Орман қоры жерiнiң жекелеген учаскелерiн елдi мекендер жерiне ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1215 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң  130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Петропавл мемлекеттiк орман мекемесi" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi - мекеме) Петропавл қаласының шекарасында орналасқан жалпы алаңы 270 гектар жер учаскелерi орман қоры жерiнiң санатынан елдi мекендер жерiнiң санатына ауыстырылсын.

      2. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi:
      1) орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн орман алқаптарын алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн;
      2) алынған сүректi мекеменiң теңгерiмiне бере отырып, екпе ағаштарды кесудi жүргiзсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                      Қазақстан Республикасы
                                            Yкiметiнiң
                                   2006 жылғы 15 желтоқсандағы
                                     N 1215 қаулысына қосымша

     "Петропавл мемлекеттiк орман мекемесi" мемлекеттiк
  мекемесiнiң Петропавл қаласының шекарасында орналасқан,
     орман қоры жерiнiң санатынан елдi мекендер жерiнiң
        санатына ауыстырылатын жерiнiң экспликациясы      

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, га

соның ішінде

орман өскен

егістік

жайылым

құрылыстың астында

кеніш

"Петропавл мемлекеттік орман мекемесі" мемлекеттік мекемесі

270

178,1

4,4

3,9

81,8

1,8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады