"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 898 Қаулысы

       Ескерту. ҚР Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2007.04.13. N  300  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

        1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық   кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы):
      1) 129-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, сайлауға және референдумға дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Парламент пен мәслихаттар депутаттығына, әкiмдерге кандидаттарға қатысты жасалған әрекеттер - екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығын айыру арқылы жазаланады.";
      2) 130-баптың екiншi бөлiгi "не бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ парақшаларда, плакаттарда, суреттерде немесе басқа да бейнелерде және адамдардың шектелмеген тобына арналған аудио және бейне туындыларда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 321-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "321-бап. Билiк өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысушы адамға қатысты зорлық жасау";
      бiрiншi бөлiгi "оның жақындарына" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысушы немесе өзiнiң қоғамдық борышын атқаруына байланысты қоғамдық тәртiптi бұзудың жолын кесушi адамға" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109 құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы; 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңы; 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 12 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi  Заңы ):
      1) 9-1-тараудың тақырыбы "қол сұғатын" деген сөздерден кейiн "және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы 79-5-баппен толықтырылсын:
      "79-5-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы iс-әрекет
      1. Былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй заттарына зақым келтiру немесе арамдау және құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсететiн тұрғын үй шегiнде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осы баптың бiрiншi тармағында көрсетiлген әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiктен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту: Отбасы-тұрмыстық қатынастарға:
      бiрге тұратын немесе тұрған;
      некеде тұрған;
      бұрынғы ерлi-зайыпты;
      жақын туыс адамдар арасындағы қатынастар жатады.";
      3) 541-баптың бiрiншi бөлiгi "79-3, 79-4," деген сандардан кейiн "79-5," деген сандармен толықтырылсын;
      4) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының екiншi абзацы "79-4," деген сандардан кейiн "79-5," деген сандармен толықтырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам усиления ответственности за клевету и насилие"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2006 года N 898

       Сноска. Проект Закона отозван из Парламента - постановление Правительства РК от 13 апреля 2007 года N  300 .

      

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам усиления ответственности за клевету и насилие"

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

  Закон Республики Казахстан

О внесении изменений и дополнений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан
по вопросам усиления ответственности за клевету и насилие

        Статья 1.   Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В  Уголовный  кодекс Республики Казахстан от 16 июля 1997 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 15-16, ст. 211; 1998 г., N 16, ст. 219; N 17-18, ст. 225; 1999 г., N 20, ст. 721; N 21, ст. 774; 2000 г, N 6, ст. 141; 2001 г., N 8, ст. 53, 54; 2002 г., N 4, ст. 32, 33; N 10, ст. 106; N 17, ст. 155; N 23-24, ст. 192; 2003 г., N 15, ст. 137; N 18, ст. 142; 2004 г., N 5, ст. 22; N 17, ст. 97; N 23 ст. 139; 2005 г., N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 21-22, ст. 87; 2006 г., N 2, ст. 19; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 12, ст. 72; Закон Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 июля 2006 г.):
      1) статью 129 дополнить частью 2-1 следующего содержания:
      "2-1. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные в отношении кандидатов в Президенты Республики Казахстан, в депутаты Парламента и маслихатов, акимы в период подготовки и проведения выборов и референдума,-
      наказывается ограничением свободы на срок до двух лет или лишением свободы на тот же срок.";
      2) часть вторую статьи 130 после слов "либо в средствах массовой информации," дополнить словами "а равно в листовках, плакатах, рисунках или в других изображениях и аудио- и видео произведениях, предназначенных для неограниченного круга лиц";
      3) в статье 321:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Статья 321. Применение насилия в отношении представителя
                   власти либо лица, участвующего в обеспечении
                   общественного порядка";
      часть первую после слов "своих должностных обязанностей" дополнить словами ", а равно лица, участвующего в обеспечении общественного порядка или пресекающего нарушение общественного порядка, в связи с исполнением им общественного долга".

      2. В  Кодекс  Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 г. (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; N 17-18, ст. 241; N 21-22, ст. 281; 2002 г., N 4, ст. 33; N 17, ст. 155; 2003 г., N 1-2, ст. 3; N 4, ст. 25; N 5, ст. 30; N 11, ст. 56, 64, 68; N 14, ст. 109; N 15, ст. 122, 139; N 18, ст. 142; N 21-22, ст. 160; N 23, ст. 171; 2004 г., N 6, ст. 42; N 10, ст. 55; N 15, ст. 86; N 17, ст. 97; N 23, ст. 139, 140; N 24, ст. 153; 2005 г., N 5, ст. 5; N 7-8, ст. 19; N 9, ст. 26; N 13, ст. 53; N 14, ст. 58; N 17-18, ст. 72; N 21-22, ст. 86, 87; N 23, ст. 104; 2006 г., N 1, ст. 5; N 2, ст. 19, 20; N 3, ст. 22; N 5-6, ст. 31; N 8, ст. 45; N 10, ст. 52; N 11, ст. 55; N 12, ст. 72, 77; N 13, ст. 85, 86;  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 июля 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам контроля и регулирования деятельности субъектов естественной мономополии и субъектов рынка, занимающих доминирующее положение на соответствующем товарном рынке", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 18 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 29 июля 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 июля 2006 г.;  Закон  Республики Казахстан от 7 июля 2006 г. "О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам долевого участия в жилищном строительстве", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 18 июля 2006 г. и "Казахстанская правда" 12 июля 2006 г.):
      заголовок главы 9-1 дополнить словами ", и в сфере семейно-бытовых отношений";
      дополнить статьей 79-5 следующего содержания:
      "Статья 79-5. Противоправные действия в сфере семейно-бытовых
                    отношений
      1. Нецензурная брань, оскорбительное приставание, унижение,  повреждение или осквернение предметов домашнего обихода и другие действия, выражающие неуважение к гражданам, состоящим с правонарушителем в семейно-бытовых отношениях нарушающие их спокойствие, совершенные в пределах жилища, если эти действия не содержат признаков уголовно наказуемого деяния, -
      влекут штраф в размере от одного до трех месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до десяти суток.
      2. Действия, предусмотренные частью первой настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф в размере от трех до пяти месячных расчетных показателей либо административный арест на срок от десяти до пятнадцати суток.
      Примечание: Под семейно-бытовыми отношениями понимаются отношения между лицами:
      проживающими или проживавшими совместно;
      состоящими в браке;
      бывшими супругами;
      близкими родственниками.";
      часть первую статьи 541 после цифр "79-3, 79-4," дополнить цифрами "79-5,";
      абзац второй подпункта 1) части первой статьи 636 после цифр "79-4," дополнить цифрами "79-5,".

         Статья 2.   Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан