Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1277 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 123 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 ақпандағы N 123 Қаулысымен.

      Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу тәртібін белгілеу мақсатында, "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар нарығында үстем (монополиялық)
жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі бекітілсін.

      2. "Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок
субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1212 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 33, 427-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                        2006 жылғы»27 желтоқсандағы
                                               N 1277 қаулысымен
                                                  бекітілген

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Монополияға қарсы", "монополияға қарсы" деген сөздер тиісінше "Реттеуші", "реттеуші" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.13. N 1078 Қаулысымен.

Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық
субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне)
тіркелген баға белгілеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық
субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ережені әзірлеудегі мақсат тиісті тауар нарығында үстем
(монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің (бұдан әрі - нарық
субъектілері) тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға енгізу туралы шешім қабылдау тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Осы Ереже тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі бір түрі нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілеріне қолданылады.

2. Тіркелген бағаны енгізу тәртібі

      4. Мынадай:
      1) нарық субъектілері монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеуде көрініс тапқан үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланған;
      2) нарық субъектілерімен бірдей келісімдерге әр түрлі баға қолданған;
      3) нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген баға белгілеу тәртібін бұзған;
      4) келісілген бағалар белгілеуге (ұстап тұруға) қатысты бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) жасаған;
      5) басқа субъектілермен бірдей шарттарға кемсітетін бағаларды
қолданған жағдайларда, тіркелген баға енгізіледі.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, тіркелген бағаны енгізу қолданылады.
      5-1. Осы Ереженің 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларда монополияға қарсы орган негіздерін көрсете отырып, тіркелген бағаны енгізу туралы ұсынысты реттеуші органға енгізеді.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.13. N 1078 Қаулысымен.

      6. Реттеуші орган мен оның аумақтық бөлімшелері нарық
субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) алдағы уақытта тіркелген баға белгіленетіні туралы хабарлама жібереді.

      7. Алдағы уақытта тіркелген баға белгіленетіні туралы хабарлама алған нарық субъектісі он күн мерзімде реттеуші органға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
      1) бағалар жобасы;
      2) бухгалтерлік теңгерім;
      3) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
      4) еңбек және еңбекақы жөніндегі есеп;
      5) өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп;
      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы есеп;
      7) бағалар жобасын есептеу үшін шығындарды баптар бойынша толық жазылған жиынтық деректер (тарифтік смета);
      8) еңбекке ақы төлеудің қолданылатын жүйесі туралы мәлімет;
      9) шикізаттар мен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы мәлімет;
      10) бастапқы және қалдық құнын, негізгі құралдарды пайдалану
мерзімдерін, пайдалануға енгізу күнін көрсете отырып, амортизациялық
аударымдарды есептеу;
      11) нарық субъектісінің мүмкіндіктерін ескере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірудің (жеткізудің) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар, жобалық қуаты мен оның іс жүзінде пайдаланылуы туралы деректер.

      8. Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген және реттеуші органның сұрау салуы бойынша қосымша ұсынылған құжаттар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) ұсынылған материалдар тігілуге, нөмірленуге, нарық субъектісі басшысының қолымен және мөрімен расталуға тиіс. Бұл ретте ұсынылған қаржылық құжаттарға нарық субъектісінің басшысы мен бас бухгалтері қол қоюға тиіс;
      2) тіркелген баға енгізер алдындағы төрт тоқсан ішінде, және өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынылады;
      3) жылға (жарты жылға) арналған есептегі деректер, мұндай есептеу салық есебі тұрғысынан болатын орынсыз жағдайларды қоспағанда, негізге алынады;
      4) бағалардың жобалары тіркелген бағаны енгізер алдындағы төрт
тоқсандағы және өткен күнтізбелік жылдағы тауарлардың (жұмыстардың,
қызметтердің) іс жүзінде өндірілген (жеткізілген) көлемдерін негізге алу жолымен жасалады;
      5) өндіру (жеткізу) көлемін азайту кезінде азайтуды негіздейтін және оны растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.13. N 1078 Қаулысымен.

      9. Реттеуші орган нарық субъектілерінің тауарларына
(жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу кезінде:
      1) нарық субъектісі қызметінің монополиялық түріне жататын және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес келетін шығындарды, (шығыстарды);
      2) өнімдердің (қызметтердің) бір бірлігін шығаруға жұмсалатын
шикізаттар, материалдар, отын, энергия нормаларынан көріне отырып
айқындалатын материалдық шығындарды (шығыстарды);
      3) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, техникалық қайта
жарақтандыруға және негізгі өндірістік қорларды жарамды күйінде ұстауға жұмсалатын шығындарды (шығыстарды) (осы іс-шараларды жүргізу
қажеттілігі құжаттамалық растау болған кезде);
      4) қызметкерлердің (әкімшілік-басқару және өндірістік персоналдың) іс жүзіндегі санын есепке ала отырып, еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды (шығындарды);
      5) баға белгілеу алдындағы кезең (жыл, жарты жылдық) ішінде
іс жүзінде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу шығыстары негізге алына, тиісті кезеңдегі инфляция индексі ескеріліп, статистикалық деректер бойынша есептеле отырып, қызметкерлерге еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды (шығындарды). Бұл ретте еңбекке ақы төлеу шығыстары (шығындары) мыналарды қамтиды:
      ұйымда қабылданған еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйелеріне сәйкес кесімді бағалауға, тарифтік ставкаларға және лауазымдық жалақыларға сүйене отырып есептелген орындалған жұмыс үшін еңбекақы төлеу жөніндегі төлемдер;
      ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар (заттай сыйақының құнын қоса алғанда), кәсіби шеберлігі, еңбектегі жоғарғы жетістіктері үшін тарифтік ставкалары мен жалақыларына үстемеақылар және ұйымда қабылданған материалдық көтермелеудің басқа да нысандары;
      жұмыс режиміне және еңбек жағдайына байланысты төлемдер, сондай-ақ ұйымдарды қайта ұйымдастыруға, қызметкерлер санын қысқартуға байланысты өтемақы - төлемдері;
      6) бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаға сәйкес есептелген негізгі құралдардың тозу сомасы. Бұл ретте реттеуші орган мен оның аумақтық бөлімшелері осы Ереженің 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығындарға (шығыстарға) негізгі құралдардың тозу сомасын енгізуге құқылы;
      7) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұрақты және үздіксіз
өндіруді (жеткізуді) қамтамасыз ету үшін тартылған банкілердің кредиттері үшін пайыздарды; Бұл ретте банктің ұзақ мерзімді кредиттерінің пайыздары нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасы шегінде ескеріледі;
      8) тіркелген баға енгізер алдындағы төрт тоқсандағы нақты шығындар деңгейінде алдыңғы төрт тоқсан ішіндегі инфляция индексін ескере отырып, әкімшілік мақсаттағы шығыстарды (шығындарды) ескереді.

      10. Реттеуші орган мен оның аумақтық бөлімшелері қызметтің сондай немесе соған ұқсас түрімен айналысатын нарық субъектілерінің тиісті шығындарын салыстыра талдау нәтижесінде не тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемі едәуір төмендеген кезде бағаға енгізілетін әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомаларын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.

      11. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тіркелген бағаларды қалыптастыру кезінде нарық субъектілерінің мынадай:
      1) нормативтен жоғары техникалық және коммерциялық ысырап,
тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және
қоймалардағы тауарлардың запастары, басқа да өндірістік емес шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әртүрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
      2) ластағыш заттардың нормативтен жоғары шығарындылары
(тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
      3) үмітсіз қарыздар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімінің аяқталуы бойынша дебиторлық берешек);
      4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар,
өсімпұлдар, тұрақсыздық төлемдері мен жазалардың басқа түрлері;
      5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен
өсімпұлдар;
      6) ұрлықтардан келген зияндар;
      7) ақаудан болған ысыраптар;
      8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау жөніндегі (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызмет көрсету құнын төлеу және т.б.);
      9) денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, оқу
орындарының, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелердің объектілерін ұстау;
      10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
      11) ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерін (пайызсызды қоса алғанда) өтеу;
      12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
      13) демеушілік және қайырымдылық көмектер көрсету;
      14) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісіне (жеткізуге) тікелей қатысы жоқ және бағаны өсіруге алып келетін шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстар ескерілмейді.

      12. Монополиялық түрде өндірілетін (жеткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тіркелген баға қалыптастыру кезінде пайда (кіріс) деңгейі алдыңғы есепті кезең ішінде (статистикалық есеп беру деректері бойынша) қалыптасқан орташа салалық мөлшерден аспайтындай етіп есептеледі.

      13. Реттеуші орган мен оның аумақтық бөлімшелері
нарық субъектісі ұсынған негіздеуші құжаттарды талдау жолымен тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалардың жобаларына сараптама жүргізеді, оны жүргізу кезінде реттеуші орган мен оның аумақтық бөлімшелері:
      1) нарық субъектісі соңғы тиісті сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынатын қосымша құжаттарды сұратады;
      2) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалардың жобасын реттеуші органның жанындағы сараптама кеңесінің қарауына береді.

      14. Нарық субъектісінің реттеуші органға және оның
аумақтық бөлімшелеріне осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген немесе осы Ереженің 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салынған құжаттарды ұсынбауы тіркелген баға белгілеу үшін кедергі болып табылмайды.

      15. Шығындар жөнінде растау құжаттарын ұсынбаған жағдайда
реттеуші орган мен оның аумақтық бөлімшелері тіркелген бағаны белгілеу кезінде осы шығындарды есепке алмайды.

      16. Шығындарды жеке есепке алу болмаған және нарық субъектісі
өнімдер түрлері бойынша шығындардың жеке есебін ұсынбаған жағдайда,
реттеуші орган сатылатын тауарлардың түрлері (өндірістік
персоналға еңбекақы төлеуге арналған кірістер, көлемдер, шығындар)
бойынша доминанттың шығындарын бөледі.

      17. Реттеуші орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күнінен бастап отыз күн ішінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.

      18. Реттеуші орган қарау қорытындылары бойынша, бұйрықпен ресімделетін бір жылдан аспайтын мерзімге бағаның белгілі бір шамасы, кірістілік деңгейі және (немесе) тауарларға (жұмыстарға,
қызметтерге) бағаның жоғарғы (төменгі) шегі түрінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.

Об утверждении Правил установления фиксированной цены на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2006 года N 1277. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2009 года N 123.

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 09.02.2009 N 123 .

      В целях установления порядка введения фиксированной цены на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке, в соответствии со статьей 30 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "О конкуренции и ограничении монополистической деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления фиксированной цены на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года N 1212 "Об утверждении Правил введения государственного регулирования цен на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 33, ст. 427).

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 23 декабря 2006 года N 1277

      Сноска. По всему тексту слова "Антимонопольный", "антимонопольный", "антимонопольного" и "антимонопольном" заменены соответственно словами "Регулирующий", "регулирующий", "регулирующего" и "регулирующем" постановлением Правительства РК от 13 ноября 2007 г. N 1078 .

Правила
установления фиксированной цены на товары (работы, услуги)
субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное)
положение на товарном рынке

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления фиксированной цены на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на товарном рынке (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О конкуренции и ограничении монополистической деятельности".

      2. Целью разработки настоящих Правил является определение порядка принятия решения о введении фиксированной цены на товары (работы, услуги) субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке (далее - субъекты рынка).

      3. Настоящие Правила распространяются на субъектов рынка, занимающих на рынке определенного вида товаров (работ, услуг) доминирующее (монопольное) положение и включенных в Государственный реестр субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке.

2. Порядок введения фиксированной цены

      4. Фиксированная цена вводится в случаях:
      1) злоупотребления субъектами рынка доминирующим (монопольным) положением, выразившимся в установлении монопольно высоких (низких) цен;
      2) применения разных цен к равнозначным соглашениям с субъектами рынка;
      3) нарушения установленного нормативными правовыми актами порядка ценообразования;
      4) совершения антиконкурентных соглашений (согласованных действий), касающихся установления (поддержания) согласованных цен;
      5) применения дискриминирующих цен к равнозначным договорам с другими субъектами.

      5. Введение фиксированной цены применяется в случае повторного совершения действий, указанных в пункте 4 настоящих Правил, в течение одного года после наложения административного взыскания.
 

      5-1. В случаях, указанных в пунктах 4 и 5 настоящих Правил, антимонопольный орган вносит в регулирующий орган представление о введении фиксированной цены с указанием оснований.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 5-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 13 ноября 2007 г. N 1078 .

      6. Регулирующий орган и его территориальные подразделения направляют субъекту рынка уведомление о предстоящем установлении фиксированной цены на товары (работы, услуги).

      7. Субъект рынка, получивший уведомление о предстоящем установлении фиксированной цены, в десятидневный срок представляет в регулирующий орган следующие документы:
      1) проект цен;
      2) бухгалтерский баланс;
      3) отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности;
      4) отчет по труду и заработной плате;
      5) отчет о производственно-финансовой деятельности;
      6) отчет о наличии и движении основных средств и нематериальных активов;
      7) сводные данные (тарифная смета) для расчета проекта цен, с расшифровками по статьям затрат;
      8) сведения о применяемой системе оплаты труда;
      9) сведения о применяемых нормах расхода сырья и материалов, нормативах численности работников;
      10) расчет амортизационных отчислений с указанием первоначальной и остаточной стоимости, сроков эксплуатации основных средств, даты ввода в эксплуатацию;
      11) документы, подтверждающие планируемый объем производства (поставки) товаров (работ, услуг) с учетом возможностей субъекта рынка, данные о проектной мощности и фактическом ее использовании.

      8. Документы, указанные в пункте 7 настоящих Правил и дополнительно представленные по запросу регулирующего органа, оформляются с учетом следующих требований:
      1) представленные материалы должны быть прошиты, пронумерованы, заверены печатью и подписью руководителя субъекта рынка. При этом, представленные финансовые документы должны быть подписаны руководителем и главным бухгалтером субъекта рынка;
      2) представляются за четыре квартала, предшествующие введению фиксированной цены, и за предыдущий календарный год;
      3) в обоснование принимаются данные в расчете на год (полугодие), за исключением случаев, когда такой расчет нецелесообразен с позиции налогового учета;
      4) проекты цен составляются путем принятия за основу фактически произведенных (поставленных) объемов товаров (работ, услуг) за четыре квартала, предшествующих введению фиксированной цены и за предыдущий календарный год;
      5) при снижении объемов производства (поставки) должны быть представлены документы, обосновывающие и подтверждающие снижение.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными с постановлением Правительства РК от 13 ноября 2007 г. N 1078 .

      9. При введении фиксированной цены на товары (работы, услуги) субъектов рынка регулирующий орган учитывает:
      1) затраты (расходы) относящиеся к монопольному виду деятельности субъекта рынка и соответствующие стандартам бухгалтерского учета;
      2) материальные затраты (расходы), определяемые исходя из норм сырья, материалов, топлива, энергии на выпуск единицы продукции (услуг);
      3) затраты (расходы) на ремонтно-восстановительные работы, техническое перевооружение и поддержание основных производственных фондов в рабочем состоянии (при наличии документального подтверждения необходимости проведения этих мероприятий);
      4) расходы (затраты) на оплату труда с учетом фактической численности работников (административно-управленческого и производственного персонала);
      5) расходы (затраты) на оплату труда работников, исчисляемые исходя из фактически сложившихся расходов на оплату труда за предшествующий установлению цены период (год, полугодие), с учетом индекса инфляции за соответствующий период по статистическим данным. При этом расходы (затраты) на оплату труда включают:
      выплаты по заработной плате за выполненную работу, начисленные исходя из сдельных расценок, тарифных ставок и должностных окладов в соответствии с принятыми в организации формами и системами оплаты труда;
      выплаты стимулирующего характера: премии (включая стоимость натуральных премий) за производственные результаты, надбавки к тарифным ставкам и окладам за профессиональное мастерство, высокие достижения в труде и другие формы материального поощрения, принятые в организации;
      выплаты, связанные с режимом работы и условиями труда, а также компенсирующие выплаты, связанные с реорганизацией организации, сокращением численности работников;
      6) суммы износа основных средств, рассчитанные в соответствии с законодательством в сфере бухгалтерского учета. При этом, регулирующий орган и его территориальные подразделения вправе включить суммы износа основных средств на затраты (расходы), указанные в подпункте 3) пункта 9 настоящих Правил;
      7) проценты за кредиты банков, привлекаемые для обеспечения стабильного и непрерывного производства (поставки) товаров (работ, услуг). При этом проценты за долгосрочные кредиты банка учитываются в пределах инвестиционной программы субъекта рынка;
      8) расходы (затраты) административного назначения на уровне фактических затрат за четыре квартала, предшествующих введению фиксированной цены с учетом индекса инфляции за предшествующие четыре квартала.

      10. Регулирующий орган и его территориальные подразделения принимают решение об изменении сумм расходов административного назначения, включаемых в цену, в результате сравнительного анализа соответствующих затрат субъектов рынка, занимающихся тем же или аналогичным видом деятельности, либо при значительном падении объемов производства (поставки) товаров (работ, услуг).

      11. При формировании фиксированной цены на товары (работы, услуги) не учитываются следующие расходы субъектов рынка по:
      1) сверхнормативным техническим и коммерческим потерям, порче и недостаче товарно-материальных ценностей и запасы товаров на складах, другие непроизводительные расходы (затраты на производственную деятельность, покрывающие потери различного характера, связанные с качеством организации работы и другими факторами) и потери;
      2) платежам за сверхнормативные выбросы (сбросы) загрязняющих веществ;
      3) безнадежным долгам (дебиторская задолженность, по которой в соответствии с законодательством Республики Казахстан истек срок исковой давности);
      4) штрафам, пеням, неустойкам и другим видам санкций за нарушение условий хозяйственных договоров;
      5) штрафам и пеням за сокрытие (занижение) дохода;
      6) убыткам от хищений;
      7) потерям от брака;
      8) по содержанию обслуживающих хозяйств и участков (бесплатное предоставление помещений, оплата стоимости коммунальных услуг организациям общественного питания и так далее);
      9) на содержание объектов здравоохранения, детских дошкольных организаций, учебных заведений, в том числе профессионально-технических училищ;
      10) на содержание оздоровительных лагерей, объектов культуры и спорта, жилого фонда;
      11) на погашение ссуд (включая беспроцентные), полученных работниками организации на улучшение жилищных условий, приобретение садовых домиков и обзаведение домашним хозяйством;
      12) на проведение культурно-просветительных, оздоровительных и спортивных мероприятий (проведение вечеров отдыха, концертов и другие);
      13) оказанию спонсорской и благотворительной помощи;
      14) другие виды расходов, непосредственно не относящиеся к производству (поставке) товаров (работ, услуг) и приводящие к росту цен.

      12. При формировании фиксированной цены на монопольно производимые (поставляемые) товары (работы, услуги) уровень прибыли (дохода) рассчитывается в размере, не превышающем среднеотраслевой, сложившийся за предыдущий отчетный период (по данным статистической отчетности).

      13. Регулирующий орган и его территориальные подразделения проводят экспертизу проектов цен на товары (работы, услуги) путем анализа представленных субъектом рынка обосновывающих документов, при проведении которого регулирующий орган и его территориальные подразделения:
      1) запрашивают дополнительные документы, которые субъект рынка представляет в течение трех рабочих дней с даты получения последним соответствующего запроса;
      2) представляют проект цен на товары (работы, услуги) на рассмотрение экспертного совета при регулирующем органе.

      14. Непредставление субъектом рынка в регулирующий орган и его территориальные подразделения документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил, или запрошенных в соответствии с подпунктом 1) пункта 13 настоящих Правил, не является препятствием для установления фиксированной цены.

      15. В случае непредставления подтверждающих документов по затратам, регулирующий орган и его территориальные подразделения не принимают в зачет данные затраты при установлении фиксированной цены.

      16. В случае отсутствия раздельного учета затрат и непредставления субъектом рынка раздельного учета затрат по видам продукции, регулирующий орган разделяет затраты доминанта по видам реализуемых товаров (доходы, объемы, затраты на оплату труда производственного персонала).

      17. Регулирующий орган рассматривает представленные документы и принимает решение о введении фиксированной цены в течение тридцати дней со дня предоставления документов, указанных в пункте 7 настоящих Правил.

      18. По итогам рассмотрения регулирующий орган принимает решение о введении фиксированной цены в виде определенной величины цены, уровня доходности и (или) верхнего (нижнего) предела цен на товары (работы, услуги) на срок не более 1 года, которое оформляется приказом.