"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1268 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы  1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 3AҢЫ

 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Мәскеуде 2006 жылғы 4 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршілiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру және Приозерск қаласының тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету шарттары туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:
      1) кiрiспедегi:
      үшiншi абзац алып тасталсын;
      төртiншi абзацта "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-
мемлекеттердiң 1992 жылғы 9 қазандағы РҚҚ-72 Шартына қатысу туралы Шешiмiн," деген сөздер алып тасталсын;
      2) 1-баптың екiншi абзацындағы "Жезқазған" деген сөз "Қарағанды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 2-баптағы "Полигонның ӘШҚҚ-72 жөнiндегi Шарттың 4-бабында айтылған және 1978 жылғы 1 қарашадағы Шартқа Келiсiлген мәлiмдемеде бекiтiлген" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерiн жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен, сондай-ақ Приозерск қаласының жылжымалы және жылжымайтын мүлкiмен бiрге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға бередi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерiнiң, оның iшiнде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен бiрге жер учаскелерiнiң жалға берiлу кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесiнде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi жүзеге асырады.";
      5) 7-баптың 1-тармағында "статусы Тараптардың жеке келiсiмiмен" деген сөздер ", олардың құрамына кiретiн адамдар және олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi, сондай-ақ Ресей Федерациясының құзыреттi органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелерi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 9-бапта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигон қызметi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiм бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк орталық түраралық полигонының құрылымдық бөлiмшелерi, объектiлерi және ұрыс алаңдары туралы ережемен (бұдан әрi - Полигон туралы ереже) регламенттеледi. Полигонның аталған жұмыстары үшiн:";
      жетiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiктерiмен" деген сөздер "Қазақстандық Тарап уәкiлеттiк берген ғылым және жаңа технологиялар мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 10-баптағы:
      екiншi абзацтағы "қалпына келтiрудi және" деген сөздер алып тасталсын;
      төртiншi абзацтың қазақша мәтiнi өзгерiссiз қалады;
      тоғызыншы абзацтағы "қамтамасыз етудi мiндеттенедi." деген сөздер ";" деген белгiмен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "нысаналар мен ракеталар құлаған алқаптарды қайта өңдеудi (қажет болған жағдайда Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын тәртiппен) қамтамасыз етудi мiндеттенедi.";
      он бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигонның қолбасшылығы Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы билiк органдарымен бiрлесiп дүлей зiлзалаларды жоюға көмек көрсету кезiнде Полигон аумағының учаскелерiн пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.";
      мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Полигонның аумағын басқа мақсаттарда пайдалану кезiнде оның жоспарлы жұмыстарын уақытша тоқтату немесе шектеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң бiрлескен шешiмдерi негiзiнде жүргiзiледi.";
      8) 11-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингтi жүргiзудi, жердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.";
      9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ресей Тарапы Полигон аумағында геологиялық барлауды және пайдалы қазбалар өңдеудi жүргiзбейдi және Полигон аумағында аң аулауды, балық ұстауды және жабайы өсiмдiктердi жинауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етедi.";
      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Полигонда сынақтан өткен қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерiн сатып алуға басым құқығы бар.";
      11) 18-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әскери тасымалдаулар және олар үшiн есеп айырысуды жүзеге асыру тәртiбi Тараптардың жеке келiсiмiмен айқындалады.";
      12) 22-бап бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Тараптардың бақылау органдарын құпия мәлiметтердi қамтитын жұмыстар мен құжаттарға рұқсаттамасы нысандарының сәйкестiгi Тараптардың жеке келiсiмiмен айқындалады.";
      13) 23-баптағы "Шартты" деген сөзден кейiн "және осы Келiсiмдi" деген сөздермен толықтырылсын.
      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей ол туралы жазбаша хабардар етедi.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама өз қолданысын Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған кезде бiр мезгiлде тоқтатады.
      Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ            РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
            YШIН                              ҮШIН

О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды испытательного полигона Сары-Шаган и обеспечения жизнедеятельности г. Приозерска от 20 января 1995 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года N 1268

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды испытательного полигона Сары-Шаган и обеспечения жизнедеятельности г. Приозерска от 20 января 1995 года".

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Проект      

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      О ратификации Протокола о внесении изменений и дополнений
в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией
об условиях использования и аренды испытательного полигона
Сары-Шаган и обеспечения жизнедеятельности
г. Приозерска от 20 января 1995 года

      Ратифицировать Протокол о внесении изменений и дополнений в Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды испытательного полигона Сары-Шаган и обеспечения жизнедеятельности г. Приозерска от 20 января 1995 года, подписанный в Москве 4 апреля 2006 года.

       Президент
 Республики Казахстан

ПРОТОКОЛ
о внесении изменений в Соглашение между Республикой Казахстан
и Российской Федерацией об условиях использования и аренды
испытательного полигона Сары-Шаган и обеспечения
жизнедеятельности г. Приозерска от 20 января 1995 года

      Республика Казахстан и Российская Федерация, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      согласились внести в  Соглашение  между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды испытательного полигона Сары-Шаган и обеспечения жизнедеятельности г. Приозерска от 20 января 1995 года (далее - Соглашение) следующие изменения и дополнения:
      1) в преамбуле:
      абзац третий исключить;
      в абзаце четвертом слова "Решением от 9 октября 1992 года об участии государств-участников Содружества Независимых Государств в Договоре по ПРО-72," исключить;
      2) в абзаце втором статьи 1 слово "Жезказганской" заменить словом "Карагандинской";
      3) в статье 2 слова ", упомянутого в статье 4 Договора по ПРО-72 и зафиксированного в Согласованном заявлении к Договору по ПРО-72 от 1 ноября 1978 года" исключить;
      4) статью 4 изложить в следующей редакции:
      "1. Республика Казахстан передает во временное пользование Российской Федерации на условиях аренды земельные участки с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества Полигона, а также движимым и недвижимым имуществом г. Приозерска.
      2. Российская Федерация осуществляет оплату использования Полигоном в интересах Российской Федерации земельных участков, в том числе земельных участков с расположенными на них объектами движимого и недвижимого имущества, в период их аренды в соответствии с  Договором  между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года.";
      5) в пункте 1 статьи 7 слова "определяется отдельным Соглашением Сторон" заменить словами "лиц, входящих в их состав, и членов их семей, а также вопросы юрисдикции компетентных органов Российской Федерации на территории Полигона определяются Соглашением между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о статусе воинских формирований Российской Федерации, временно находящихся на территории Республики Казахстан, от 20 января 1995 года и другими соглашениями Сторон";
      6) в статье 9:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "Деятельность Полигона регламентируется положением о структурных подразделениях, объектах и боевых полях Государственного центрального межвидового полигона Министерства обороны Российской Федерации, размещенных на территории Республики Казахстан, утверждаемым Министром обороны Российской Федерации по согласованию с Министром обороны Республики Казахстан (далее - положение о Полигоне). Основаниями для указанной деятельности Полигона являются:";
      в абзаце седьмом слова "Министерством науки и новых технологий Республики Казахстан" заменить словами "государственным органом, уполномоченным Казахстанской Стороной по вопросам науки и новых технологий";
      7) в статье 10:
      в абзаце втором слова "восстановление и" исключить;
      в абзаце четвертом слово "полную" исключить;
      после абзаца девятого дополнить абзацем следующего содержания:
      "рекультивацию полей падения мишеней и ракет (при необходимости в порядке, определяемом по согласованию Сторон).";
      абзац одиннадцатый изложить в следующей редакции:
      "Командование Полигона совместно с местными исполнительными органами власти Республики Казахстан определяет порядок использования участков территории Полигона при оказании помощи в ликвидации стихийных бедствий.";
      дополнить статью абзацем следующего содержания:
      "Временное прекращение или ограничение плановых работ Полигона при использовании его территории в других целях производится на основании совместных решений Министерства обороны Республики Казахстан и Министерства обороны Российской Федерации.";
      8) статью 11 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Ведение земельного кадастра и мониторинга на территории Полигона, контроль за целевым использованием земель осуществляет уполномоченный государственный орган по управлению земельными ресурсами Республики Казахстан в порядке и сроки, согласованные с командованием Полигона.";
      9) статью 13 изложить в следующей редакции:
      "Российская Сторона не производит на территории Полигона геологическую разведку и разработку полезных ископаемых и обеспечивает на территории Полигона охоту на животных, рыбную ловлю и сбор дикорастущих растений в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      10) статью 15 изложить в следующей редакции:
      "Министерство обороны Республики Казахстан имеет приоритетное право на приобретение новых видов вооружения и военной техники, прошедших испытания на Полигоне.";
      11) статью 18 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Порядок воинских перевозок и осуществления расчетов за них определяется отдельным соглашением Сторон.";
      12) статью 22 после абзаца первого дополнить абзацем следующего содержания:
      "Соответствие форм допуска контрольных органов Сторон к работам и документам, содержащим секретные сведения, определяется отдельным соглашением Сторон.";
      13) статью 23 после слова "Полигона" дополнить словами "и настоящего Соглашения".
      Все споры и разногласия между Сторонами, возникающие при толковании и применении положений настоящего Протокола, будут решаться путем взаимных консультаций и переговоров.
      При возникновении у одной из Сторон вопросов, требующих совместного решения, данная Сторона письменно уведомляет об этом другую Сторону не позднее, чем за 30 дней до начала переговоров.
      Настоящий Протокол вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Настоящий Протокол прекращает свое действие одновременно с прекращением действия Соглашения.
      Совершено в городе Москва "4" апреля 2006 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем имеют одинаковую силу.

       За Республику Казахстан             За Российскую Федерацию