Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң 425-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алымның мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 9 қазандағы
N 968 қаулысымен
бекiтiлген
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн
алымның мөлшерi
1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алымның мөлшерi:
1) балалар және ғылыми тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi;
2) өзге де тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.
2. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғандығын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн төленетiн алымның мөлшерi осы қосымшаның 1-тармағында белгiленген ставканың сексен пайызын құрайды.