"Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1112 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы        Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы

      Агроөнеркәсіптік секторды тиімді дамытуды ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын
(бұдан әрі - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ) құрсын;
      2) екі апта мерзімде:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітсін;
      3) үш ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах развития агропромышленного комплекса"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 ноября 2006 года N 1112

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах развития агропромышленного комплекса".

       Премьер-Министр
    Республики Казахстан

  Президент
Республики Казахстан
УКАЗ

О некоторых вопросах развития агропромышленного комплекса

      В целях стимулирования эффективного развития агропромышленного сектора и повышения его конкурентоспособности на внутренних и внешних рынках  ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Правительству Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) создать акционерное общество "Национальный холдинг "КазАгро" (далее - АО "Нацхолдинг "КазАгро");
      2) в двухнедельный срок утвердить:
      Меморандум об основных принципах деятельности АО "Нацхолдинг "КазАгро";
      перечень акционерных обществ, государственные пакеты акций которых будут переданы в оплату уставного капитала АО "Нацхолдинг "КазАгро";
      3) в трехмесячный срок обеспечить внесение соответствующих изменений и дополнений в нормативные правовые акты;
      4) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      2. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

       Президент
  Республики Казахстан

      Астана, Акорда, 2006 года
      N ___