Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2006 жылғы 4 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы
Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi
Тараптар мемлекеттерi арасындағы саяси, әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық немесе өзге де ынтымақтастық барысында онымен алмасу жүзеге асырылатын, сондай-ақ осындай ынтымақтастық процесiнде қалыптасқан құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету ниетiн негiзге ала отырып,
Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудегi өзара мүдделерiн ескере отырып,
1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық құпияларының сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келiсiмдi iске асырудағы өзара мүдделiлiктi ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келiсiмде пайдаланылатын терминдер мыналарды бiлдiредi:
"құпия ақпарат" - Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес қорғалатын, осы Келiсiмде белгiленген тәртiппен берiлген, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ынтымақтастығы процесiнде қалыптасқан, оларды рұқсатсыз тарату Тараптар мемлекеттерiнiң қауiпсiздiгiне және мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн кез келген нысанда бiлдiрiлген мәлiметтер;
"құпия ақпаратты жеткiзгiштер" - қорғалатын құпия ақпарат нышандар, үлгiлер, белгiлер, техникалық шешiмдер және процестер түрiнде өз көрiнiсiн табатын материалдық объектiлер, оның iшiнде физикалық өрiстер;
"құпиялылық дәрежесi" - құпия ақпараттың маңыздылығын, оған қол жеткiзудi шектеу деңгейiн және оны Тараптар мемлекеттерiнiң қорғау деңгейiн сипаттайтын санат, оның негiзiнде құпиялылық белгiсi қойылады;
"құпиялылық белгiсi" - олардың жеткiзгiшiнде болатын, жеткiзгiштiң өзiнде және (немесе) оған iлеспе құжаттамада қойылатын мәлiметтердiң құпиялық дәрежесi туралы куәландыратын деректемелер;
"уәкiлеттi орган" - мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезiнде осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн жауапты мемлекеттiк орган;
"ұйым" - Тараптар мемлекеттерiнiң ынтымақтастығы процесiнде берiлетiн немесе қалыптасқан құпия ақпаратты алуға, сақтауға, қорғауға, пайдалануға Тараптар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган немесе ұйым;
"құпия ақпаратқа рұқсат ету" - жеке тұлғалардың құпия ақпаратқа қол жеткiзуге, ал ұйымның осындай ақпаратты пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге құқығын ресiмдеу рәсiмi;
"құпия ақпаратқа қол жеткiзу" - құпия ақпаратқа рұқсаты бар жеке тұлғаның онымен танысу процесi;
"келiсiм-шарт" - Тараптар мемлекеттерiнiң ұйымдары арасында жасалатын, оның шеңберiнде құпия ақпарат қалыптасатын немесе берiлетiн шарт.
Мыналар құпия ақпарат болып табылады:
- Қазақстан Республикасында:
халықаралық құқықтың жалпы қабылданған нормаларына қайшы келмейтiн тиiмдi әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау, жедел iздестiру және өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсатында таралуын мемлекет шектейтiн мемлекеттiк немесе қызметтiк құпияларды құрайтын, мемлекет қорғайтын мәлiметтер.
Құпия ақпараттың рұқсатсыз таратылуы салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың немесе ел экономикасы салаларының мүдделерiне келтірiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн залалға қарай көрсетiлген құпия ақпаратты жеткiзгiштер үшiн оларға тиiстi құпиялылық белгiлерi белгiлендi:
"Aca маңызды" - әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласындағы, таралуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер;
"Өте құпия" - әскери, сыртқы саяси, экономикалық ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметi саласындағы, таралуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне, мемлекеттiк органының немесе ел экономикасы саласының мүдделерiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер;
"Құпия" - мемлекеттiк құпияның құрамына кiруi мүмкiн, таралуы немесе жоғалуы әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, барлау, қарсы барлау және жедел iздестiру қызметiндегi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн жекелеген деректер сипатындағы өзге де мәлiметтер.
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер мемлекеттiк құпияларға жатады. "Aca маңызды" және "өте құпия" белгiлерi бар ақпарат мемлекеттiк құпияға, "құпия" белгiсi барлары қызметтiк құпияға жатады.
- Тәжiкстан Республикасында:
қорғаныс, экономика, сыртқы қатынастар, мемлекеттiк қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласындағы мемлекет қорғайтын, таралуы Тәжiкстан Республикасының қауiпсiздiгiне залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер.
Мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтер аса маңызды, өте құпия және құпия мәлiметтерге бөлiнедi:
"Aca маңызды" - қорғаныс, экономика, сыртқы қатынастар, мемлекеттiк қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласындағы, таралуы Тәжiкстан Республикасының қауiпсiздiгiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер;
"Өте құпия" - қорғаныс, экономика, сыртқы қатынастар, мемлекеттiк қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласындағы, таралуы Тәжiкстан Республикасының министрлiктерiнiң (ведомстволарының) немесе экономикасы саласының мүдделерiне санамаланған салалардың бiрiнде немесе бiрнешеуiнде залал келтiруi мүмкiн мәлiметтер;
"Құпия" - таралуы қорғаныс, экономика, сыртқы қатынастар, мемлекеттiк қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтер қатарындағы өзге де мәлiметтер.
3-бап
Құпиялылық дәрежелерiнiң салыстырмалылығы
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес құпиялылық дәрежелерi мынадай түрде салыстырылады деп белгiлейдi:
Орыс тiлiнде Қазақстан Тәжiкстан
Республикасында Республикасында
"Особой важности" "Аса маңызды" "Фавкулодда мухим"
"Совершенно "Өте құпия" "Камилан махфй"
секретно"
"Секретно" "Құпия" "Махфй"
4-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi шаралар
1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес:
1) екiншi Тарап берген немесе Тараптар ынтымақтастығының процесiнде қалыптасқан құпия ақпаратты қорғауға;
2) берген Тарап қойған құпиялылық белгiсiн оның жазбаша келiсiмiнсiз өзгертпеуге;
3) құпия ақпаратпен жұмыс істеу кезiнде осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес құпиялылық дәрежесiмен салыстырылатын өзiнiң құпия ақпаратына қатысты пайдаланылатын нақ сондай қорғау шараларын қабылдауға;
4) екiншi Тарап мемлекетiнiң ұйымынан алынған құпия ақпаратты оны беру кезiнде көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) берген Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi Тараптың құпия ақпаратқа қол жеткiзуiн болдырмауға мiндеттенедi.
2. Құпия ақпаратқа қол жеткiзуге осы ақпаратты бiлу оларды беру немесе бiрлесiп әзiрлеу кезiнде көзделген мақсаттарда қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi адамдарға ғана рұқсат етiледi. Құпия ақпаратқа қол жеткiзуге құпия ақпаратқа тиiстi рұқсаты бар адамдарға ғана берiледi.
3. Қажет болған жағдайда құпия ақпаратпен жұмыс iстеу жөнiндегi мiндеттемелер және оны қорғау жөнiндегi шаралар егжей-тегжейлi жазылатын құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi қосымша талаптар белгiлi бiр қызмет түрiне арналған келiсiм-шарттарға енгiзiледi.
1. Бiр Тараптың ұйымы құпия ақпаратты екiншi Тарап мемлекетiнiң ұйымына беруге ниеттенген жағдайда, ол алдын ала екiншi Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органынан құпия ақпаратты алуды көздеп отырған ұйымда тиiстi рұқсаттың болуы туралы жазбаша растауды сұратады.
2. Тараптар нақты құпия ақпаратты беру туралы шешiмдi әрбiр жекелеген жағдайда Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес қабылдайды.
3. Құпия ақпаратты бiр Тарап мемлекетiнен екiншi Тарап мемлекетiне берудi фельдъегерлiк қызмет немесе Тараптар мемлекеттерiнiң арасында қолданылып жүрген келiсiмдерге сәйкес өкiлеттiк берiлген өзге де қызмет дипломатиялық арналар бойынша жүзеге асырады. Тиiстi ұйым құпия ақпаратты алғандығын жазбаша растайды.
4. Ауқымды көлемдегi құпия ақпаратты тасымалдау үшiн тиiстi ұйымдар әрбiр жекелеген жағдайда тасымалдау тәсiлдерiн, iлесiп жүру бағытын және нысанын белгiлейдi.
Тараптар мемлекеттерiнiң ұйымдары мұндай тасымалдаулардың әрбiр жағдайы туралы тиiстi ақпаратпен алмасады.
5. Техникалық құралдары пайдалана отырып құпия ақпаратты беру кезiнде тиiстi ұйымдар Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес оны қорғау бойынша келiсiлген шаралар қабылдайды.
6-бап
Құпия ақпаратпен жұмыс iстеу
1. Берiлген құпия ақпаратты оны алу үшiн жауапты ұйым осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес салыстырылатын құпиялылық белгiлермен қосымша белгiлейдi.
Құпиялылық белгiлерiмен белгiлеудiң мiндеттiлiгi Тараптар мемлекеттерiнiң ынтымақтастығы процесiнде, аудару, көбейту немесе тираждау нәтижесiнде қалыптасқан құпия ақпаратқа қолданылады.
Берiлген құпия ақпарат негiзiнде қалыптасқан құпия ақпаратқа берiлген құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесiнен төмен болмайтын құпиялылық дәрежесi қойылады.
2. Қалыптасқан немесе берiлген құпия ақпарат Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасында өздерiнiң құпия ақпараты үшiн көзделген тәртіппен сақталады және есепке алынады.
3. Құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесiн ұйым оны берген Тарап мемлекетiнiң тиiстi ұйымының жазбаша рұқсаты бойынша ғана өзгертуi немесе алып тастауы мүмкiн.
Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде қалыптасқан құпия ақпараттың құпиялылық дәрежесi Тараптар мемлекеттерi ұйымдарының өзара келiсiмi бойынша айқындалады, өзгертiледi немесе алынып тасталады.
Құпия ақпаратты берген Тарап мемлекетiнiң ұйымы екiншi Тарап мемлекетiнiң тиiстi ұйымын мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде оның құпиялылық дәрежесiн өзгерту немесе алып тастау туралы хабардар етуге мiндеттi.
4. Құпия ақпаратты жеткiзгiштер оларды берген Тарап мемлекетi ұйымының жазбаша хабарламасы бойынша қайтарылады немесе жойылады.
Құпия ақпаратты және оны жеткiзгiштердi көбейту (тираждау) оны берген Тарап мемлекетi ұйымының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
Құпия ақпаратты жою құжатталады, ал жою процесiнiң өзi оның кейiннен қалпына келтiрiлмейтiнiн кепiлдендiруге тиiс.
Тараптар мемлекеттерiнiң ұйымдары жасасатын келiсiм-шарттарға жеке бөлiм енгiзiледi, онда мыналар айқындалады:
1) қалыптасқан және берiлетiн құпия ақпараттың тiзбесi және оның құпиялылық дәрежелерi;
2) қалыптасқан және берiлетiн құпия ақпаратты қорғау ерекшелiктерi, пайдалану шарттары;
3) даулы жағдайларды шешудiң және қалыптасқан және берiлетiн құпия ақпаратты рұқсатсыз таратудан болуы мүмкiн залалды өтеудiң тәртiбi.
1. Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн жауапты уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Тәжiкстан Республикасында - Тәжiкстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Мемлекеттiк құпияларды
қорғау жөнiндегi бас басқарма
2. Ынтымақтастық сипатына қарай Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру үшiн жауапты өзге де ведомстволарды тағайындай алады, бұл туралы олар бiр-бiрiн дипломатиялық арналар бойынша хабардар етедi.
1. Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары осы Келiсiмдi орындау үшiн қажеттi көлемде Тараптар мемлекеттерiнiң құпия ақпаратты қорғау саласындағы тиiстi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен алмасады.
2. Осы Келiсiмдi орындау кезiнде ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары олардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша бiрлескен консультациялар өткiзедi.
1. Бiр Тарап мемлекетiнiң ұйымдары өкiлдерiнiң екiншi Тарап мемлекетiнiң құпия ақпаратына қол жеткiзудi көздеген сапарлары қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Мұндай сапарларға рұқсат осы Келiсiмнiң 4-бабында көрсетiлген адамдарға ғана берiледi.
2. Мұндай сапарлардың мүмкiндiгi туралы өтiнiш болжанып отырған сапар мерзiмiне дейiн кемiнде 30 күннен кешiктiрмей жiберiледi.
Мұндай сапарлардың мүмкiндiгi туралы өтiнiш қабылдаушы Тарап мемлекетiнде қабылданған рәсiмдерге сәйкес жасалады және мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
келушiнiң тегi мен аты, туған күні мен жерi, азаматтығы және паспортының нөмiрi;
келушiнiң мамандығы мен лауазымы, ол жұмыс iстейтiн ұйымның атауы;
тиiстi құпиялылық дәрежесiне сәйкес келетiн құпия ақпаратқа рұқсатының болуы;
болжанып отырған келу күнi және сапардың жоспарланып отырған ұзақтығы, оларда болу жоспарланып отырған ұйымдардың, объектiлердiң, қондырғылар мен үй-жайлардың атауы, сапардың мақсаты және өңделетiн тақырыптарға қатысты барлық пайдалы нұсқаулар, сондай-ақ танысу болжанып отырған ақпараттың құпиялылық дәрежесi;
келушiлердiң кездесуi болжанып отырған адамдардың лауазымы, тегi және аты.
3. Бiр Тарап мемлекетi ұйымының өкiлдерi екiншi Тараптың тиiстi құпиялылық дәрежесiндегi құпия ақпаратымен жұмыс iстеу ережелерiмен танысады және сапар барысында осы ережелердi сақтайды.
4. Келушiлер қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасында көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс.
11-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi шараларды
жүргiзуге арналған шығыстар
Бiр Тарап мемлекетi ұйымдарының құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi шараларды ұйымдастыруға және орындауға байланысты туындайтын шығыстарын екінші Тарап мемлекетінің ұйымдары өтемейді.
12-бап
Құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi
талаптарды бұзу
Екiншi Тарап мемлекетiнiң ұйымы берген құпия ақпараттың рұқсатсыз таралуына әкеп соққан немесе осындай рұқсатсыз таратуды көздейтiн құпия ақпаратты қорғау жөнiндегi талаптар бұзылған жағдайда тиiстi Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органы екiншi Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органын дереу хабардар етедi, аумағында бұзушылық орын алған Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес қажеттi тергеу жүргiзудi қамтамасыз етедi және құпия ақпаратты берген Тарап мемлекетiнiң уәкiлеттi органын тергеу нәтижелерi мен қабылданған шаралар туралы хабардар етедi.
Тараптар мемлекеттерiнiң арасындағы құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету режимiн реттейтiн қазiр бар халықаралық шарттар, егер олардың ережелерi осы Келiсiмге қайшы келмесе, қолданыла бередi.
Мұндай қайшылықтар анықталған жағдайда Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларын басшылыққа ала отырып, оларды бiрлесiп шешедi.
Осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты даулар Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдарының арасында консультациялар және келiссөздер жолымен шешiледi. Мұндай келiссөздер кезiнде Тараптар осы Келiсiмге сәйкес өз мiндеттемелерiн орындауды жалғастырады.
15-бап
Осы Келiсiмнiң күшiне енуi, қолданылатын мерзiмi,
өзгеруi және қолданылуын тоқтатуы
1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
2. Өзара уағдаластық бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы баптың 1 тармағында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
3. Осы Келiсiмнiң қолданысы Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылуы мүмкiн.
4. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған жағдайда Тараптардың ынтымақтастығы процесiнде берiлген немесе қалыптасқан құпия ақпаратқа қатысты құпиялылық белгiсi алынбайынша, осы Келiсiмнiң 4-бабында оны қорғау жөнiнде көзделген шаралар қолданыла бередi.
2006 жылғы 4 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкiметi үшiн Yкiметі үшін