"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының
21-бабы
1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "TURNER "Time Warner Company" компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасының имидждік науқанын қамтамасыз ету жөніндегі 2006 жылға арналған қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуын;
2) Қоғамның қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауын, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі