Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1231 Қаулысы

      Хатлон облысы Құмсаңғыр ауданында 2006 жылғы шілдеде болған жер сілкінісінің салдарын жою үшін Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты Тәжікстан Республикасының Үкіметі белгілеген арнайы банк шотына аударуды қамтамасыз етсін.

      3. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға  1-қосымшада :
      II "Шығындар" бөлімінде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында:
      204 "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
      "100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу";

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында 204 "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" әкімшісі бойынша 100 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу" бағдарламасы бойынша шығындар Тәжікстан Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомаға ұлғайтылсын;

      13 "Басқалар" функционалдық тобында 09 "Басқалар" ішкі функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві" кіші бағдарламасында шығындар 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомаға азайтылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Об оказании официальной гуманитарной помощи Республике Таджикистан и внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2006 года N 1231

      В целях оказания официальной гуманитарной помощи Республике Таджикистан для ликвидации последствий землетрясения, произошедшего в июле 2006 года в Кумсангирском районе Хатлонской области, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке выделить Министерству иностранных дел Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2006 год, средства в сумме, эквивалентной 50000 (пятьдесят тысяч) долларам США, для оказания официальной гуманитарной помощи Республике Таджикистан.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить перечисление указанных средств на специальный банковский счет, определенный Правительством Республики Таджикистан.

      3. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года  N 1228   "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2006 год" следующие дополнение и изменения:
      в приложении 1 к указанному постановлению:
      в разделе II "Затраты":
      в функциональной группе 01 "Государственные услуги общего характера":
      по администратору 204 "Министерство иностранных дел Республики Казахстан" дополнить программой следующего содержания:
      "100 Проведение мероприятий за счет чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан";
      в функциональной группе 01 "Государственные услуги общего характера" по администратору 204 "Министерство иностранных дел Республики Казахстан" затраты по программе 100 "Проведение мероприятий за счет чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан" увеличить на сумму, эквивалентную 50000 (пятьдесят тысяч) долларам США, для оказания гуманитарной помощи Республике Таджикистан;
      в функциональной группе 13 "Прочие" в подфункции 09 "Прочие" по администратору 217 "Министерство финансов Республики Казахстан" в программе 010 "Резерв Правительства Республики Казахстан" в подпрограмме 100 "Чрезвычайный резерв Правительства Республики Казахстан для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и других государств" затраты уменьшить на сумму, эквивалентную 50000 (пятьдесят тысяч) долларам США.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан