Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы
Агроөнеркәсіптік секторды тиімді дамытуды ынталандыру және оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын
(бұдан әрі - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ) құрсын;
2) екі апта мерзімде:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды;
акцияларының мемлекеттік пакеттері "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітсін;
3) үш ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті