Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 57
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 3, 29-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салу үшiн сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша 2005 жылға кредит беру ережесiнде:
2-тармақтағы "2 (екi) жыл мерзiммен" деген сөздер "2007 жылғы желтоқсанда өтеу мерзiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұрғын үй салуға 2006 жылға кредит берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 наурыздағы N 146
қаулысында
:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:
тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығына сәйкес пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi үшiн құны 56515 теңгеден аспайтын тұрғын үй салуды қамтамасыз етсiн.";
3-тармақтың 1) тармақшасындағы "2 (екi)" деген сөздер "3 (үш)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыға сәйкес кредиттiк шарттарға (келiсiмдерге) қосымша келiсiмдер жасасуды қамтамасыз етсiн.