Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы еткізу пункттері туралы келісімге (Астана қаласы, 2001 жылғы 16 қараша) хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге (Астана қаласы, 2001 жылғы 16 қараша) хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге (Астана қаласы, 2001 жылғы 16 қараша) хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық, екі жақты өткізу пункттері мен олардың жұмыс режимін келісу мақсатында,
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (Астана қаласы, 2001 жылғы 16 қараша) (бұдан әрі - Келісім) 1-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын адамдардың және көлік құралдарының кесіп етуі, жүктерді, тауарларды және жануарларды тасымалдау үшін Тараптар халықаралық және екі жақты өткізу пункттерінің тізбесін (қоса беріліп отыр) келісті.
Өткізу пункттерінің көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде жұмыс істеу уақыты Тараптардың шекаралық өкілдері желісі бойынша анықталатын болады.
Хаттамада Тараптар мынадай терминдерді пайдаланады:
екі жақты (мемлекетаралық) өткізу пункті – тек тараптар мемлекеттерінің азаматтары мен көлік құралдарының шекараны кесіп өтуі үшін;
халықаралық (көп жақты) өткізу пункті – азаматтығына қарамай жеке тұлғалардың және тараптар мемлекеттері мен үшінші елдердің аумақтарында тіркелген автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 № 1154 Қаулысымен.
2-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы аяқталғанға дейін қолданылады.
2006 жылғы»"_______" қыркүйекте Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі және
Өзбекстан Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік
шекарасы арқылы өткізу пункттері
туралы келісімге
(Астана қаласы, 2001 жылғы 16 қараша)
хаттамаға қосымша
Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункттерінің тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 № 1154 Қаулысымен.
Р/с № |
Қазақстан Республикасы |
Өзбекстан Республикасы |
Өткізу пунктінің мәртебесі |
Жұмыс істеу режимі |
||
Атауы |
Орналасқан жері |
Атауы |
Орналасқан жері |
|||
Темір жол өткізу пункттері |
||||||
1. |
Бейнеу |
Маңғыстау облысы |
Қаракалпақстан |
Қарақалпақстан Республикасы |
Халықаралық (көп жақты) |
Тәулік бойы |
2. |
Сарыағаш |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Келес |
Ташкент облысы |
Халықаралық (көп жақты) |
Тәулік бойы |
2.1 |
Мақтаарал |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Сырдария |
Сырдария облысы |
Халықаралық (көп жақты) |
Тәулік бойы |
Автомобильдік өткізу пункттері |
||||||
3. |
Тәжен |
Маңғыстау облысы |
Дәуіт- Ата |
Қарақалпақстан Республикасы |
Халықаралық (көп жақты) |
Тәулік бойы |
4. |
Жібек Жолы |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Гишт-Көпрік |
Ташкент облысы |
Халықаралық |
Тәулік бойы |
5. |
Б.Қонысбаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Яллама |
Ташкент облысы |
Халықаралық |
Тәулік бойы |
6. |
Қапланбек |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Зангиота |
Ташкент облысы |
Екі жақты (мемлекетаралық) |
Тәуліктің жарық уакытында |
7. |
Қазығұрт |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Ташкент |
Ташкент облысы |
Екі жақты (мемлекетаралық) |
Тәуліктің жарык уақытында |
8. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 № 1154 Қаулысымен. |
|||||
9. |
Атамекен |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
Гулистан |
Сырдария облысы |
Екі жақты (мемлекетаралық) |
Тәуліктің жарық уақытында |
10. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 № 1154 Қаулысымен. |
|||||
11. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 № 1154 Қаулысымен. |
|||||
12. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.09.05 № 1154 Қаулысымен. |