Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 9-2/695 бұйрығын қараңыз.


      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.11.2013 № 1195 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Агенттің 2012 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 64520000 (алпыс төрт миллион бес жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.16 № 1054 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.16 № 1054 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.17 № 425 Қаулысымен.
      5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                            Қазақстан Республикасы 
                                                  Үкіметінің
                                           2006 жылғы 29 қарашадағы
                                                N 1133 қаулысымен
                                                  бекітілген

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі

      Ескерту. Бүкіл мәтіндегі «сақтандырушыға», «сақтандырушының», «сақтандырушы», «сақтандырушылармен», «сақтандырушымен» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе өзара сақтандыру қоғамына», «немесе өзара сақтандыру қоғамының», «немесе өзара сақтандыру қоғамы», «немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен», «немесе өзара сақтандыру қоғамымен» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін реттейді.
      2. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты және уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түскен кірістер есептелетін Ұлттық Банктегі шоттағы ақша мынадай мақсаттарда пайдаланылады:
      1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеуге;
      2) уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

2. Ағымдағы шоттан ақшаны пайдалану тәртібі

      3. Агент ағымдағы шоттан сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамы банктік шотына сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу сомасын аудару үшін Ұлттық Банкке өтемді төлеуге арналған төлем тапсырмасын береді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.30 N 554 қаулысымен.
      4. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы ағымдағы шоттан ақшаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде агенттің сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомалары бойынша агентпен салыстырып тексеру актісін үш данада ресімдейді.
      5. Тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерінің бір бөлігіне жүргізілген өтемдер туралы мынадай құжаттарды ұсына отырып, есептер береді:
      сақтандырушылармен немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен жасалған салыстырып тексеру актісі;
      жүргізілген өтем төлемдері туралы ағымдағы шоттан үзінді көшірме;
      өтемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының көшірмелері.
      6. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы агентке көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған және (немесе) ұсынған жағдайда агент сақтандырушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартады.
      7. Агент ағымдағы шоттан түсетін қаражаттың түсімдері және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жарғылық қызмет нәтижелерінен оқшау жүргізеді.
      8. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.
      9. Агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ағымдағы шоттан бос қаражатты:
      1) Ұлттық Банкпен салым операцияларын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын стандартты шарттар туралы бас келісім жасасу жолымен Ұлттық Банктегі депозиттік шоттарға;
      2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастырады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.
      10. Уақытша бос қаражатты депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған кірістер ағымдағы шотқа есептеледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.
      11. Агенттің қызметін бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

                                  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
                                 сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
                                     ақшаны пайдалану ережесіне
                                              1-қосымша

20___ жылғы «___» ________ 20___ жылғы «___» _______
дейінгі кезеңдегі агенттің ағымдағы шоты бойынша ақшаның
қозғалысы туралы есеп

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

                                                       (теңгемен)

Р/с
N

Атауы

Тоқсандар бойынша сома

Есепті кезеңдегі ақша қозғалысының жиыны

1

2

3

4


1

Тоқсанның басындағы ақшаның қалдығы






2

Есепті кезеңде түсетін  түсімдер, барлығы (3+4+4-1)







оның ішінде:






3

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражат






4

Депозиттік шоттан түсетін сыйақы






4-1

Мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастырудан сыйақы






5

Шығыстар, барлығы (6+7+7-1)







оның ішінде:






6

Сақтандыру төлемдерінің өтелуі






7

Депозитке орналастыру






7-1

Мемлекеттік бағалы қағаздарда орналастыру






8

Есепті кезең соңындағы қаражаттың қалдығы (1+2-5)






Агенттің басшысы ______________________
                        (қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер __________________________
                        (қолы, Т.А.Ә.)            M.O.

                                  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
                                 сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
                                      ақшаны пайдалану ережесіне
                                              2-қосымша

Өсімдік шаруашылғындағы міндетті сақтандыру туралы
20___ жылғы «___» _____ жағдай бойынша есеп

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.08 № 1042 Қаулысымен.

                                                   (теңгемен)

Р/с
N

Сақтандыру компаниясының немесе өзара сақтандыру қоғамының атауы (облыс атауы)

Жасалған шарттар саны (бірл.)

Барлық сақтандырылған алаң (га)

Сақтанушылармен жасалған шарттар бойынша жалпы сақтандыру сомасы

Сақтандырушыныңнемесе өзара сақтандыру қоғамының сақтанушыларға өндірген сақтандыру төлемінің сомасы

Агенттің сақтанушыға  немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомасы








1

2

3

4

5

6

7

Агенттің басшысы _________________
                    (қолы, Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер ______________________
                      (қолы, Т.А.Ә.)            M.O.

Об утверждении Правил использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2006 года № 1133. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1108

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2015 № 1108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 9-2/695.

      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления Правительства РК от 11.11.2013 № 1195 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 марта 2004 года "Об обязательном страховании в растениеводстве" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве.

      2. Утвердить оплату услуг агента на 2012 год в размере 64520000 (шестьдесят четыре миллиона пятьсот двадцать тысяч) тенге.
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 16.08.2012 № 1054 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан осуществить оплату услуг агента за счет средств, предусмотренных Законом Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012 – 2014 годы» для государственной поддержки развития агропромышленного комплекса, в соответствии с договором, заключенным между уполномоченным государственным органом в области растениеводства и агентом в течение 15 календарных дней после его заключения.
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления Правительства РК от 16.08.2012 № 1054 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 17.05.2010 № 425.

      5. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2004 года N 973 "Об утверждении Правил использования денег со специального счета и размещения временно свободных средств" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 35, ст. 463).

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
29 ноября 2006 года N 1133

Правила
использования денег, выделяемых для поддержки
обязательного страхования в растениеводстве

      Сноска. По всему тексту слова "страховщику", "страховщика", "Страховщик", "страховщиками", "страховщиком", дополнены соответственно словами "или обществу взаимного страхования", "или общества взаимного страхования", "или общество взаимного страхования", "или обществами взаимного страхования", "или обществом взаимного страхования" постановлением Правительства РК от 08.10.2010 № 1042.

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регулируют порядок использования денег, выделяемых для поддержки обязательного страхования в растениеводстве в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 марта 2004 года "Об обязательном страховании в растениеводстве".
      2. Деньги со счета в Национальном Банке Республики Казахстан (далее - Национальный Банк), на который зачисляются бюджетные средства, выделяемые для поддержки обязательного страхования в растениеводстве и доходы от размещения временно свободных денег на депозитах в Национальном Банке и в государственные ценные бумаги (далее - текущий счет), используются на следующие цели:
      1) возмещение страховщику или обществу взаимного страхования пятидесяти процентов страховых выплат по страховым случаям, возникшим в результате неблагоприятных природных явлений;
      2) размещение временно свободных средств на депозитах в Национальном Банке и в государственные ценные бумаги.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 08.10.2010 № 1042.

2. Порядок использования денег с текущего счета

      3. Агент для перечисления суммы возмещения части страховых выплат с текущего счета на банковский счет страховщика или общества взаимного страхования представляет в Национальный Банк платежное поручение на выплату возмещения.
      Cноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 30.06.2007 N 554 .
      4. Страховщик или общество взаимного страхования в течение 5 рабочих дней после получения денег с текущего счета оформляет в трех экземплярах акт сверки с агентом по суммам возмещения агентом части страховой выплаты.
      5. Ежеквартально, не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным, агент представляет в уполномоченный орган в области растениеводства отчеты о произведенных возмещениях части страховых выплат по формам, согласно приложениям 1 и 2 к настоящим Правилам, с представлением следующих документов:
      акт сверки со страховщиками или обществами взаимного страхования;
      выписка с текущего счета о произведенных выплатах возмещений;
      копии платежных документов на выплату возмещений.
      6. В случае сообщения и (или) представления страховщиком или обществом взаимного страхования агенту заведомо ложных сведений агент отказывает страховщику или обществу взаимного страхования в возмещении части произведенной страховой выплаты.
      7. Агент ведет бухгалтерский учет операций по поступлениям и использованию средств с текущего счета обособленно от результатов уставной деятельности.
      8. Остатки средств на текущем счете, числящиеся на конец финансового года, не подлежат возврату уполномоченному государственному органу в области растениеводства и соответственно в бюджет.
      9. Агент по согласованию с уполномоченным органом в области растениеводства размещает временно свободные средства с текущего счета:
      1) на депозитных счетах в Национальном Банке путем заключения с Национальным Банком генерального соглашения о стандартных условиях, используемых при осуществлении вкладных операций;
      2) в государственные ценные бумаги в соответствии с законодательством Республики Казахстан о рынке ценных бумаг.
      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 08.10.2010 № 1042.
      10. Полученные доходы от размещения на депозиты и в государственные ценные бумаги временно свободных средств зачисляются на текущий счет.
      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 08.10.2010 № 1042.
      11. Контроль за деятельностью агента осуществляют уполномоченные государственные органы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Приложение 1        
к Правилам использования денег,
выделяемых для поддержки  
обязательного страхования 
в растениеводстве     

                      Отчет
    о движении денег по текущему счету Агента
         за период с __ _______ 20__года
                по __ ______ 20__год

      Сноска. Приложение 1 с изменениями, внесенными
постановлением Правительства РК от 08.10.2010 № 1042.

                                             (в тенге)

N
п/
п
Наименование Сумма по кварталам Итого
движение
денег за
отчетный
период
1 2 3 4

1

Остаток денег
на начало
квартала






2

Поступления за
отчетный период,
всего (3+4+4-1)







в том числе:






3

Средства,
выделенные
для поддержки
обязательного
страхования в
растениеводстве






4

Вознаграждения
с депозитного
счета






4-1

Вознаграждения
от размещения в
государственные
ценные бумаги






5

Расходы, всего
(6+7+7-1)







в том числе:






6

Возмещение
страховых выплат






7

Размещение на
депозит






7-1

Размещение в
государственные
ценные бумаги






8

Остаток средств
на конец
отчетного
периода (1+2-5)






Руководитель агента ____________________
                       (подпись, Ф.И.О.)     М.П.
Главный бухгалтер ______________________
                       (подпись, Ф.И.О.)

Приложение 2        
к Правилам использования денег,
выделяемых для поддержки  
обязательного страхования  
в растениеводстве      

                      Отчет
    об обязательном страховании в растениеводстве
         по состоянию на "___"_____ 20__ год

      Сноска. Приложение 2 с изменениями, внесенными
постановлением Правительства РК от 08.10.2010 № 1042.

                                                  (в тенге)

N
п/
п
Наименование
страховой
компании
или общества
взаимного
страхования
(наименова-
ние
области)
Коли-
чество
заклю-
ченных
дого-
воров
(ед.)
Всего
застра-
ховано
площади
(га)
Общая
страхо-
вая
сумма
по
догово-
рам со
страхо-
вате-
лями
Сумма
произ-
веден-
ных
стра-
ховых
выплат
стра-
ховщи-
ком
или
обще-
ством
вза-
имного
стра-
хова-
ния
стра-
хова-
телям
Сумма
возме-
щения
части
страхо-
вых
выплат
агентом
стра-
ховщику
или
обще-
ству
взаим-
ного
страхо-
вания

1

2 3 4 5 6 7

Руководитель агента ____________________
                       (подпись, Ф.И.О.)     М.П.
Главный бухгалтер ______________________
                       (подпись, Ф.И.О.)