Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне , "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына , "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1338 Жарлығына , "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына , "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 маусымдағы N 715 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:
тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне ұсынсын;
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығына сәйкес пәтерлердiң жалпы алаңының бiр шаршы метрi үшiн құны 56515 теңгеден аспайтын тұрғын үй салуды қамтамасыз етсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.24. N 1021 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулының 1-тармағы орындалғаннан кейiн Қарыз алушыларға кредиттiк шарттар жасасу арқылы (бұдан әрi - Шарттар) 22000000000 (жиырма екi миллиард) теңге сомасында бюджеттiк кредиттер (бұдан әрi - Кредиттер) бөлсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 260000000 теңге;
Ақтөбе облысына - 1250000000 теңге;
Алматы облысына - 929800000 теңге;
Атырау облысына - 1270000000 теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 964000000 теңге;
Жамбыл облысына - 360000000 теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 1245000000 теңге;
Қарағанды облысына - 440000000 теңге;
Қостанай облысына - 370000000 теңге;
Қызылорда облысына - 325000000 теңге;
Маңғыстау облысына - 250000000 теңге;
Павлодар облысына - 630000000 теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 373000000 теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 2068000000 теңге;
Астана қаласына - 5070300000 теңге;
Алматы қаласы - 6194900000 теңге.
3. Қарыз алушыларға Кредит берудiң мынадай негiзгi шарттары белгiленсiн:
1) Кредиттер Қарыз алушыларға Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберiнде тұрғын үй салуға 3 (үш) жыл мерзiммен сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша теңгемен берiледi;
2) Қарыз алушылар Кредиттердi республикалық бюджетке белгiленген мерзiмде қайтаруды жүргiзедi;
3) Кредиттердi игеру кезеңi кредит берушiнiң шотынан Кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 2007 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.10.24. N 1021 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 2-тармағына сәйкес Шарттар жасасуды қамтамасыз етсiн;
2) Кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi