2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1154 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Асқар Қуанышұлы Жұмағалиевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1154 қаулысы  
мақұлданған   

Жоба

2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы
қазақстан-өзбек мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу
пункттерi туралы келiсiмге хаттамаға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
      екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін халықаралық және екі жақты өткізу пункттерін келісу мақсатында,
      2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттері туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2006 жылғы 4 қыркүйекте жасалған Келісімге хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Хаттамада Тараптар мынадай терминдерді пайдаланады:
      екі жақты (мемлекетаралық) өткізу пункті – тек тараптар мемлекеттерінің азаматтары мен көлік құралдарының шекараны кесіп өтуі үшін;
      халықаралық (көп жақты) өткізу пункті – азаматтығына қарамай жеке тұлғалардың және тараптар мемлекеттері мен үшінші елдердің аумақтарында тіркелген автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі үшін.».
      Келісімге хаттамаға қосымшада:
      «Темір жол өткізу пункттері» деген бөлімде: реттік нөмірлері 1, 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Бейнеу

Маңғыстау облысы

Қарақалпақстан

Қарақалпақстан Республикасы

Халықаралық (көп жақты)

Тәулік бойы

2

Сарыағаш

Оңтүстік Қазақстан облысы

Келес

Ташкент облысы

Халықаралық (көп жақты)

Тәулік бойы

»;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:

«

2.1

Мақтаарал

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сырдария

Сырдария облысы

Халықаралық (көп жақты)

Тәулік бойы

»;

      «Автомобильдік өткізу пункттері» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 3, 6, 7 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

Тәжен

Маңғыстау облысы

Дәуіт- Ата

Қарақалпақстан Республикасы

Халықаралық (Көп жақты)

Тәулік бабы

6

Қапланбек

Оңтүстік Қазақстан облысы

Зангиота

Ташкент облысы

Екі жақты (мемлекетаралық)

Тәуліктің жарық уақытында

7

Қазығұрт

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ташкент

Ташкент облысы

Екі жақты (мемлекетаралық)

Тәуліктің жарық уақытында

9

Атамекен

Оңтүстік Қазақстан облысы

Гулистан

Сырдария облысы

Екі жақты (мемлекетаралық)

Тәуліктің жарық уақытында

»;

      реттік нөмірлері 8, 10,11 және 12-жолдар алып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.
      20 ___ жылғы «____» ___________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрі бүкіл мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының
      Yкiметi үшiн                          Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады