Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1228 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы облысының бюджетіне аудару үшін Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы ауысымда 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 60 төсектік перзентхананы қайта жаңартуды аяқтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 120224000 (бір жүз жиырма миллион екі жүз жиырма төрт мың) теңге сомасында нысаналы даму трансферттері бөлінсін.

      2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлімінде:
      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында, 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
      "109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу";

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында, 09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында, 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкімшісі бойынша "109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы ауысымда 300 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар 60 төсектік перзентхананы қайта жаңартуды аяқтауға 120224 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;

      13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" ішкі функциясында, 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша:
      010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында, 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасында шығындар 120224 мың теңге сомасына азайтылсын.

      3. Алматы облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2006 года N 1228

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Выделить Министерству здравоохранения Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2006 год на неотложные затраты, целевые трансферты на развитие в сумме 120224000 (сто двадцать миллионов двести двадцать четыре тысячи) тенге для перечисления бюджету Алматинской области на завершение реконструкции родильного дома на 60 коек с женской консультацией на 300 посещений в смену в городе Жаркенте Панфиловского района Алматинской области.

      2. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2006 год" следующие дополнение и изменения:
      в  приложении 1  к указанному постановлению:
      в разделе II "Затраты":
      в функциональной группе 05 "Здравоохранение", по администратору 226 "Министерство здравоохранения Республики Казахстан" дополнить программой следующего содержания:
      "109 Проведение мероприятий за счет резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты";
      в функциональной группе 05 "Здравоохранение", в подфункции 09 "Прочие услуги в области здравоохранения", по администратору 226 "Министерство здравоохранения Республики Казахстан" по бюджетной программе "109 Проведение мероприятий за счет резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты" затраты увеличить на сумму 120224 тысячи тенге на завершение реконструкции родильного дома на 60 коек с женской консультацией на 300 посещений в смену в городе Жаркенте Панфиловского района Алматинской области;
      в функциональной группе 13 "Прочие", в подфункции 09 "Прочие", по администратору 217 "Министерство финансов Республики Казахстан":
      в программе 010 "Резерв Правительства Республики Казахстан", в подпрограмме 101 "Резерв Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты" затраты уменьшить на сумму 120224 тысячи тенге.

      3. Акиму Алматинской области в установленном законодательством порядке обеспечить целевое использование выделенных средств и принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан