Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 173 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV Заңымен

МАЗМҰНЫ

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.25 N 112-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) бәсеке - нарық субъектiлерiнiң дербес жасаған iс-әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi шектейтiн жарыстастығы;

      2) бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлар - өз функционалдық қызметi, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдерi бойынша салыстыруға болатын, сөйтiп, сатып алушы оларды тұтыну процесiнде (өндiрiсте) бiр-бiрiмен алмастыратын тауарлар тобы;

      3) келiсiм (келiсiлген iс-әрекеттер) - тараптардың бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары;

      4) монополиялық жоғары баға - тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi негiзделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайын терiс пайдалану нәтижесiнде қосымша табыс алу мақсатында белгiлейтiн баға;

      5) монополияға қарсы орган - бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк орган;

      6) монополистiк қызмет - нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi (келiсiлген iс-әрекеттерi), үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалануы, мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттерi;

      7) монополиялық кiрiс - нарық субъектiсiнiң монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алған кiрiсi;

      8) монополиялық төмен баға - тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi тауар нарығынан бәсекелестердi ығыстыру арқылы бәсекенi шектеу мақсатында саналы түрде белгiлейтiн тауар бағасы;

      9) нарық субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi);

      9-1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;

      10) тауар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - азаматтық айналым объектiсi болып табылатын мүлiк;

      11) тауар нарығы - тауардың немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлардың айналым аясы, ол сатып алушының тауар сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалады;

      12) тергеу - монополияға қарсы заңнаманы оны бұзушылық туралы iстердi қарау арқылы қолдану;

      13) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң атаулы тiзбесi;
      14) тiркелген баға - осы Заң бұзылған жағдайларда монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган енгiзетiн баға;

      15) үстем (монополиялық) жағдай - нарық субъектiсiнiң немесе бiрнеше нарық субъектiсiнiң тиiстi тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына шешушi ықпал етуге мүмкiндiк беретiн жағдайы.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және жеке және заңды тұлғалар, шетелдiк заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкiлдiктерi), сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қатысатын республиканың тауар нарығындағы бәсекеге ықпал ететiн немесе ықпал етуi мүмкiн қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заң, айрықша құқықтар объектiлерiн пайдалануға байланысты келiсiмдер бәсекенi шектеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, осы объектiлерге байланысты қатынастарға қолданылмайды.

      3-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
              заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ РЕТТЕУШІ ОРГАНДАРДЫҢ  ФУНКЦИЯЛАРЫ, ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      Ескерту. 2-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Монополияға қарсы органның жүйесi

      Монополияға қарсы органның жүйесiн монополияға қарсы орган және оған бағынатын аумақтық бөлiмшелер құрайды.
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн монополияға қарсы орган белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.

      5-бап. Монополияға қарсы органның функциялары

      Монополияға қарсы органның функциялары:

      1) бәсекенi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету және iске асыру;

      2) мемлекеттiк органдардың бәсекенi шектеуге бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) жолын кесу;

      3) осы Заңның талаптарына қайшы келетiн экономикалық шоғырлануды болдырмау;

      4) тиiстi тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдаланулардың алдын алу және жою;

      5) бәсекеге қарсы келiсiмдердi, жосықсыз бәсекенi болдырмау және олардың жолын кесу;

      6) бәсекенi және кәсiпкерлiктi дамыту негiзiнде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдесу;

      7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау болып табылады.

      5-1-бап. Реттеуші органның функциялары
 
       Реттеуші органның функциялары:

      1) мыналарға:
      темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне);
      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуді жүзеге асыру;

      2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау болып табылады.
      Баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
      Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6-бап. Монополияға қарсы органның өкiлеттiктерi

      1. Монополияға қарсы орган белгiленген функцияларға сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеуге және оларды қолдану практикасын жинақтауға;

      2) тауар нарықтарының жұмыс iстеу, бәсекенi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсуге;

      3) мемлекеттiк органдардың бәсекенi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға;

      4) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң баға белгiлеу мониторингiн жүзеге асыруға;

      5) шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты, сондай-ақ өзiнiң өкiлеттiгiне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысуды ұйымдастыруға;

      6) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзуге;

      7) бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеуге және бекiтуге;

      8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      бәсекенi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары;
      оларға мемлекет реттейтiн бағаны енгiзу қажет тауарлар номенклатурасы бойынша реттеуші органмен бірлесіп ұсыныстар енгiзуге;

      9) бәсекенi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу мәселелерi бойынша ақпараттық-таныстыру iс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастыруға және өткiзуге;

      10) монополиялық кiрiстi анықтау, монополиялық жоғары (төмен) баға белгiлеу ережелерiн бекiтуге ;

      11) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылыққа монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесiн бекiтуге;

      12) нарық субъектiлерiнiң бәсекенi шектейтiн келiсiмдерiн (келiсiлген iс-әрекеттерiн) анықтау жөнiндегi нұсқаулықты бекiтуге ;

      13) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жағдайын талдау және бағалау жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды бекiтуге;

      14) мемлекеттiк органдардың, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша осы Заңда және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзуге;

      15) нарық субъектiлерiне:
      осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;
      бастапқы жағдайды қалпына келтiру;
      осы Заңға қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту;
      нарықтың басқа субъектiсiмен шарт жасасу;
      тұтынушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу және (немесе) монополиялық кiрiстi республикалық бюджетке аудару туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

      16) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ осы Заңға қайшы өздерi жасаған келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;

      17) бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

      18) сотқа талап қойып және арыз айтып жүгiнуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты iстердi қараған кезде процестерге қатысуға;

      19) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгiлерi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына материалдар жiберуге;

      20) мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекенi дамытуға бағытталған iс-шаралар өткiзу жөнiнде ұсынымдар беруге;

      21) мемлекеттiк органдардың, нарық субъектiлерiнiң және олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуларына тергеу жүргiзуге;

      22) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, нарық субъектiлерiнiң үй-жайлары мен аумақтарына кедергiсiз кiруге;

      23) өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк органдардан, нарық субъектiлерiнен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға;

      24) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектiлерiне реттеуші органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

      2. Монополияға қарсы орган :

      1) жыл сайын 1 маусымнан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкiметiне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекенiң жай-күйi және монополистiк қызметтi шектеу жөнiнде қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есеп жiберуге;

      2) тауар нарығының жай-күйiн, ондағы бәсеке деңгейiн зерделеуге және соның негiзiнде монополистiк қызметтiң алдын алу, шектеу және жолын кесу жөнiнде шаралар әзiрлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      4) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн айқындау мақсатымен талдау жүргiзуге;

      5) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мәселелерi бойынша түсiнiктеме беруге;

      6) өз өкiлеттiктерiне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға және өтiнiш бiлдiрушiлерге қабылданған шешiмдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде хабарлауға;

      7) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын мәлiметтердiң, сондай-ақ өзiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде алынған басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

       6-1-бап. Реттеуші органның өкілеттігі
 
       1. Белгіленген функцияларға сәйкес реттеуші орган:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет реттейтін бағаларды енгізу қажет тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы жөнінде монополияға қарсы органмен бірлесіп ұсыныс енгізуге;

      2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекітуге;

      3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға;

      4) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға;

      5) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша тіркелген бағаларды енгізуге;

      6) бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасының Үкіметі номенклатураға енгізген кезде нарық субъектілеріне осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге босатылатын бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы.

      2. Реттеуші орган:

      1) мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде оларға белгіленген нысандар бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және тауар нарықтары субъектілерінің инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуге;

      2) өз құзыреті шегінде тиісті тауар нарықтарына баға түзу тәртібінің мәселелері бойынша түсініктемелер беруге;

      3) алынған, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. МОНОПОЛИСТIК ҚЫЗМЕТ

      7-бап. Нарық субъектiлерiнiң бәсекеге қарсы келiсiмдерi
              (келiсiлген iс-әрекеттерi)

      1. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, нәтижесiнде бәсекенi шектейтiн не шектеуi мүмкiн келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге), оның iшiнде:

      1) тауарларды сатып алудың немесе өткiзудiң келiсiлген бағаларын не басқа жағдайларын белгiлеуге (ұстап тұруға);

      2) бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру не сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы өзге де келiсiмдер нәтижесiнде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалауға;

      3) тауар нарықтарын аумақтық белгiсi, тауарлардың түр-түрi, оларды өткiзу немесе сатып алу көлемi бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгiлер бойынша бөлуге;

      4) квоталауды қоса алғанда, тауарларды өндiрудi не өткiзудi негiзсiз шектеуге;

      5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тартуға;

      6) тауар нарығына кiрудi шектеуге немесе одан белгiлi бiр тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретiнде нарықтың басқа субъектiлерiн ығыстыруға;

      7) басқа субъектiлермен тең шарттарға кемсiтетiн жағдайлар қолдануға;

      8) келiсiм-шарт жасаушы агенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржы қаражатын, өзге де мүлiктi, мүлiктiк құқықтарды берудi және басқаларын негiзсiз талап ету) қабылдауы талабымен шарттар жасасуға қатысты келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге) тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

      2. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн жеке тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың осы баптың 1-тармағында аталған салдарларға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн жағдайда үйлестiруiне тыйым салынады.

      3. Осы бапта көзделген шектеулер:

      лицензиялық шарттар;

      кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) шарттары;

      технологияларды беруге байланысты шарттар;

      ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарындағы кооперация туралы шарттар;

      зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтарды беруге байланысты өзге де шарттар жөнiндегi келiсiмдерге (келiсiлген iс-әрекеттерге) қолданылмайды.

      8-бап. Тұлғалар тобы

      1. Өздерiне қатысты мынадай шарттардың бiрi орындалса:

      1) келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) нәтижесiнде тұлға немесе бiрнеше тұлға бiрлесiп заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес және одан көп процентiне тiкелей немесе жанама (үшiншi тұлғалар арқылы) билiк етуге құқығы болса;

      2) тұлға немесе бiрнеше тұлғалар басқа тұлға немесе тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе өзгеше айқындауға, оның iшiнде басқа тұлғаның немесе тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға не атқарушы органның өкiлеттiгiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алса;

      3) белгiлi бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары екi және одан да көп заңды тұлғалардың атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) құрамының елу және одан көп процентiне өкiлдiк етсе;

      4) белгiлi бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар екi немесе одан да көп заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе өзгеше түрде айқындауға, оның iшiнде осы тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға не олардың атқарушы органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алса;

      5) заңды тұлғада еңбек мiндеттерiн атқаратын жеке тұлғалар бiр мезгiлде:
      басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) құрамының елу және одан көп процентiне өкiлдiк етсе;
      басқа заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi шарт негiзiнде немесе өзгеше түрде айқындауға, оның iшiнде осы тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алса;

      6) белгiлi бiр жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкiлдерi арқылы екi және одан көп заңды тұлғаның әрқайсысының дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес және одан көп процентiне билiк етуге құқылы болса;

      7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкiлдерi арқылы бiр заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес және одан көп процентiне билiк етуге құқылы болса, осы жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары не аталған заңды тұлғалардың өкiлдерi бiр мезгiлде басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесi (байқаушы кеңесi) немесе өзге де басқару органы құрамының елу және одан көп процентiн иеленсе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады.

      2. Осы Заңның нарық субъектiлерiне қатысты ережелерi тұлғалар тобына қолданылады.

      9-бап. Yстем (монополиялық) жағдай

      1. Тиiстi тауар нарығындағы үлесi отыз бес және одан көп проценттi құрайтын нарық субъектiсiнiң жағдайы, сондай-ақ, егер осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар оларға қатысты орындалатын болса, тиiстi тауар нарығындағы жиынтық үлесi бойынша нарық субъектiлерiнiң жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылады.

      2. Егер:

      1) тиiстi тауар нарығындағы өздерiне неғұрлым көп үлес тиесiлi үштен аспайтын нарық субъектiсiнiң жиынтық үлесi елу және одан көп проценттi құраса;

      2) тиiстi тауар нарығындағы өздерiне неғұрлым көп үлес тиесiлi төрттен аспайтын нарық субъектiсiнiң жиынтық үлесi жетпiс және одан көп проценттi құраса, бiрнеше нарық субъектiсiнiң әрқайсысының жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылады.
      Тиiстi тауар нарығындағы үлесi он бес проценттен аспайтын нарық субъектiсiнiң жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылмайды.

      3. Тауар нарығына талдау мемлекеттiк органдар, нарық субъектiлерi мен олардың бiрлестiктерi монополияға қарсы орган белгiлеген нысанда табыс ететiн деректер негiзiнде жүргiзiледi.

      4. Тауар нарығының географиялық шекаралары сатып алушы тауарды немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарды сатып алатын немесе сатып алуы мүмкiн аумақты және оны осы аумақтан тысқары жерлерде экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк және басқа да себептер бойынша сатып ала алмайтын аумақты айқындайды.

      5. Тауар нарығының шекаралары мынадай өлшемдер:
      1) осы аумақта тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мүмкiндiгi;

      2) көлiктiк шығындардың тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) құнына қатысты алғанда негiздiлiгi мен өзiн ақтайтындығы;

      3) тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) тасымалдау кезiнде олардың сапасын, сенiмдiлiгi мен басқа да тұтынушылық қасиеттерiн сақтауы;

      4) тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алу-сатуға, әкелу-әкетуге шектеулердiң (тыйым салулардың) болмауы;

      5) өз шегiнде тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсыну, өткiзу жүзеге асырылатын аумақта бәсекеге тең жағдайлардың болуы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алудың қолжетiмдiлiгi ескерiле отырып, айқындалады.

      6. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарының шекарасын айқындауды:
      1) тауар нарықтарының жай-күйiн талдау кезiнде;

      2) тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу мақсатында;

      3) нарық субъектiсi дәлелдi өтiнiш жасаған жағдайда;

      4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактiлерi анықталған кезде жүзеге асырады.

      7. Тауар нарығының көлемi тауарларды немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды әкелу мен әкету көлемдерiн ескере отырып, нарық субъектiлерiнiң тауарды немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегiнде заттай көрсеткiштердегi (ерекше жағдайларда құн көрсеткiштерiнде) өткiзу сомасы ретiнде айқындалады.

      8. Нарық субъектiсiнiң тиiстi тауар нарығындағы үлесi нарық субъектiсiнiң нарықтың географиялық шекаралары шегiнде тауарларды немесе бiрiн-бiрi алмастыратын тауарларды өткiзу көлемiнiң тауар нарығы көлемiне қатынасы ретiнде айқындалады.

      9. Нарық субъектiсi өз өнiмiнiң бiр бөлiгiн өз қажеттiгiне пайдаланған жағдайда, өткiзу көлемiне тауар нарығындағы өткiзу көлемi қосылады.

      10-бап. Үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалану

      Үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектейтiн не бәсекенi шектейтiн, жоятын және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын iс-әрекеттерiне, оның iшiнде:

      1) монополиялық жоғары (төмен) бағалар белгiлеу;

      2) субъектiлермен жасалған бiрдей келiсiмдерге объективтi негiзделмеген себептермен әртүрлi бағалар не әртүрлi шарттар қолдану;

      3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгiлер, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;

      4) келiсiм жасауға нарық субъектiсiне өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен себеп табу не күштеп таңу;

      5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу мүмкiндiгi бола тұрып жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тарту;

      6) тауарлар ұсынуды бәсекелестер өндiретiн не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қабылдаумен себептестiру;

      7) тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру немесе жеткiзу мүмкiндiгi бола тұрып, оларды өндiру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiрудi тоқтату;

      8) Үкімет белгілеген баға белгiлеу тәртiбiн бұзу сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы
               iс-әрекеттерi

      1. Бәсекенi шектеуге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер, жазбаша не ауызша нұсқаулар қабылдау, келiсiмдер жасасу және (немесе) өзге де iс-әрекеттер мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттерi болып табылады.

      2. Атап айтқанда, мыналар:

      1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiлерiнiң құрылуына тыйым салу не кедергi келтiру, сондай-ақ қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға, тауарлардың белгiлi бiр түрлерiн өндiруге, сатып алуға немесе өткiзуге тыйым салуды белгiлеу;

      2) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не белгiлi бiр сатушылардан тауарларды бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу;

      3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, тауарларды бiр орталықтан бөлуге, сондай-ақ рыноктарды нарық субъектiлерiнiң арасында аумақтық белгiлерi, тауарлардың түр-түрi, оларды өткiзу немесе сатып алу көлемi бойынша немесе тұтынушылар әйтпесе сатушылар тобы бойынша бөлуге бағытталған кез келген iс-әрекеттер;

      4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, белгiлi бiр тауарларды Қазақстан Республикасының бiр өңiрiнен екiншi өңiрiне өткiзуге (әкетуге) тыйым белгiлеу;

      5) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру, мұның өзi бәсекенi шектеуге алып келедi немесе алып келуi мүмкiн;

      6) соның салдарынан нарықтың жекелеген субъектiлерiне бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушiлiк жағдайлар жасалатын iс-әрекеттер;

      7) нарық субъектiсiнiң дербестiгiне, оның iшiнде тауарларды сатып алуға немесе өткiзуге, баға белгiлеуге, қызмет және даму бағдарламаларын қалыптастыруға, тауарлар өткiзуден түскен табысқа (ақшалай түсiмге) билiк етуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тыйым салулар мен шектеулер белгiленетiн iс-әрекеттер мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттерi деп танылады.

4-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУҒА МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      12-бап. Экономикалық шоғырлану

      1. Мыналар:

      1) тиiстi тауар нарығындағы үлесi отыз бес проценттен асатын нарық субъектiсiн құру;

      2) тиiстi тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру (қосу, бiрiктiру, қайта құру);

      3) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларды (үлестердi, пайларды) иеленуi, сөйтiп осы субъектiде мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) аталған акциялардың (үлестердiң, пайлардың) жиырма бес процентiне және одан астамына билiк етуге құқық алуы, егер осы иеленуге дейiн мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған нарық субъектiсiнiң акцияларына (үлестерiне, пайларына) билiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң, пайлардың) жиырма бес проценттен кемiне билiк етсе, экономикалық шоғырлану деп танылады.
      Осы талап заңды тұлға құрылтайшылары құрылған кезде оған қолданылмайды;

      4) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiленiң) нысанасын құрайтын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе бiреуге беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерi баланстық құнының он процентiнен артық болса, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiнен иеленуi және пайдалануы;

      5) нарық субъектiсiнiң бiр немесе бiрнеше мәмiлелер нәтижесiнде (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты) немесе өзге де тәсiлмен нарық субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу жағдайларын анықтауға не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтар алуы;

      6) белгiлi бiр жеке тұлғалардың нарықтың екi және одан да көп субъектiлерiнiң атқарушы органдарында, директорлар кеңесiнде (байқаушы кеңестерiнде) қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.

      2. Мыналар:

      1) нарық субъектiсiнiң акцияларын (үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, егер осы сатып алу, оларды кейiн қайта сату мақсатында аталған ұйым нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспайтын жағдайда жүзеге асырылатын болса;

      2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмшiнi) тағайындау экономикалық шоғырлану деп танылмайды.

      13-бап. Экономикалық шоғырлануды мемлекеттiк бақылау

      1. Нарық субъектiлерiнiң өзiнiң үстем (монополиялық) жағдайын терiс пайдалану мүмкiндiгiн немесе бәсекенi шектеудi болдырмау мақсатында монополияға қарсы органның осы Заңның 12-бабында көзделген мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға алдын ала келiсiмiн алу түрiнде көрiнетiн экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылауды монополияға қарсы орган жүзеге асырады.

      2. Егер тиiстi мәмiлелерге қатысушы тұлғалар активтерiнiң баланстық құны немесе соңғы қаржы жылында өткiзiлген тауарлардың жиынтық көлемi айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жарым миллион есе мөлшерiнен асса немесе олардың бiреуi тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъeктici болып табылса, не осы тармақта аталған нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылайтын тұлғалар тобы иеленушi болған жағдайларда осы Заңның 12-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мәмiлелердi жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
      Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарына талдау жасау негізінде осы тармақта аталған мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi қажет нарықтар үшiн активтер құны мен тауарлар өткiзу көлемiнiң неғұрлым жоғары мөлшерiн белгiлеуге құқылы.

      3. Егер қаржы ұйымы активтерiнiң құны не жеке өз капиталының шамасы уәкiлеттi орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерден асатын болса, қаржы ұйымдары қатысатын экономикалық шоғырлануға рұқсат алу жүзеге асырылады.

      4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу көлемдерiн есептеген кезде экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiш берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы үшiн қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiлiп, тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түскен табыс (ақшалай түсiм) сомасы пайдаланылады.

      5. Егер нарық субъектiсi экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiш берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылынан кем мерзiм iшiнде жұмыс iстеген болса, осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзу көлемдерiн есептеген кезде экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiш бергенге дейiнгi, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақыт iшiнде алынған кiрiс сомасы пайдаланылады.

      6. Осы Заңның 12-бабының 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда  тiркеушi орган нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.
      Осы бап бұзылып жүзеге асырылған нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

      7. Монополияға қарсы органның рұқсатынсыз жасалған экономикалық шоғырлануды монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.

      14-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру

      1. Егер экономикалық шоғырлану нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекенi шектеуге алып келмейтiн болса, монополияға қарсы орган оған рұқсат бередi.

      2. Монополияға қарсы орган, егер тиiстi мәмiлеге қатысушылар олардың iс-әрекеттерiнен болған оң әсер тиiстi тауар нарығындағы келеңсiз салдардан асып түсетiнiн дәлелдесе, бәсекенiң шектелу мүмкiндiгi кезiнде экономикалық шоғырлануға рұқсат беруге құқылы.

5-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ

      15-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға
               рұқсат беру туралы өтiнiштер беруi

      1. Экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға ниеттенген нарық субъектiлерi экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшпен монополияға қарсы органға жүгiнедi.
      Экономикалық шоғырлануға қатысушылар ортақ өтiнiш бередi. Өтiнiштi қарау үшiн қажеттi құпия ақпаратты осы тұлғалар монополияға қарсы органға жеке-жеке бередi.

      2. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданыла отырып жүргiзiлсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтiнiш конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей, берiлуге тиiс.

      3. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi беру және қарау тәртiбiн монополияға қарсы орган белгiлейдi .

      16-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
               өтiнiштердi қарау

      1. Егер өтiнiш түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде, монополияға қарсы орган өзiнiң және басқа да құжаттар монополияға қарсы орган белгiлеген талаптарға сай келмейдi деген хабарламамен қоса оны өтiнiш берушiге қайтармаса, осы уақыт өткеннен кейiн өтiнiш қарауға қабылданды деп есептеледi.

      2. Егер қосымша ақпараттың болмауы өтiнiштi қарауға кедергi келтiретiн болса, монополияға қарсы орган өтiнiш берушiден және басқа тұлғалардан оны сұрата алады, сондай-ақ сараптама тағайындай алады.

      3. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi отыз күннен аспауға тиiс. Сараптама тағайындалған жағдайда көрсетiлген мерзiм өтiнiштi қарауға қабылдаған кезден бастап алпыс күннен аспауға тиiс. Көрсетiлген мерзiм iшiнде монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға тиiстi шешiм қабылдауға тиiс.
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көзделген өтiнiштi қарау мерзiмiнiң соңғы күнi экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күн болып есептеледi.

      4. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау монополияға қарсы орган немесе сот онымен байланысты басқа өтiнiш бойынша шешiм қабылдағанға дейiн оның қаралуы мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарауды тоқтата тұру және оны қайта бастау туралы шешiм қабылдайды, ол туралы өтiнiш берушi хабардар етiледi.
      Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарауды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қарауды қайта бастайды.
      Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмiнiң өтуi монополияға қарсы орган өтiнiштi қарауды тоқтата тұру туралы шешiм шығарған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмiнiң өтуi қарау қайта басталған күннен бастап жалғасады.

      5. Егер монополияға қарсы органның шешiмi үшiншi тұлғалардың осы Заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiн елеулi түрде қозғайтын болса, олар экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарауға қатыса алады.
      Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарауға қатысуға үшiншi тұлғаларды тарту туралы мәселенi монополияға қарсы орган шешедi, бұл туралы осы өтiнiштi қарауға қатысатын тұлғалар хабардар етiледi.

      17-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
               өтiнiштер бойынша шешiм

      1. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган:

      1) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы;

      2) дәлелдi қорытындысымен экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.

      2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмi экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекеге терiс әсерiн жоятын немесе жұмсартатын белгiлi талаптар мен мiндеттемелердi орындауымен байланыстырылуы мүмкiн. Мұндай шарттар мен мiндеттемелер, атап айтқанда, мүлiктi басқару, пайдалану немесе оған билiк ету жөнiндегi шектеулерге қатысты болуы мүмкiн.

      3. Егер монополияға қарсы органның шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, экономикалық шоғырлану монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жыл iшiнде жүзеге асырылуға тиiс. Егер экономикалық шоғырлану белгiленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтiнiш бередi.

      4. Өтiнiш берушiге - шешiм не шешiмде қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер болған жағдайда монополияға қарсы орган шешiмiнiң үзiндi көшiрмесi жiберiледi.

      18-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
               өтiнiштердi қарауды тоқтату негiздерi

      1. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiштердi қарау:

      1) өтiнiш берушiлерден өтiнiштерiн керi қайтарып алу туралы хабарлама түскен;

      2) егер ақпараттың болмауы өтiнiштi қарауға кедергi келтiретiн болса, өтiнiш берушi мұндай ақпаратты монополияға қарсы орган белгiлеген мерзiмде бермеген;

      3) өтiнiш берушi дәйексiз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.

      2. Өтiнiштi қарау тоқтатылғаннан кейiн өтiнiш берушi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтiнiш беруге құқылы.

6-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША ТЕКСЕРУ НЫСАНАСЫ

      19-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
               заңнамасын сақтау мәселесi бойынша тексерудiң
               түрлерi мен нысанасы

      1. Нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың (бұдан әрi - тексерiлетiн субъектiлер) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтауы монополияға қарсы орган жүргiзетiн тексерудiң нысанасы болып табылады.

      2. Нарық субъектiлерi мен мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуы тұрғысынан монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкiн.

      20-бап. Жоспарлы тексерулер

      1. Жоспарлы тексерулер тексерiлетiн субъектiлердiң монополияға қарсы заңнаманы сақтауына байланысты мәселелердiң бүкiл кешенiн қамтиды.

      2. Жоспарлы тексерулер жылына бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi.

      3. Жоспарлы тексерулер тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргізілуі мүмкін.

      4. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекiтетiн жұмыс жоспары жоспарлы тексеруге негiз болып табылады. Жоспар тексеру жүргiзу көзделiп отырған тексерiлетiн субъектiлер тiзбесiн және тексеру жүргiзу мерзiмiн қамтуға тиiс.

      21-бап. Жоспардан тыс тексерулер

      1. Монополияға қарсы органның жұмыс жоспарында көзделмеген тексеру жоспардан тыс тексеру болып саналады және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылғаны туралы монополияға қарсы органға келiп түскен не өзi дербес анықтаған ақпаратты растау үшiн жүргiзiледi.

      2. Жоспардан тыс тексерудi жүргiзуге:

      1) жеке және заңды тұлғалардың монополистiк қызмет нәтижесiнде өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өтiнiшi;

      2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылғаны туралы мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;

      3) монополияға қарсы органның тауар нарықтарын зерделеуi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәлiметтер негiзiндегi бастамасы негiз болады.

      22-бап. Тексерулердi ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiнiң
               ерекшелiктерi

      1. Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган оның басшысы қол қойған, мөрiмен куәландырылған және заңнамада белгiленген тәртiппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тiркелген қатаң есептiлiк бланкiсiндегi нұсқама және тексерудi тағайындау туралы бұйрық қабылдайды, сондай-ақ тексеру жүргiзу жоспарын бекiтедi.

      2. Тексеру жүргiзу туралы нұсқама екi дана етiп жасалып, олар тiркеу үшiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына берiледi. Тiркелгенi туралы белгiсi бар бiр данасы iс материалдарына қоса тiркеледi.

      3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелгенi туралы белгiсi бар нұсқама көшiрмесi, сондай-ақ тексеру жоспары тексеру жүргiзiлетiн күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.
      Тексерiлетiн субъектiге тапсырылатын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелгенi туралы белгiсi жоқ тексеру жүргiзу туралы нұсқаманың көшiрмесi жарамсыз болып табылады.

      4. Тексеру жүргiзу үшiн монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, оның құрамы бекiтiлуi, жұмыс тобының басшысы мен басшысының орынбасары айқындалуы мүмкiн.

      5. Тексерiлетiн субъектi тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу үшiн қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға монополияға қарсы органның тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.
      Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тартудың жазбаша негiздемесiн бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тарта алады.
      Тексеру жүргiзу туралы нұсқаманы алудан бас тарту тексерудi болдырмау үшiн негiз болып табылмайды.
      Тексерудi монополияға қарсы органның тексерудi тағайындау туралы нұсқамада көрсетiлген лауазымды адамы (адамдары) ғана жүргiзе алады.

      23-бап. Тексеру жүргiзу жоспары және мерзiмi

      1. Тексеру жүргiзу жоспарында:

      1) тексеру жүргiзу мерзiмi;

      2) тексеру жүргiзудiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары, оларды iске асыру рәсiмi;

      3) тексеру барысында анықталуға тиiс мәселелер тiзбесi мен мән-жайлар тобы;

      4) тексеру жүргiзу кестесi;

      5) тексерiлетiн субъект қызметiнiң ерекшелiгiне сәйкес өзге де ақпарат қамтылуға тиiс.

      2. Тексерудi жүргiзу мерзiмi алдағы жұмыстардың көлемi мен алға қойылған мiндеттер ескерiле отырып белгiленедi және тексерудi жүргiзу туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тiркелген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

      3. Тексерiлетiн субъект қызметiнiң ерекшелiгiне және жұмыс көлемiнiң ауқымдылығына байланысты тексерудiң заңда белгiленген мерзiмде аяқталуы мүмкiн болмаған жағдайларда монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыстың нәтижелерi мен тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту қажеттiгiнiң негiздемелерi жазылған қызметтiк жазбаны табыс етедi.

      4. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзудiң мерзiмiн ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргiзу туралы бұйрық пен нұсқамаға, сондай-ақ тексеру жоспарына тексеру мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы белгiнi енгiзедi.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

      5. Тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзарту туралы бұйрықтың көшiрмесi тiркелген күнi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.

      6. Тексерiлетiн субъектiге тексеру нәтижелерi туралы анықтама тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi, бiрақ ол тексеру жүргiзу туралы нұсқамада көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмеуге тиiс.

      24-бап. Монополияға қарсы органның тексеру жүргiзу
               кезiндегi құқықтары

      1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзген кезде:

      1) тексерiлетiн субъектiнiң аумағына және үй-жайына кедергiсiз кiруге:

      2) тексеру нысанасына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерiне) қол жеткiзуге;

      3) тексерiлетiн субъектiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тексеру нысанасына қатысты қажеттi ақпарат, құжаттар немесе олардың көшiрмелерiн, тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiнiктер сұратуға және алуға құқығы бар.

      2. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы мен лауазымды адамы монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпарат, құжат немесе олардың көшiрмелерiн беруден бас тартқан жағдайда оларға тиiсiнше жазбаша сауал табыс етiледi. Жазбаша сауалды тексерiлетiн субъект басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда сауал тексерiлетiн субъект басшысының атына хабарлама берiлетiн тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi.

      3. Монополияға қарсы органға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажеттi коммерциялық құпия монополияға қарсы органның тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпарат басқа мемлекеттiк органдарға жiберiлетiн жағдайларды қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган тексерiлетiн субъeкт туралы алған кез келген ақпарат таратылмауға тиiс.

      4. Монополияға қарсы орган тексеру жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшыларды тартуға құқылы.

      5. Тексерудi жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюға және өтiнiштер жасауға тыйым салынады.

      25-бап. Тексерулер нәтижелерi

      1. Тексеру жүргiзу кезiнде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық анықталған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы тексеру аяқталғанға дейiн тексерiлетiн субъектiге қатысты осы Заңға және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне сәйкес монополияға қарсы ден қоюдың қажеттi шараларын қолдануға құқылы.

      2. Тексеру нәтижелерi барлық тексерiлетiн мәселелер бойынша талдау, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылған анықтамамен ресiмделедi және анықтама екi дана етiп жасалады, оның бiреуi тексерiлетiн субъектiнiң басшысына тапсырылады.

      3. Тексеру нәтижелерi тиiстi құжаттармен расталатын тексерiлген мәлiметтер және фактiлер негiзiнде анықтамада баяндалады. Құжаттармен расталмаған қорытындыларды, ұсыныстар мен деректердi анықтамаға енгiзуге жол берiлмейдi.

      4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелерi бойынша анықтамаға тиiстi жазба жазылады.

      5. Тексеру нәтижесi бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерiлетiн субъект басшысы оларды жазбаша түрде көрсетедi.
      Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзу нәтижелерi туралы анықтамаға қоса берiлуi мүмкiн, ол туралы тиiстi белгi жасалады.

      6. Тексерiлетiн субъектiнiң басшысы тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда монополияға қарсы органның тексерудi жүргiзуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиiстi жазба енгiзедi.

      7. Анықтаманың екiншi данасын монополияға қарсы органның тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамы тексеру аяқталғаннан кейiн тексерiлетiн субъект басшысына тапсырады.
      Анықтаманы тексерiлетiн субъект басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда анықтама тексерiлетiн субъект басшысының атына хабарлама берiлетiн тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi.

7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ
ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ТЕРГЕУ

      26-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
               заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзудiң
               мiндеттiлiгi мен негiздерi

      1. Монополияға қарсы орган осы Заңның 7, 10 және 11-баптарында көзделген бұзушылықтар бойынша тергеу жүргiзедi.

      2. Монополияға қарсы орган жүргiзген тексерудiң нәтижесi Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылушылықтарына тергеу жүргiзу үшiн негiздеме болып табылады.

      27-бап. Тергеу жүргiзу тәртiбi

      1. Тергеу монополияға қарсы орган тергеу туралы шешiм шығарғаннан кейiн жүргiзiледi.
      Монополияға қарсы органның тергеу туралы шешiмiнде:

      1) тергеудi жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;

      2) тергеу жүргiзу негiздерiнiң көрсетiлуi;

      3) осы Заңды бұзушылыққа тартылған нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың тiзбесi;

      4) тергеу жүргiзу мерзiмi қамтылуға тиiс.

      2. Тергеу туралы шешiмге монополияға қарсы органның басшысы не ол уәкiлеттiк берген өзге тұлға қол қояды, монополияға қарсы органның мөрiмен куәландырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар ескерiле отырып, арнайы журналда тiркеледi.

      3. Монополияға қарсы орган бiрнеше тексеру барысында анықталған фактiлер бойынша бiр тергеу жүргiзу туралы не бiрнеше тергеудi бiреуiне бiрiктiру туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      4. Монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу үшiн негiз пайда болған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей тергеу туралы шешiм қабылдайды.

      5. Монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшыларды тартуға құқылы.

      6. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы үш жұмыс күнi iшiнде тергеу жүргiзiлетiн нарық субъектiсiне, мемлекеттiк органға тергеу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiктi көрсетуге не монополияға қарсы орган осы шешiмдi нарық субъектiсi басшысының, мемлекеттiк органның лауазымды адамының атына хабарлама берiлетiн тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жiберуге мiндеттi.

      7. Тергеу туралы шешiмдi және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде тергеу жүргiзiлетiн нарық субъектiлерi, мемлекеттiк органдар монополияға қарсы органның лауазымды адамын аумаққа немесе үй-жайға кiргiзуге, тергеу жүргiзуге қажеттi ақпарат алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      8. Тергеу жүргiзетiн монополияға қарсы органның лауазымды адамының аталған аумаққа немесе үй-жайға кiруiне кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тергеу жүргiзген монополияға қарсы органның лауазымды адамы және нарық субъектiсiнiң басшысы, мемлекеттiк органның лауазымды адамы қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда нарық субъектiсiнiң басшысы, мемлекеттiк органның лауазымды адамы бас тарту себептерiнiң жазбаша түсiнiктерiн беруге мiндеттi.

      9. Тергеу оның нәтижелерi туралы қорытынды жасаумен аяқталады. Тергеу нәтижелерi туралы қорытындыда осы Заңның тиiстi нормаларына сiлтеме жасала отырып, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың сипаттамасы қамтылуға тиiс. Егер, тергеуде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактiсi расталмаса, тергеу нәтижелерi туралы қорытындыда бұл жөнiнде тиiстi жазба жасалады.

      10. Тиiстi құжаттармен расталатын, тексерiлген деректер мен фактiлер осы Заңның бұзылуы фактiсiнiң дәлелдерi болып табылады.

      11. Қорытынды екi дана етiп жасалады және оның бiреуi оған қатысты тергеу жүргiзiлген нарық субъектiсiнiң басшысына немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамына тапсырылады.

      12. Тергеу тергеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей аяқталуға тиiс.
      Қосымша тергеу қажет болған жағдайда, тергеу жүргiзуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыс нәтижесi баяндалған және тергеу мерзiмiн ұзарту қажеттiгiнiң негiздемесi келтiрiлген қызметтiк жазба табыс етедi.

      13. Монополияға қарсы органның басшысы тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Тергеу мерзiмiн ұзарту күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

      14. Тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмнiң көшiрмесi оған қатысты тергеу жүргiзiлген нарық субъектiсi басшысының немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамының атына хабарлама берiлетiн тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жiберiледi не нарық субъектiсi басшысына немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамына табыс етiледi.

      15. Өзiне қатысты тергеу жүргiзiлген нарық субъектiсiне, мемлекеттiк органға тергеудiң нәтижесi туралы қорытынды тапсырылған күн тергеудiң аяқталған мерзiмi болып есептеледi.

      16. Тергеу жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .

      28-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
               заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша
               монополияға қарсы органның шешiмдерi

      1. Осы Заңның бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган:

      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiздердiң жоқтығы туралы;

      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы;

      3) қылмыстық iс қозғау үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;

      4) осы Заңның бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы шешiмдер қабылдайды.

      2. Монополияға қарсы органның шешiмi өтiнiш берушiге, мемлекеттiк органға, тиiстi нарық субъектiсiне және өзге де мүдделi тұлғаларға жеткiзiледi.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес қаралады.

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН
НЫСАНДАРЫ

      29-бап. Yстем (монополиялық) жағдайға ие нарық
               субъектiлерiн мәжбүрлеп бөлу немесе бөлiп шығару

      Нарық субъектiсiнiң үстем (монополиялық) жағдайы осындай жағдайдың келеңсiз салдарын монополияға қарсы органның тиiмдi шектеуiне мүмкiндiк бермейтiн жағдайда, монополияға қарсы орган оны мәжбүрлеп бөлу немесе, егер бұл бәсекенi дамытуға алып келетiн болса, олардың құрамынан құрылымдық бөлiмшелер базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

      30-бап. Тiркелген бағаны енгiзу

      1. Нарық субъектiлерi монополиялық жоғары (төмен) баға белгiлеу, нарық субъектiлерiмен өзара теңдей келiсiмдерге әр түрлi баға қолдану, Үкімет белгілеген баға қалыптастыру тәртiбiн бұзу, сондай-ақ келiсiлген бағалар белгiлеуге (ұстап тұруға), басқа субъектiлермен бiрдей шарттарға кемсiтетiн бағаларды қолдануға қатысты бәсекеге қарсы келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер) жасау болып көрiнiс тапқан үстем (монополиялық) жағдайын терiс пайдаланған жағдайда, тiркелген баға енгiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған iс-әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған жағдайда тiркелген бағаны енгiзу қолданылады.

      3. Тiркелген баға белгiлеу бiр жылдан аспайтын мерзiмге айқындалған бағаның белгiлi бiр шамасы, кiрiстiлiк деңгейi және (немесе) тауарлар бағасының жоғарғы (төменгi) шегi түрiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      4. Тiркелген баға енгiзу туралы шешiмдi монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган қабылдайды.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. Нарық субъектiлерiнiң ақпарат беру жөнiндегi
              қосымша мiндеттемелерi

      1. Монополияға қарсы орган нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және мониторинг жүргiзу үшiн Тiзiлiм жүргiзедi.

      2. Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есеп;

      2) өзiнiң дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының) он және одан да көп процентiн сату немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы мәлiмет;

      3) өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша өндiру (өткiзу) көлемдерi, өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарлардың босату бағалары және кiрiстiлiк деңгейi туралы ай сайын ақпарат беруге мiндеттi.

      2-1. Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері реттеуші органға ай сайын босату бағалары және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың кірістілік деңгейі туралы ақпарат беруге міндетті.

      3. Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның алдағы көтерілуі және оларды көтерудің себептері туралы реттеуші орган айқындайтын тәртіппен көтеру себептерін растайтын негіздеуші материалдарды міндетті түрде ұсына отырып реттеуші органды күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. V075101
      Реттеуші орган бағаның өсу себептерi туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы, ол Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiсi тиiстi сауалды алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылуға тиiс.

      3-1. Реттеуші орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған жаңа бағалар қолданысқа енгізілгенге дейін, күнтізбелік отыз күннің ішінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыруға нарық субъектілеріне дәлелді қорытындымен тыйым салуға құқылы.
      Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыруға тыйым салу туралы дәлелді қорытынды алған күннен бастап нарық субъектісі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыру жөніндегі іс-қимылды тоқтатуға және тұтынушыға осы іс-қимылдармен келтірілген залалдарды белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.

      3-2. Бағасын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектілері оларды тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) номенклатурасына енгізген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде реттеуші органға осы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылатын бағалары туралы ақпарат береді.
      Бұл ретте реттеуші орган тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылатын бағалары туралы ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға түзілімі тәртібіне сәйкес аталған бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы. Дәлелді қорытындыда реттеуші орган осы тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) асырып жіберуге жол берілмейтін бағаның шекті деңгейін көрсетеді.
      Дәлелді қорытындыны алған күннен бастап нарық субъектісі тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны төмендетуге міндетті.
      Дәлелді қорытынды нарық субъектісіне өз қолын қойғызып немесе жіберілу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

      4. Нарық субъектiлерi, олардың бiрлестiктерi мен басшылары, мемлекеттiк органдар, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы және реттеуші органдардың талап етуi бойынша монополияға қарсы және реттеуші органдар өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажет дәйектi құжаттар, жазбаша және ауызша түсiндiрмелер және өзге де ақпарат, оның iшiнде коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат беруге мiндеттi.

      5. Монополияға қарсы орган өз қызметiн жүзеге асыру барысында алған коммерциялық құпиясы бар мәлiметтер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, жария етiлмеуге тиiс.
      Монополияға қарсы органның қызметкерлерi коммерциялық құпиясы бар мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.
      Ескерту. 31-баптың тақырыбы мен мәтінге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГAHHЫҢ ШЕШIМДЕРIН
(НҰСҚАМАЛАРЫН) ЖӘНЕ РЕТТЕУШІ ОРГАННЫҢ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУ, ТЕКСЕРУ, ҚАЙТА ҚАРАУ, ОЛАРҒА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТIБI

      Ескерту. 9-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      32-бап. Монополияға қарсы органның шешiмдерiн
              (нұсқамаларын) орындау тәртiбi

      1. Монополияға қарсы органның шешiмiн (нұсқамасын) нарық субъектiсi, мемлекеттiк орган монополияға қарсы органның шешiмiнде (нұсқамасында) көрсетiлген мерзiмде орындайды.

      2. Шешiм (нұсқама) орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн, мемлекеттiк органды монополияға қарсы органның шешiмiн (нұсқамасын) орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып, сотқа жүгiнуге құқылы.

      33-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық
               бөлiмшелерiнiң шешiмдерiн (нұсқамаларын) тексеру

      1. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерi қабылдаған шешiмдер (нұсқамалар) мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi бойынша немесе монополияға қарсы органның өз бастамасы бойынша өзi белгiлеген тәртiппен тексерiлуi мүмкiн.

      2. Монополияға қарсы орган аумақтық бөлiмшенiң шешiмiн (нұсқамасын) тексеру кезiнде оны тексеру аяқталғанға дейiн аумақтық бөлiмше шешiмiнiң (нұсқаманың) орындалуын тоқтата тұруы мүмкiн, бұл туралы мүдделi тұлғаларға жазбаша хабарланады.

      3. Аумақтық бөлiмшенiң шешiмiн (нұсқамасын) тексеру нәтижелерi бойынша монополияға қарсы органның:

      1) шешiмдi (нұсқаманы) өзгерiссiз қалдыруға;

      2) шешiмдi (нұсқаманы) өзгертуге;

      3) шешiмнiң (нұсқаманың) күшiн жоюға;

      4) жаңа шешiм (нұсқама) қабылдауға құқығы бар.

      34-бап. Монополияға қарсы органның шешiмдерiн
              (нұсқамаларын) қайта қарау

      1. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша:

      1) елеулi мән-жайлар монополияға қарсы органға белгiлi болмаған және белгiлi болуы мүмкiн болмаған, мұның өзi заңсыз немесе негiзсiз шешiмдер қабылдауға алып келген;

      2) шешiм дәйексiз ақпарат негiзiнде қабылданып, бұл заңсыз немесе негiзсiз шешiм қабылдауға алып келген;

      3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары талаптар мен мiндеттемелердi орындамай, монополияға қарсы органның шешiмi осыларға байланысты болған;

      4) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiм қабылдануға негiз болған мән-жайлар ендiгi жерде болмаған жағдайларда өз шешiмiн (нұсқамасын) қайта қарауы мүмкiн.
      Шешiм қабылдаған монополияға қарсы орган шешiмнiң орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейiн тоқтата тұруы мүмкiн, бұл туралы iске қатысушы тұлғаларға жазбаша хабарланады.

      2. Қайта қарау нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган:

      1) шешiмдi (нұсқаманы) өзгерiссiз қалдыруы;

      2) шешiмдi (нұсқаманы) өзгертуi;

      3) шешiмдi (нұсқаманы) жоюы;

      4) жаңа шешiм (нұсқама) қабылдауы мүмкiн.

      3. Шешiмдi қайта қарау нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға берiлген рұқсаттың күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, экономикалық шоғырлану нәтижесiнде құрылған нарық субъектiсiн мемлекеттiк тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

      35-бап. Монополияға қарсы органның шешiмдерiне
               (нұсқамаларына) және реттеуші органның
               шешімдеріне шағымдану

      1. Монополияға қарсы органның шешiмдерiне (нұсқамаларына) және реттеуші органның шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      2. Аумақтық бөлiмшелердiң шешiмдерiне (нұсқамаларына) монополияға қарсы органға шағым жасау үшiн:

      1) iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;

      2) iс үшiн маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбегендiгi;

      3) шешiмде жазылған қорытындылардың iстiң мән-жайларына сәйкес келмеуi;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау негiз болып табылады.

      3. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшесiнiң шешiмiне (нұсқамасына) нарық субъектiсi өзiнiң құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғаны туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап үш айдың iшiнде монополияға қарсы органға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкін.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36-бап. Тексерудi немесе тергеудi жүзеге асыратын
               монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының
               әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
               тәртiбi

      1. Тексеру жүргiзу кезiнде тексерiлетiн субъектiлердiң не оларға қатысты тергеу жүргiзiлетiн нарық субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерiлетiн субъект он күн iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен монополияға қарсы органның лауазымды адамының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағым жасауға құқылы.

      2. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi құқыққа сыйымсыз әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа әкеп соғады.

10-тарау. ОСЫ ЗАҢДЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

      37-бап. Осы заңды бұзушылықтар

      Мыналар:

      1) бәсекеге қарсы келiсiмдер (келiсiлген iс-әрекеттер);

      2) үстем (монополиялық) жағдайды терiс пайдалану;

      3) мемлекеттiк органдардың бәсекеге қарсы iс-әрекеттерi;

      4) монополияға қарсы органның шешiмiн (нұсқамасын) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау;

      5) рұқсаттың болуы қажет болған жағдайда монополияға қарсы органның осындай тиiстi рұқсатын алмастан экономикалық шоғырлану;

      6) монополияға қарсы органға белгiленген мерзiмде ақпарат бермеу немесе ақпаратты толық көлемде бермеу;

      7) монополияға қарсы органға дәйексiз және (немесе) жалған ақпарат беру;

      8) монополияға қарсы органның лауазымды адамдары өз функцияларын орындауы кезiнде тексерiлетiн нарық субъектiсiнiң, тергеу жүргiзiлетiн мемлекеттiк органның үй-жайына және аумағына кiруiне кедергiлер жасау;

      9) экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы осы Заңды бұзушылықтар болып табылады.

      38-бап. Монополияға қарсы органның шешiмдерiн
              (нұсқамаларын) орындау мiндеттiлiгi

      1. Нарық субъектiлерi, мемлекеттiк органдар осы Заңды бұзған кезде:

      1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтiруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектiсiмен шарт жасасуға немесе оған өзгерiстер енгiзуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес келмейдi деп таныған актiнiң күшiн жоюға, нұсқамада көзделген өзге де iс-әрекеттердi орындауға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтiрiлген шығынды өтеуге;

      3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысын орындауға;

      4) Осы Заңды бұзу нәтижесiнде алынған монополиялық кiрiстi бюджетке аударуға мiндеттi.

      2. Осы Заңның 7-бабында көрсетiлген талаптарды бұзушылық монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен нарық субъектiлерiне оларды таратуға дейiн шара қолдану үшiн негiз болып табылады.

      39-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
               заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      40-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      2. "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 13-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады