Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Петропавл мемлекеттiк орман мекемесi" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi - мекеме) Петропавл қаласының шекарасында орналасқан жалпы алаңы 270 гектар жер учаскелерi орман қоры жерiнiң санатынан елдi мекендер жерiнiң санатына ауыстырылсын.
2. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:
1) орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн орман алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн;
2) алынған сүректi мекеменiң теңгерiмiне бере отырып, екпе ағаштарды кесудi жүргiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1215 қаулысына қосымша
"Петропавл мемлекеттiк орман мекемесi" мемлекеттiк
мекемесiнiң Петропавл қаласының шекарасында орналасқан,
орман қоры жерiнiң санатынан елдi мекендер жерiнiң
санатына ауыстырылатын жерiнiң экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, га |
соның ішінде |
||||
орман өскен |
егістік |
жайылым |
құрылыстың астында |
кеніш |
||
"Петропавл мемлекеттік орман мекемесі" мемлекеттік мекемесі |
270 |
178,1 |
4,4 |
3,9 |
81,8 |
1,8 |