2006 жылғы 20 қыркүйекте болған "Миттал Стил Темiртау" акционерлiк қоғамы Көмiр департаментiнiң Ленин атындағы шахтасындағы аварияның себептерiн тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Темiртау" акционерлiк қоғамы Көмiр департаментiнiң Ленин атындағы шахтасындағы аварияның себептерiн тексеру және жарылыс салдарларын жою жөнiндегi үкiметтiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Комиссия жедел жұмысқа кiрiссiн, аварияның себептерiн жан-жақты тексерудi қамтамасыз етсiн, келтiрiлген залалдың көлемiн анықтасын әрi зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың отбасыларына бiрiншi кезекте көмек көрсету жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. Комиссияның жетекшiсi Ш.Қ. Құлмаханов аварияның себептерiн тексеру нәтижелерi мен зардап шеккендерге және қайтыс болғандардың отбасыларына бiрiншi кезекте көмек көрсету жөнiнде қабылданған шаралар туралы баяндасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 20 қыркүйектегi
N 893 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Темiртау" акционерлiк қоғамы Көмiр департаментiнiң Ленин атындағы шахтасындағы аварияның себептерiн тексеру жөнiндегi үкiметтiк комиссия
Құлмаханов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай жағдайлар министрi, жетекшi
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар министрi,
жетекшiнiң орынбасары
Оглов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Вадим Валерьевич жағдайлар министрлiгi Төтенше
жағдайларды және өнеркәсiптiк
қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау
комитетi төрағасының орынбасары
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Байболат Әбдiрахманұлы жағдайлар министрлiгi "Тау-кен
өнеркәсiбiндегi жұмыстардың
қауiпсiздiгi жөнiндегi Қазақ
мемлекеттiк ғылыми-зерттеу институты"
еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнының
директоры
Қаппасов - Қазақстан Республикасы Төтенше
Нақып Қаппасұлы жағдайлар министрлiгi "Көмip"
әскерилендiрiлген авариялық-құтқару
қызметi" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорнының бастығы
Ходжаев - Қазақстан Республикасы Төтенше
Рустам Ривхатович жағдайлар министрлiгi "Қазақстан
Республикасының тау-кен
құтқарушылары ғылыми-инженерлiк
орталығы" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны директорының
мiндетiн атқарушы
Айбеков - Қазақстан Республикасы Энергетика
Қабыкен Жақпарұлы және минералдық ресурстар министрлiгi
Электр энергетикасы және көмiр
өнеркәсiбi департаментi көмiр
өнеркәсiбiн дамыту бөлiмiнiң бастығы
Бисақаев - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Серiкқали Ғұмарұлы халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң бас мемлекеттiк еңбек
инспекторы
Мұқышева - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Сауле Ғалымқызы сақтау министрлiгi Емдеу-
профилактикалық жұмыс департаментi
медициналық көмектi ұйымдастыру және
көрсету басқармасының бастығы
Кәмалиев - Қарағанды облысы әкiмiнiң бiрiншi
Берiк Сайлауұлы орынбасары
Торғаев - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Мейiрхан Тұяқұлы министрлiгiнiң Тергеу комитетi
басқармасының бастығы
Сидоров - "Қорғау" көмiршiлер кәсiподағының
Вячеслав Михайлович төрағасы
Презент - "Миттал Стил Темiртау" акционерлiк
Григорий Михайлович қоғамы Көмiр департаментiнiң атқарушы
директоры
Спатаев - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Нұрбек Дайырбекұлы халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң Қарағанды облысы
бойынша бас мемлекеттiк еңбек
инспекторы