Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11; 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; 2006 жылғы 19 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 12 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 152-баптың 1-тармағында:
7) тармақшада "тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары" деген сөздер "заемдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 21, 382-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2005 ж., N 7-8, 22-құжат):
1) 2-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт - ол салымшы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкi арасындағы және/немесе салымшы, тұрғын үй құрылысы жинақ банкi және үшiншi тұлғалар арасындағы, оның iшiнде осы Заңға және тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң өзге де iшкi құжаттарына сәйкес банктiң агентi (агенттерi) арқылы жасалатын шарт;";
8) тармақшада "жасасқан кезде" деген сөздер "жасасу бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшада "шарттық соманың кемiнде елу процентiн" деген сөздер "жинақталған ақшаның ең аз қажеттi сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) алдын ала тұрғын үй заемы - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтау кезеңiнде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем.
Алдын ала тұрғын үй заемы шарттық соманы алғанға дейiн негiзгi борышты өтеу шартынсыз шарттық соманың шегiнде берiледi.
Алдын ала тұрғын үй заемы бойынша қалдық осы Заңның нормаларына, банктiң iшкi кредит саясатына және банктiк заемның жеке шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi;";
14) тармақшада ",бұл уақыт кезеңi өткеннен кейiн шарттық сома төленедi" деген сөздер алып тасталсын;
18) тармақшада "жинақтау мен кредит беру мерзiмдерiн, салым бойынша сыйақы ставкаларын және өзге де талаптарды" деген сөздер "салым бойынша сыйақы ставкаларын және жинақтау мен кредит берудiң өзге де талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
4-тармақта "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бiрiншi абзацта "және аралық" деген сөздер ", аралық тұрғын үй және алдын ала" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) басқа ұйымдарда ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшiн бастапқы жарна енгiзу түсiнiледi.";
9-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
3) 4-баптың 2-тармағында "немесе өзiн осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес қызметпен айналысатын тұлға ретiнде сипаттай алмайды" деген сөздер "және (немесе) осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыра алмайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында "және аралық" деген сөздер ", аралық тұрғын үй және алдын ала" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кассалық операциялар - қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеудi, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 2), 6) тармақшаларында көрсетiлген банк операцияларының бiрiн жүзеге асыру кезiнде оларды қабылдау және беру;
2) аударым операциялары - жеке тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары жөнiндегi тапсырмаларын орындау;";
3) тармақша алып тасталсын;
5) 7-бапта:
1-тармақта:
екiншi бөлiкте "және аралық" деген сөздер ", аралық тұрғын үй және алдын ала" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте алдын ала тұрғын үй заемдарын беру үшiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы пайдаланылмайды.";
6) 8-бапта:
2-тармақта:
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 5) тармақшада "растағанда" деген сөзден кейiн "тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт күшiне енгеннен кейiн кемiнде 3 (үш) жыл өткен соң жүргiзiледi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiң сыйлықақысы тұрғын үй заемын алуға арналған өтiнiш берген сәтке дейiн есептеледi.";
5-тармақта "аралық тұрғын үй" деген сөздерден кейiн "және алдын ала тұрғын үй" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 9-бапта:
тақырыбында "және аралық тұрғын үй" деген сөздер ", аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта "және аралық тұрғын үй" деген сөздер ", аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 11-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасында "аралық тұрғын үй заемын" деген сөздер "аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 1-тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi