Ескерту. ҚР Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2007.04.13. N 300 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы):
1) 129-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, сайлауға және референдумға дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Парламент пен мәслихаттар депутаттығына, әкiмдерге кандидаттарға қатысты жасалған әрекеттер - екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығын айыру арқылы жазаланады.";
2) 130-баптың екiншi бөлiгi "не бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ парақшаларда, плакаттарда, суреттерде немесе басқа да бейнелерде және адамдардың шектелмеген тобына арналған аудио және бейне туындыларда" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 321-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"321-бап. Билiк өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысушы адамға қатысты зорлық жасау";
бiрiншi бөлiгi "оның жақындарына" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысушы немесе өзiнiң қоғамдық борышын атқаруына байланысты қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесушi адамға" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109 құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы; 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы; 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 12 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi
Заңы
):
1) 9-1-тараудың тақырыбы "қол сұғатын" деген сөздерден кейiн "және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 79-5-баппен толықтырылсын:
"79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы iс-әрекет
1. Былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй заттарына зақым келтiру немесе арамдау және құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсететiн тұрғын үй шегiнде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiктен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастарға:
бiрге тұратын немесе тұрған;
некеде тұрған;
бұрынғы ерлi-зайыпты;
жақын туыс адамдар арасындағы қатынастар жатады.";
3) 541-баптың бiрiншi бөлiгi "79-3, 79-4," деген сандардан кейiн "79-5," деген сандармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екiншi абзацы "79-4," деген сандардан кейiн "79-5," деген сандармен толықтырылсын.