес ағымдағы жобаларды қолдау мақсатында 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң арасындағы есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға өзгерiстер енгiзуге келiседi.
В. Америка Құрама Штаттарының Үкiметi төменде сипатталған жобалар шеңберiнде Қазақстан Республикасына қосымша көмек үшiн 680000 АҚШ долларын ұсынады. Америка Құрама Штаттарының Үкiметi осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң басқа органдары арқылы Қазақстан Республикасына ақшалай қаражат бөлу жолымен тиiстi оқытуды және жабдықты ұсынады.
С. Осы Қосымша хаттамада көзделген ақшалай қаражат мыналарға бағытталған төрт бағдарламаға қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақшаны жылыстатуды бақылау жөнiнде жәрдем көрсету;
2) Қазақстан Республикасында қылмыстық статистика саласында, әсiресе АҚШ Мемлекеттiк департаментi Есiрткiге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөнiндегi бюросының (INL) бағдарламаларында көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметi есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күресте қол жеткiзген прогрестерге байланысты статистика мен салаларда жинау және есеп беру мүмкiндiктерiн жетiлдiру;
3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының адамдарды саудаға салуға байланысты қылмыстарды тергеу және қылмыстық қудалау жөнiндегi қабілеттiлiктерiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көрсетiлген органдары мен Қазақстан Республикасынан адам сатудың құрбандары баратын елдердiң тиiстi билiк органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
4) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi - Сот сараптамасы орталығы) заңсыз есiрткi құралдарын сәйкестендiру және қадағалау жөнiндегi мүмкiндiктерiн жетiлдiру.
D. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi тарапынан осы жобаларды қолдау үшiн қабылданатын iс-әрекеттер және ұсынылатын ресурстар төменде белгiленген және егер бiрлескен келiсiмде өзгеше көзделмесе, оларды қол қоюшы тараптар мiндеттемелер ретiнде қабылдайды.
E. Осы жобалар бойынша одан әрi қаражат бөлу Америка Құрама Штаттары Конгресiнiң жыл сайынғы мақұлдауына және қорларының қаражат бөлуiне, сондай-ақ оларды Америка Құрама Штаттары мемлекеттiк хатшысының есiрткi бизнесiне қарсы күрес және заңдылықты сақтау мәселелерi жөнiндегi орынбасарының бекiтуiне байланысты.
II. Жобалардың сипаттамасы, мақсаты мен оларды бағалау
А. Ақшаны жылыстатуға қарсы iс-әрекет жасау жөнiндегi жоба (200000 АҚШ доллары):
1) жобаның сипаттамасы:
бұл жоба Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 шiлдедегi N 701 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумға Қосымша хаттаманың жалғасы болып табылады. Америка Құрама Штаттарының Iшкi қауiпсiздiк департаментi Құқық қорғау органдарының федералды оқу орталығы (FLЕТС) және Америка Құрама Штаттары Қазынашылық департаментiнiң Техникалық жәрдемдесу бюросы (ОТА) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы), Қаржы полициясы академиясы аясында қаржылық қылмыстарды тергеу әдiстерiн практикалық зерделеудi қоса алғанда, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес мәселелерi бойынша семинарлар сериясын өткiзедi. Оқытуға Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржы қылмыстарды тергеудi жүргiзумен, экономикалық қызметтi қаржылық мониторингтеумен, сондай-ақ экономикалық және қаржылық тергеудi жүргiзу жөнiндегi органдар жүргiзетiн қызметтi қадағалауды жүзеге асырумен айналысатын барлық органдары қатыса алады.
Америка Құрама Штаттарының Үкiметi техникалық кеңесшiлердiң ақшаны жылыстатуға қарсы iс-қимыл жасау бойынша, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес мәселелерiне байланысты заңнама бойынша консультациялық қызмет көрсетудi, сондай-ақ Қазақстанда қаржы мониторингi органын құру жөнiнде техникалық жәрдем көрсетудi, сондай-ақ өңiрдегi басқа мемлекеттердiң және қаржылық барлаудың басқа да ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөнiндегi қызмет органдарымен өзара iс-әрекет жасасуды қажеттi үйлестiрудi жүзеге асыруды және басқа мемлекеттердiң заңсыз кiрiстi заңдастыруға қарсы күрес мәселелерiнде жинақталған неғұрлым алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн, сондай-ақ осы салада қолданыстағы халықаралық стандарттар мен талаптарды зерделеуде жәрдем көрсетудi жалғастырады;
2) нұсқаушыларды және материалдарды:
Құрама Штаттардың Iшкi қауiпсiздiк департаментi Құқық қорғау органдарының федералды оқу орталығы, Қазынашылық департаментi Техникалық жәрдемдесу бюросы және қажеттiлiгiне қарай басқа көздер ұсынады;
3) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
нұсқаушыларды және қажеттi оқу материалдарын ұсынуға;
техникалық кеңесшiлердi ұсынуға;
Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң және олардың қазақстандық әрiптестерiнiң техникалық кеңесшiлерiнiң екi жақты шешiмi бойынша қажеттi жабдық ұсынуға;
ақшаны жылыстатуға қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша Орталық Азияның басқа елдерiмен үйлестiрудi жүзеге асыруға мiндеттенедi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
оқу үй-жайларын ұсынуға;
қолда бар оқу жабдықтарын ұсынуға;
курстың талаптарына жауап беретiн және олар туралы ақпарат курс басталғанға дейiн 15 күн бұрын ұсынылуға тиiс оқытудан өтуге үмiткерлердiң тiзiмiмен қамтамасыз етуге;
жалпы сипаттағы мәселелер бойынша және Қазақстан Республикасына тән бағыттағы мәселелер бойынша семинарлар үшiн нұсқаушылармен қамтамасыз етуге мiндеттенедi;
5) жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
Қаржы полициясы академиясын осы курстарды ұсынатын тарап ретiнде де, сондай-ақ алушы тарап (тәуелсiз сарапшылардың анықтамасы бойынша) ретiнде де Академияның курстарды өткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiндей жабдықтау;
техникалық сарапшылар оқытқан студенттердiң Америка Құрама Штаттарының Үкiметi ұйымдастырған курстарда алған бiлiмдi көрсететiн оқу бағдарламасын жазуы;
алдыңғы практикамен салыстырғанда 2006 жылы тiркелген ақшаны жылыстатуды қылмыстық қудалау жөнiндегi iстер санын ұлғайту (статистиканы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетi ұсынады);
қаржы мониторингi органын құру;
6) бағалау:
(III тарауды қараңыз. Бағалаудың жалпы жоспары).
В. Қылмыстық статистиканы жинақтауды жетiлдiру жөнiндегi жобаны жалғастыру (210 000 АҚШ доллары):
1) бұл жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiмен (бұдан әрi - Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетi) бiрлескен 2005 жылғы жобаның жалғасы болып табылады. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар және құқық бұзушылықтар жөнiндегi мемлекеттiк құқықтық статистиканы жинауды жетiлдiру осы жобаның мақсаты болып табылады. Жобаның қаражаты Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiнiң бөлiмшелерiн жаңғыртуға арналған шығыстарды өтейтiн болады.
Жобада есiрткi қылмысы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жинақтауды жетiлдiру мақсатында Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетi 2006 күнтiзбелiк жыл iшiнде өткiзетiн келешектегi өңiрлiк оқу конференцияларын, сондай-ақ Қазақстандағы есiрткi қылмысының жай-күйi туралы жыл сайын жинақ шығаруды қаржыландыру да көзделедi;
2) нұсқаушылар және материалдар:
нұсқаушылар мен материалдарды INL тарапынан қаржыландыру болған жағдайда Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетi ұсынатын болады;
3) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
қаржыландыруды ұсынуға;
компьютерлiк жабдық сатып алуды және оны Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiнiң аумақтық органдарына жеткiзудi ұйымдастыруға;
сұрау болған жағдайда техникалық консультация берудi ұсынуға мiндеттенедi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiнiң бөлiмшелерiн жарақтандыруға қажеттi компьютерлiк жабдық пакетiн әзiрлеуге;
аумақтық құқықтық статистика және арнаулы есепке алу органдарының қызметкерлерi мен мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi қатысатын есiрткi қылмысы туралы мемлекеттiк құқықтық статистиканы жинақтау жөнiнде үш өңiрлiк оқу конференциясын өткiзудi ұйымдастыруға;
конференциялар басталғанға дейiн 15 күннен кешiктiрмей өңiрлiк оқу конференцияларына қатысушылардың атқаратын лауазымдары көрсетiлген тiзiмiн берудi қамтамасыз етуге;
2006 жылы республикадағы есiрткi қылмысының жай-күйi туралы жинақты жариялауға және таратуға мiндеттенедi;
5) жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
аумақтық органдарды тез арада жарақтандыру және оларды Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетiмен электрондық байланыспен қамтамасыз ету;
ұстау, тұтқынға алу, есiрткiнi алып қою мен олардың контрабандасы санына және Есiрткiге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөнiндегi бюро бағдарламасының тиiмдiлiгiн белгiлеуге байланысты өзге де ақпаратқа қатысты статистикалық деректердi тоқсан сайын қалыптастыру;
қылмыстық-статистикалық деректердi жинақтау және ұсыну жөнiндегi үш өңiрлiк конференцияны ойдағыдай өткiзу;
2007 жылғы наурыздан кешiктiрмей 2006 жылғы елдегi есiрткi қылмысы туралы жинақты жариялау және тарату;
6) бағалау:
(III тарауды қараңыз. Бағалаудың жалпы жоспары).
С. Полицияның, прокурорлар мен судьялардың адамдарды саудаға салуды тергеу және сот тәртiбiмен қудалау жөнiндегi кәсiби қабiлеттiлiгiн жетiлдiру жөнiндегi жоба (150000 АҚШ доллары):
1) бұл жоба үш бөлiктен тұрады:
INL белгiлi бiр облыстардың полиция, прокуратура қызметкерлерi мен судьялары үшiн Қазақстан шегiнде жүзеге асырылатын, сондай-ақ адамдарды саудаға салу құрбандары ел аумағына әкелiнетiн және одан әкетiлетiн жағдайларда адамдарды саудаға салуға байланысты iстердi табысты тергеудiң және қылмыстық қудалаудың қажеттi техникасы жөнiнде оқытуды ұсынады. Жабдықтар қажеттiлiгiне қарай ұсынылады. INL сондай-ақ полицияның, прокуратураның болашақ қызметкерлерi мен болашақ судьялар үшiн тергеу жүргiзу, құрбандармен жұмыс iстеу техникасының және басқалардың қажеттi деңгейi туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшiн қазақстандық университеттердiң профессорлық-оқытушылық құрамы үшiн конференциялар және/немесе дөңгелек үстелдер ұйымдастырады;
Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйыммен және/немесе INL-дiң басқа да тиiстi ұйымдарымен және институттарымен бiрлесiп, заңгерлер, тергеушiлер, прокурорлар және судьялар үшiн адамдарды саудаға салу мәселелерi жөнiндегi бар заңнаманы жақсартуға және оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтiруге бағытталған курстар ұсынады;
INL Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен ынтымақтаса отырып, Израильдiң, Оңтүстiк Кореяның және қажетiне қарай басқа елдердiң тиiстi ресми адамдарымен байланысты дамытады. Байланыс орнатудың мақсаты Израильде, Оңтүстiк Кореяда және қажетiне қарай басқа да елдердегi адамдарды саудаға салу құрбандарының iзiне түсу және керi қайтару болып табылады;
2) оқытуды АҚШ Yкiметi және басқа да тиiстi институттар ұсынады;
3) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
нұсқаушылар мен оқу материалдарын ұсынуға;
осы бағдарламаға байланысты сатып алуды ұйымдастыруға;
қазақстандық нұсқаушылардың көлiктiк шығыстарын және жүрiп-тұру шығыстарын өтеуге;
осы қызмет бұл жобаның мақсаттарына жауап беретiн мөлшерде адамдарды саудаға салуға қарсы күрес саласында басқа елдердiң қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға мiндеттенедi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
оқу бағдарламаларын өткiзетiн орынды өтеусiз ұсынуға;
адамдарды саудаға салуға қарсы күрес жөнiндегi қазақстандық заңнама саласында бiлiктi нұсқаушылар ұсынуға;
курстың талаптарына жауап беретiн және олар туралы ақпарат курс басталғанға дейiн 15 күн бұрын ұсынылуға тиiс оқытудан өтуге үмiткерлердiң тiзiмiмен қамтамасыз етуге;
профессорлық-оқытушылық құрам тыңдаушыларының факультеттiң оқу жоспарында адамдарды саудаға салуға байланысты қылмыстарға тиiстi назар аударуға мүмкiндiк беретiн жоспар әзiрлеуiн қамтамасыз етуге;
оқыту курстарын өткен адамдардың оқыту жүргiзiлiп жатқан өңiрлерде адамдарды саудаға салу туралы iстердi тергеудi және сот тәртiбiмен қудалауды жетiлдiру жөнiндегi жоспар әзiрлеуiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi;
5) жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
адамдарды саудаға салушыларды тұтқынға алу және сот тәртiбiмен қудалау санын арттыру;
заң факультеттерiнiң оқу жоспарларына адамдарды саудаға салу мәселелерi бойынша толықтырулар жасау және әсiресе конференциялар және/немесе дөңгелек үстелдер өткiзiлетiн институттарда форумдар өткiзу;
Қазақстанның мемлекеттiк органдары мен Израильдiң және Оңтүстiк Кореяның, сондай-ақ (өзара уағдаластық бойынша) басқа да елдердiң тиiстi билiк органдарымен бағдарламаны iске асырудың бiр жылы iшiнде адамдарды саудаға салудың кемiнде бес құрбанын анықтау және Қазақстанға репатриациялау мәселелерi бойынша еркiн және ашық өзара iс-қимылды орнату;
курстан өткен адамдардың және осындай курстар өткiзiлетiн өңiрлерде адамдарды саудаға салу жөнiндегi iстердi тергеудi жүргiзудi және қылмыстық қудалауды жақсарту жөнiнде жоспарлар әзiрлеуi;
халықаралық стандарттарға жауап беретiн адамдарды саудаға салуға қарсы күрес жөнiндегi заңнаманы қабылдау;
6) бағалау:
(III тарауды қараңыз. Бағалаудың жалпы жоспары).
D. Сот сараптамасы орталығын жабдықтармен жарақтандыру жөнiндегi жоба (120000 АҚШ доллары):
1) бұл жоба Сот сараптамасы орталығының Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi зертханасын сұйық хроматографпен, зертханалық жабдықтармен және тиiстi оқытумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Зертхананың есiрткiнi сәйкестендiру саласындағы мүмкiндiктерiн жақсарту осы жобаның мақсаты болып табылады, бұл өз кезегiнде Орталық Азияда дәлелдер жинау және есiрткi трафигiн талдауды жүргiзу деңгейiн жақсартуға ықпал етуге тиiс;
2) оқытуды ұйымдастырумен байланысты материалдар мен сатып алуды Америка Құрама Штаттарының Үкiметi қамтамасыз етедi;
3) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
сот сараптамасын жүзеге асыру үшiн алдыңғы қатарлы жабдықтарды ұсынуға;
жобаны жүзеге асыруға байланысты сатып алу бойынша қызмет көрсетуге;
оқытуды ұйымдастыруға мiндеттенедi;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
курстың талаптарына жауап беретiн және олар туралы ақпарат курс басталғанға дейiн 15 күн бұрын ұсынылуға тиiс оқытудан өтуге үмiткерлердiң тiзiмiмен қамтамасыз етуге;
оқытуды өткiзу үшiн үй-жай ұсынуға;
алынған есiрткiнi талдауды жүзеге асыру кезiнде жабдықтардың тиiмдiлiгiн көрсететiн ақпаратты ұсынуға мiндеттенедi;
5) жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
зертхананы есiрткiнi сәйкестендiру процесiн жүзеге асыруды жақсартуға ықпал ететiн сұйық хроматографпен және зертханалық жабдықпен қамтамасыз ету;
зертханаға осы жоба шеңберiнде ұсынылған жаңа жабдықты пайдалануға байланысты сабақ өткiзу;
зертхана ұсынған, алынған есiрткiнi сәйкестендiру және талдау жөнiндегi жабдықты пайдалану тиiмдiлiгiн көрсететiн статистикалық және талдамалық деректердiң болуы;
6) бағалау:
(III тарауды қараңыз. Бағалаудың жалпы жоспары).
III. Бағалаудың жалпы жоспары
А. Жоғарыда аталған жобалардың әрқайсысын бағалау кезiнде тараптар:
1) осы Қосымша хаттамаға қол қойылған сәттен бастап кемiнде үш айда бiр рет:
талқылау сәтiнде қол жеткiзiлген табыстарды;
жобаларды жетiлдiру немесе оған өзгерiстер енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды талқылау үшiн кездесуге;
2) қаралып отырған кезеңде жобаның табыстылығын бағалау үшiн қажеттi барлық ақпаратты ұсынуға;
3) жобаларға алдыңғы өзгерiстер қаншалықты табысты екенiн талдауға;
4) осы кезеңдегi жағдай бойынша әрбiр жобаға, сондай-ақ жобаларды табысты iске асыру үшiн ненi жасау керек екендiгiне қысқаша жазбаша баға беруге келiседi.
В. Әрбiр жобаның қорытынды кезеңiнде INL және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болашақтағы жобалардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн жетiстiктер мен олқылықтарға егжей-тегжейлi сипаттама бере отырып, әрбiр жобаны толық бағалауды жүргiзедi.
IV. Қорытынды
Осы Қосымша хаттама қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және өзiнiң қолданылуын осы Қосымша хаттамада көзделген барлық мiндеттемелер орындалғаннан кейiн тоқтатады. Бастапқы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның барлық басқа шарттары қолданылатын болады.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласында 2006 жылғы "__" ________ қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, барлық мәтiндердiң заңды күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн